Сенбі, 20 Сәуір 2024
Өнер 5411 15 пікір 5 Желтоқсан, 2019 сағат 11:43

Әл-Фарабиден Димашқа аманат....

                                                                       

Текті атаның баласы,

                                                               Елінің қамын жейді.

                                                                      Тексізден туған таласып,

                                                                   Елінің малын жейді..

                                                                                                         Халық мақалы

Біздің заманымыздан бұрын сақ, ғұн, кейін түрік, қыпшақ бабаларымыз әлемге адами өркениетті ұсынып, адамзатты адами рухани деңгейге жетелеп, әлем халқына шалбар кигізіп, көлікке мінгізіп, рухани қасиеттерді сіңірген еді...

Бүгін әлем бүлінді. Қазіргі таңда әлемге өркениет пен мәдениет беріп отырған Америка мен Еуропа ән, жыр мәдениет, адамның рухани қасиеттерін емес, еркек пен еркек үйленетіндерді "Жоғары мәдениеттілік, ақ сүйектік" деп бағалап отыр. Еркегі көйлек киіп, сырға тағып, шашын бояған азғындық жайлап, халқы қайтадан жалаңаштанып, бүкіл адами құндылықтарын жоғалтып, жабайылық дәуірге қайта түсіп бара жатқанда, ғасырлар қойнауына кеткен ата-баба рухтары демеп, Құдай Димашты оларды азғындықтан құтқаруға жіберді...

Музыка тарихын зерттеп көрсең; ... Алғашқы ноталар болып Грекия, Мысыр, т.б. елдерде музыка жазуының әріптік, буындық, сандық, график., т.б. түрлері пайдаланылды. Бірақ олардың ешқайсысы да музыкалық дыбыс биіктігі мен созылымын нақты көрсете алмады. Ғасырлар бойы ізденістер нәтижесінде, 17 ғасырда Еуропада қазіргі нота жазу жүйесінің негізі қалыптасты. 1700 жылдар шамасында Павел Диакон аты аңызға айналған көркем өнердің жебеуші құдайы - əулие Иоаннаға арнап ортағасырлық католиктік гимн жазған. Сол гимннің алғашқы буындарын негізге алып, XІХ ғасырда итальяндық музыкант, теоретик, əрі ұстаз Гвидо дАреццо музыкалық нота жазуын дамытты, дейді еуропалық түсінік бойынша.  Содан бері музыкалық  жеті дыбыс фортепианода дыбыс аттарының жүйесі күні бүгінге дейін өзгеріссіз келеді. Бірақ, музыканың атасы Әл-Фараби екенін ауыздарына да алмайды....  Еуропада пайда болған нота шіркеу әндеріне арналған әрі фортепионинаға негізделген. Еуропалық саз аспаптары мен шіркеу гимні қазаққа қалай үлгі болады? Фортепиано, пианино нағыз қазақ әндерін орындауға сәйкес келмейді. Пианиномен орындап шығарып жүрген әндер  - қазақ ән әлемінің арнасынан шығып, дүбәра музыка қалыптастырды. Қазақ әндерін еуропалық тар қалыпқа салып буып, қысып тұншықтырып келдік. Қазақтар Ресей отарына айналғанша, кең далада шалқып жүріп, алты қырдың астынан салған әні сары далада қалқып тұратын еді. Ресей отарлауымен қазақ халқының мәдениеті, сал-дәстүрі, тарихы, тілі мен әні де бұғауланғанды. Қазақ руханиятынан жалғыз ән ғана бұғаудан босап, Алланың қазақтың маңдайына берген арда ұлы Димаш құтқарып әлемге паш етті.. 

..."19 ғасырдың аяқ шенінен бастап қазақ музыкасы шет ел және орыс саяхатшыларының назарына ілікті. П.Георги, В.Андреев, В.Добровольский, С.Рыбаков, А.Левшин, А.Алекторов, М.Готовский, Р.Пфенниг, А.Эйхгорн, Н.Савичев, А. Бимбоэс секілді шығыстанушылар қазақ музыкасы, оның көрнекті өкілдері туралы тың әрі қызықты мәліметтер жеткізді. А.В. Затаевич қазақтың музыкалық фольклорын жинап, оларды нотаға түсіріп, жүйелеуде үлкен қызмет атқарды, деп осы күнге дейін бөсіп келеміз. Ақан Сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Мәди, Мұхит, Майлықожа, Естайдың әндері мүмкін осылардың арқасында сақталды дер. Сақталса сақталған шығар, бірақ кең тынысты, таза тұнық күйінде емес. Сарыарқаның самалындай, сырдың сұлу сыңғырындай, жетісудің қоңыр үніндей қазақ әндерін пианиноға әкеліп тықпалап нағыз қазақы әндерінің құлағын кесіп құнтитып, мұрнын кесіп шұнтитып, бұтын - бұт қылып басқа бір әуен, ән жолына түсіріп, қолын кісендеп, аяғын шідерлеп табиғи әуенінен айырды. Батыстық шіркеу әнінің нотасы мыңдаған жылдар қалыптасқан қазақ әнінің кереметі, болмысы жойылып орнына қарабайыр барылдаған, дарылдаған басқа бір әуен қалыптасты. Қазаққа еуропа нотасымен үйретіп жаңа ұрпақ жолдан адасты.

Димаш тыңдармандары 11 миллиардтан асып, астрономдар бір жұлдызға оның атын берді. Димаштың әні, дауысы, ән салу мәнері ешқандай әлемдік нотаға, музыкалық ережелерге, стандарттарға сәйкес келмейді де бағынбайды. Әлемдік ән өнерінің қалыптасып қалған догмалық ережелерін бұзды. Айтқан әнінің ішінде поп, рок, реп, опера, ария, мюзикл элементтері болғандықтан кез-келген әнді орындаса әлемдік ықыласқа (хитқа) бөленіп, ол әнді ешкім қайталап орындай алмай отыр.  Димаштың ән салу мәнері әлем халықтарының таным-түсінігінде жоғары бағаға ие. Оның әндерін жіліктеп, мүшелеп беретін әлемде музыка зерттеуші, композитор, өнертанушы, сараптаушы музыка мамандары табылмай отыр. Бүкіл әлем елдерінің озық ойлы өнер сүйер ұрпақтары осы Димаш арқылы қазақты танып, тілін үйреніп, әнін жаттап, алты құрлық жастары оның әндеріне тербеліп, балқып, ләззат алып, рақат тауып, жүректеріне қуаныш сыйлап, 62 тамырын иітіп, құлай сүюде.

Тұңғыш ғаламдық деңгейде музыка теориясын жаздырып Алла тағала бізге Әл-Фарабиді («Музыканың ұлы кітабы») бермесе әлемнің ең үздік бірінші «дауысы» қазақтың қара баласынан шықпаған болар еді. Әлемдік дәрежеде Димаш қазақ мәдениетіне, салт-дәстүріне сүйеніп, негізге алып, әлемге рухани адами, өркениет мәдениетін үгіттеп, насихаттап, ұсына алды. Халық осы мәдениетті қабылдауға даяр тұр. Ол үшін біздің мемлекет Димашқа: Сыбызғы, қурай-ысқырғыш, үшпелек, саз сырнай, үскірік, тастауық, ысқыруық, ұран, қамыс сырнай, қос сырнай, қауырсын сырнай, мүйіз сырнай,  бұғышақ, керней, шертер, домбыра, адырна, шіңкілдек, ортеке, үш ішекті домбыра, даңғыра, кепшік, дабыл, дулыға, дауылпаз, шыңдауыл, тұяқтас, тоқылдақ, шың, шаңқобыз, аса таяқ, сылдырмақты қамшы, қоңырау, сақпан, зырылдауық, сазген, жетіген саз апаптармен жабдықталған ансамбл құрып беруі керек. Бір қобызбен ақ әлемнің барлық әнін, табиғаттың барлық тылсым жағдайларын, тіршілік жануарларының дауысын салуға болады. Осындай аспабымыз бола тұра батыстың, өзгенің пианиносына, скрипкасына, саксафонына, телміріп тұрамыз. Қазіргі таңда әлем халқы адами, рухани тәрбиеге шөлдеп отыр. Олардың шөлі қану үшін әбден жауыр болған күйдім-сүйдім ән керек емес.. Мысалы; «Ата – анаңды сыйла» сияқты әнді мың құбылтып Димаш айтса, бірінші ислам әлемі бақыттан бастары айналып кетер еді. Оның айтқан әндері қазіргі таңда әлем халықтарының басын қосып бір арнаға, бір жүйеге тоғыстырып жатқанда Димаштың жаңа әлемдік нотаны қайта жазатын кезі келді. Димаштың дауысында ән әуенінде әлем халықтарының үні, ән ырғағы бар. Әлем халықтары үшін ән өнерінде Димаш арқылы жаңа ғасыры басталды. Қазақтың жауһар "Дадидау", "Самалтау "  әндері әлемді тербетуде... Әл-Фараби ғұлама математикалық тəсілдерді пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Ол тек музыка теориясын ғана емес музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол аспаптарда керемет ойнай да білген. Қазақ домбырасын дүниеге келтірген ұлы бабамыз Əбу Насыр Әл-Фараби. Оған бірнеше ғылыми дəлелдер, Фараби жасаған музыкалық аспаптар түрі куə. Оның шебер орындаушылығы жөнінде шығыс халықтары арасында күні бүгінге дейін айтылып жүрген көптеген аңыздар да бар.  

Димаш қазақ әнін бұғаудан босатты енді. Енді Әл-Фарабидің бастап жазып кеткен нотасын аяқтап, әлем халқына әлемдік нота жазып бір сый жасағаны абзал...

Тоғайбай  Нұрмұратұлы

Abai.kz

15 пікір