Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3659 0 пікір 26 Тамыз, 2011 сағат 06:24

Заур Гасанов. «Төре скифтер»

Геродоттың «Тарихында» өзге жұртқа сіңісуге деген қарсылыққа қатысты екі сюжетті кезіктіруге болады. Біреуі - скифтерге қарсыластарына қарағанда стратегиялық басымдық беретін көшпелі өмір салтын бұзбауға қатысты. «Бізге мәлім жұрттардың ішінде тек қана скифтер адам өміріне деген маңызды бір өнерге ие. Ол ерекшелік - өз елдеріне басып кірген ешбір жаудың құтылуына жол бермейтіндей қабылет. Олардың өздері ғана жол ашпаса, ешкім де оларды басып ала алмайды. Өйткені, скифтерде қала да, қамал да жоқ және олар баспаналарын өздерімен бірге алып жүреді. Олардың бәрі де атты садақшылар әрі жер өңдеумен емес, мал бағумен шұғылданады. Олардың баспанасы - құрамалы үй. Мұндай халыққа жау шабуылы қалай дарысын?.. Скифтердің бұл қасиетіне қоса, әрине, олардың жер жағдайы мен өзендері де қолайлы.» (Г.,IV,46-47).

Олардың екінші ерекшелігі, скифтердің ежелгі ғұрыптарын киедей сақтайтынында және де араларында әлдекім оны бұзып, өгей әдетке бой ұрса, оны қатал жазаға кеседі. (Г.,IV,80). Біз олардың бұл еректігін сипаттайтын Геродоттың бес бөлімін келтіріп жатпай, мүмкіндігінше, мазмұнын қысқаша беруге тырысамыз.

Скифтекті Анақарыс пен Скилді тайпаластары олардың бұралқы ғұрып пен өгей өмір салтына бой алдырғаны үшін өлімге кесті. Геродот Анақарыстың жаһанды кезіп, талай халықтың даналығын тергенін жазады. Анақарыс саяхат барысында өгей құдайға ас беріп, отанына аман-есен оралған соң, ол әлгіге арналған жоралғы жасапты. Скифияға оралған соң ол Гилейдегі Тоғайлы мекен аталатын маңға жасырынады. (Г.,IV,76).Сол маңда жоралғысын жасап жатқан оны көріп қалған өзге скифтер бұл жайында Саулы ханға жеткізеді.

Саулы сол бойда шауып барып, өзге ғұрыпқа берілген өз інісін өз қолымен шауып тастайды. (Г.,IV,76). (Геродот Саулы мен Анақарыстың шежіресін қарастыра отырып, олардың ағайынды екенін біледі.)

Геродот бірнеше жыл өткесін Скил хан да сол тағдырды құшқанын хабарлайды. Скил Ариапит ханнан туғанмен, анасы грек екен. Шешесі оған грек тілі мен жазуын үйретіп қоймай, гректің барлық діліне икемдеп, бойына сіңіріпті. Хан болғасын Скил Борисфенитке жиі жортуды шығарады. Қалаға кіре салысымен ол грекше киінеді екен. Ақыры ол Борисфенитте өзіне үй салып, бір әйелге үйленеді. Ол бұл қалада айлап жатып қайтады екен. Қайтарында скифше киініп, даладағы мекеніне оралатын болған. Әдетте скифтер гректердің әйел-еркек жаппай құмарлыққа берілетін салтын жек көрді және оны Жаратқанға деген күнәһарлық санаған. Сондай бір күндері өздерінің күстаналап, күлетін гректердің жоралғысына Скил ханның қатысып жатқанын біледі. Хабаршы скифтерді жасырын кіргізіп, ханның грекше киініп, гректің саз аспабын тартып отырғанын көрсетеді. Скифтер тез арада қаладан шығып, бүкіл әскерге хабарлайды. Халық сол арада көтеріліп, Скилдің немере інісі Оқтамасты (Тоқтамыс?) хан сайлайды. Оқтамас ағасының басын шабады. Осыны қорыта келіп, Геродот былай жазады: «Скифтер өздерінің салтын өте мұқият сақтап, оны тәрк еткендерді аяусыз жазалайды» (Г.,IV,80).

Бір қарағанда, Геродоттың бұл жазбалары скифтердің біртұтас жан-дүниесін (психологиясын) қалпына келтіруге мүмкіндік бермес. Бірақ скифтердің психологиясы мен басқа да көшпелі тайпалардың жан-дүниесін үңіле талдап, сәйкестендіре отырып, мынадай қорытындыға келуге болады.

  • Скифтердің психологиясы туралы Геродоттың екі хабарламасы да шашыраңқы емес, тұтасқан жүйені көрсетеді.
  • Бұл екі психологиялық құрылғы да өзара тығыз байланыста әрі скифтер үшін ассимиляцияға, яғни өзге жұртқа сіңісуге қарсы бөгет болып табылады.

Орысшадан аударған - Елсерік

«Абай-ақпарат»

0 пікір