Сенбі, 20 Сәуір 2024
3128 3 пікір 4 Желтоқсан, 2019 сағат 13:39

Профессор Ғалымжан Мамытбеков ақталып шықты

“Қазатомөнеркәсіптің” ақшасын жымқырды” деп айыпталып, үш жыл қамауда отырған химик-профессор Ғалымжан Мамытбеков ақталып шықты,-деп хабарлайды ktk телеарнасы.

Осы уақытқа дейін Жоғарғы Сотқа Мамытбековтың ісін қайта қарау туралы төрт рет шағым түскен. Алайда, ол шағымның ещқайсысы қанағаттандырылмаған. Ал, кеше сот алқасы Мамытбековқа тағылған айып негізсіз, куәгерлердің жаласы қисынсыз екенін айтқан. Енді ғалым заңсыз үкімнің кесірінен отырып шыққан үш жылына өтемақы талап етемін деп отыр.

Ғалымжан Мамытбеков, ғалым:

– Прокурордың шағымы келгенде, “неге кетіп қалмадым” деген менде өкініш болды. Шетелге жақсы өмір сүру үшін емес, зерттеуші-ғалым ретінде өзімді дамытуға барғым келген. Енді мен елімізде толыққанды ғылыми жұмыстарға араласатыныма сенімді емеспін.

Abai.kz

 

3 пікір