Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3000 0 пікір 26 Тамыз, 2011 сағат 05:22

Жұма күні Қазақстанның барлық жерінде дерлік ауа райы тұрақсыз; солтүстігі мен шығысында үсік жүреді – Қазгидромет

Астана. 26 тамыз. ҚазТАГ - Жұма күні Қазақстан территориясына бұрынғысынша, атмосфералық тұтас ағым өтуінен кей жерлерінде өтпелі жауын жауып, күн күркіреп, жел күшейеді, кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, ауа райы тұрақсыз, деп «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Метеоболжам бойынша, солтүстік аумағында жауын жауып, кей жерлерінде екпіндетіп жел соғып, шығысы мен оңтүстік-шығысында өтпелі жауын жауып, күн күркіреп, жел күейіп, жекелеген аймақтарда бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып,

Ақтөбе облысында түнде кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерінде 17-22 м/с болып, күндіз екпіні 28 м/с-қа дейін күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде.

Метеоқызмет 27 тамызда түнде Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерінде 0-3 градус үсік жүреді деп болжап отыр.

Астанада жұма күні күн ашық, солтүстік-батыстан соққан жел 9-14 м/с болады, екпіні 18 м/с. Ауа температурасы +13+15 градус болады.

Алматыда да ала бұлтты, күн күркіреп, өтпелі жауын жауады, 2-7 м/с самал соғады, екпіні 12 м/с болып, күндіз ауа температурасы +26+28 градус болады.

Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстігі мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейі тербеліп тұрады. Алматы облысының жекелеген өзендерінде жауынға байланысты су тасуы ықтимал. Қазақстанның жазықтағы өзендерінде (Жайық, Есіл, Тобыл, Нұра, Сарысу т.б.) жазғы орташа деңгей сақталады

0 пікір