Бейсенбі, 2 Сәуір 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 402. Жазылғандар — 27. Қайтыс болғандар — 3
Жаңалықтар 1954 0 пікір 25 Тамыз, 2011 сағат 08:37

Мұхан Исахан, Ақмарал Сатыбалды. «Қадыр» түні - қасиетті кешті қалай ұлықтаған жөн

Жылына бір рет Рамазан айында келетін қасиетті Қадір түнінің рухани салмағы орасан зор екені көпшілікке аян. Әйтседе, қалың бұқара қасиетті кешті ерекше ілтипат көрсетіп, ұлықтағанымен, Қадір түнінің тарихы мен мән-мағынасына терең үңіле бермейді. Құдай-Тағаланың кәләмі Құран-Кәрімде қасиетті кеш хақында «Қадір» сүресінің бар екені белгілі. Ендеше, таным-түйсігімізді арттыру мақсатында осы сүренің түсіндірмесін назарларыңызға ұсынбақпыз.

Қадір сөзі не мағына береді?

Құран-Кәрімге алғаш түсіндірме жасаған мәшһүр ғалым Ибн Кәсир «Қадыр» сөзінің төмендегідей үш мағынасы бар екенін айтып өтеді.

Бірінші, «Қадір» сөзі «үкім түні» мағынасын береді. Осыған байланысты Қадір түні дегенде Алланың тағдырды үкім ететін түні деген ой түюге болады. Бұл жердегі тағдыр ұғымы, әуелгі тағдырдың паш етілуі болатын. Өйткені Құран-Кәрімде: «Ол кеште барлық хикметті істер айырылады» (Дұхан, 4) деп бұйырылған.

Екінші, «ұлы және орасан зор» мағынасын береді. Яғни, Қадір түні ұлы және орасан зор болған аса құнды түн деген сөз. Ұлы және орасан зор болатын себебі, бұл түннің салмағы мың айдан да қайырлы. Бұл хақында Құран-Кәрімде: «Қадыр түні мың айдан да қайырлы» (Қадыр, 3) деп баяндалады.

Жылына бір рет Рамазан айында келетін қасиетті Қадір түнінің рухани салмағы орасан зор екені көпшілікке аян. Әйтседе, қалың бұқара қасиетті кешті ерекше ілтипат көрсетіп, ұлықтағанымен, Қадір түнінің тарихы мен мән-мағынасына терең үңіле бермейді. Құдай-Тағаланың кәләмі Құран-Кәрімде қасиетті кеш хақында «Қадір» сүресінің бар екені белгілі. Ендеше, таным-түйсігімізді арттыру мақсатында осы сүренің түсіндірмесін назарларыңызға ұсынбақпыз.

Қадір сөзі не мағына береді?

Құран-Кәрімге алғаш түсіндірме жасаған мәшһүр ғалым Ибн Кәсир «Қадыр» сөзінің төмендегідей үш мағынасы бар екенін айтып өтеді.

Бірінші, «Қадір» сөзі «үкім түні» мағынасын береді. Осыған байланысты Қадір түні дегенде Алланың тағдырды үкім ететін түні деген ой түюге болады. Бұл жердегі тағдыр ұғымы, әуелгі тағдырдың паш етілуі болатын. Өйткені Құран-Кәрімде: «Ол кеште барлық хикметті істер айырылады» (Дұхан, 4) деп бұйырылған.

Екінші, «ұлы және орасан зор» мағынасын береді. Яғни, Қадір түні ұлы және орасан зор болған аса құнды түн деген сөз. Ұлы және орасан зор болатын себебі, бұл түннің салмағы мың айдан да қайырлы. Бұл хақында Құран-Кәрімде: «Қадыр түні мың айдан да қайырлы» (Қадыр, 3) деп баяндалады.

Үшінші, «сығыстыру» мағынасын береді. Осыған орай зерттеушілер тарапынан Қадір сөзі нығыздау мағынасын береді деген жорамал айтылады. Өйткені, бұл түні бүкіл періштелер жер бетіне  түскеннен кейін оларға жер-жүзі тар келіп, сығылысады. Бұл хақында Құран-Кәрімде: «Періштелер және Жебірейіл с.ғ.а ол кеште Раббыларыңның рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі» (Қадыр, 4) деп бұйырылады. Ислам ғұламаларының айтуына қарағанда, «сығылысудағы» мақсат «үлкен қайырлы істердің жүзеге асуы, сондай-ақ Пайғамбарымыз с.ғ.а-ға. Хира үңгірінде Жебірейіл (с.а.у)-ға алғашқы уахи түсіргенде, ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у)-ның жаны сығылғандығы белгілі.

Құран-Кәрімнің алғашқы аяты қасиетті кеште түскен

Қадыр  түні несіменен ардақты деген мәселеде ислам ғұламалары осы түні алғаш рет Құран-Кәрім аяттарының Пайғамбарымыз (с.а.у)-ға паш етілгендігімен байланыстырады. Базбір тәпсіршілердің топшылауынша, Құран-Кәрімдегі: «Негізінде Құранды Қадыр түнінде түсірдік» деген аят, осы түн хақында айтылған. Келесі бір тәпсіршілер бұл құтты күнді Шабан айының он бесінші түніндегі Барағат кеші деп біледі. Себебі, көптеген тәпсіршілер Құран-Кәрімнің келесі бір сүресіндегі «Шын мәнінде оны құтты бір кеште түсірдік...» (Дұхан, 3) деген аятты Барағат түні деп түсіндіреді. Ал, атақты Ибн Кәсир өз шығармасында Ибн Аббастың мынандай  риуаятын алға тартады: Алла-Тағала алғашқыда Құранды мұртын бұзбастан тұтас Лаухи-Маһбухздан (тағдыр тақтасы) көк жүзіне түсірді. Соңынан біртіндеп, көк жүзінен оқиғалардың барысына қарай жиырма үш жылда Пайғамбарымыз (с.а.у)-ға нәзіл етті». Осы риуаятқа сәйкес, тәпсіршілер Құранның Лаухи-Маһбуздан көк жүзіне тұтас түскен күні Шабан айының он бесінші жұлдызындағы Барағат кеші деп, ал, Құранның көк жүзінен Пайғамбарымыз (с.а.у)-ға алғаш паш етілуі Рамазан айындағы Қадыр түні болған деп жорамалдайды.

Қадыр түнінің ерекше қасиеттілігі - бұл құтты кештің мың айдан да қайырлы болуы. Бұл турасында Құран-Кәрімде: «Қадыр түні мың айдан да қайырлы» (Қадыр, 3) деп баяндалады. Құран-Кәрімнің бұл аятының Хақ Елшісі (с.а.у)-ға қалай паш етілгендігі хақында Ибн Әбу Хатм, Жүніс Али Ибн Үрбенің мынандай риуаятын алға тартады: «Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.у) Исрайл ұрпақтарының ішінде Аюб, Зікірия, Хазикал, Нұн атты төрт адамның  Алла-Тағалаға сексен жыл тоқтаусыз һәм мүлтіксіз құлшылық жасағандығын айтады. Сексен жыл бойы ешбір кінәратсыз құлшылық еткендерін естіген сахабалар таңдай қағысады. Осы сәтте, Жебірейіл періште Пайғамбарымыз (с.а.у)-ға: «Қадыр түнінің не екенін білесің бе. Қадыр түні мың айдан да қайырлы» (Қадыр, 2-3) деген аятты нәзіл етіп, Жебірейіл (с.а.у); «бұл сенің үмбетің таңдай қағысқаннан да жоғары» дейді. Пайғамбарымыз (с.а.у) аталмыш аятты сахабаларға паш еткенде, олардың қуанышында шек болмаған еді».

Әлбетте, бұл иллаһи жарылқау Тәңірі-Тағаланың мұсылман жұрағатына деген ерекше қамқорлығы мен рақымдылығы болатын. Мың айды жылдарға шағатын болсақ, сексен үш жылдан астам уақыт болады. Адам өмірі де орташа есеппен жетпіс-сексен жыл шамасында. Бір түннің мың айдан да қайырлы болуы, яғни, Қадыр түнінде Хақты ұлықтаған адам, бүкіл ғұмыр бойы құлшылық еткен болады. Бұл дегеніміз, қасиетті Қадыр түнінің шапағатына бөленген адамның жаны иншалла қиямет күні жасыл бақ жаннатта шалқиды деген сөз.

Жұмаққа жолдама әперер иллаһи мүмкіндік

Имам Ахмет Ханбалидің риуаят етуі бойынша, бірде Рамазан айында Пайғамбарымыз (с.а.у) : «Рамазан айы келді. Бұл қасиетті бір ай. Бұл айда ауыз бекітуді Алла сіздерге парыз қылды. Бұл айда жұмақ есіктері ашылып, тамұқ есіктері жабылады. Шайтандар шідерленеді. Бұл айдың сондай бір түні бар мың айдан да қайырлы. Бұл түннің шарапатынан мақұрым қалған - шынында мақұрым қалған саналады» деп бұйырған. Бұл хадис-шарифті атақты Несейй де өз шығармасында айтып өтеді. Сондай-ақ, Бұхари мен Мүслімнің шығармаларында Пайғамбарымыз (с.а.у) мынандай хадис-шарифі баян етіледі: «Кім Қадыр түнін иман және ықыласпен құлшылық жасап өткізсе, бүкіл күнәлары кешіріледі». Бұл қасиетті түнді құлшылықпен өткізген мұсылманға, періштелердің салауат айтып, оған бейбіт өмірді тілейтіндігі хақында, Сайд ибн Мансур және өзгеде ғұламалар мынандай риуаятты жеткізеді: «Бұл түн  - бейбітшілік түні. Бұл түні шайтанның жамандық жасауға қауқары жетпейді. Бұл түні барлық істер белгіленеді (тағдыр жазылады)  және рызықтар айырылады».

Шынында да мың айдан да қайырлы болған Қадыр түнінің мүмкіндігінен мақұрым қалу, мына беу дүниеде ертеңгі күнгі ақырет үшін ешбір рухани азық жинамай, ондағы есеп күні иллаһи шуақтан құр алақан қалу деген сөз. Байыбына бара білгенге, Хақ-Тағаланың бір түндік құлшылықты мың айдан астам уақыттық құлшылыққа теңестіруі, Оның адам баласына деген ерекше мейірімділігі болатын. Тамұқтың есіктерін тас бекітіп, жұмақтың қақпасын айқара ашып, бізді жай күндері арбайтын шайтанды шідерлеп, бір түндік ғибадатты  мың айлық құлшылыққа балап, мәңгілік жасыл бақ жаннатта жаның жай тапсын деп, қол бұлғап шақырып тұрған Тәңірі-Тағаланы  қалайша ерекше мейірімді демейсің. Бұл шуағы мол мейірімнен құр алақан қалған, шынында да мәңгілік бақыттан құр алақан қалды деген сөз.

Қадір кешін қай күннен іздейміз?

Ал, Қадыр түні Рамазан айының қай түні дегенге келетін болсақ, Құран-Кәрімде бұл турасында нақты дерек болмағанмен, Пайғамбарымыз (с.а.у) мынандай хадис-шарифтері бар:

«Іштеріңіздегі базбір адамдардың түсіне қарағанда Қадір түні алғашқы жеті күнде көрінеді. Ал тағы бір адамдарға соңғы жеті күнде көрінген. Сіздер Қадір түнін соңғы он күннен іздеңіз» деп бұйырды.

Тағы бір хадис шарифінде: «Сіздер оны соңғы он күннің тақ күнгі кештерінен іздеңіз» деген болатын.

Қадір түні туралы ең кең көлемде айтылған хадис шарифтердің бірі Әбу Сайд ал-Худридің риуаяты болып табылады. Ол былай дейді: «Мұхаммед (с.а.у) Рамазанның алғашқы он күнінде иттифак (күні-түні Алла-Тағалаға құлшылық жасау) жасады. Одан кейінгі ортадағы он күнінде жабағы жүннен жасалған Түрік шатырында иттифак жасады. Шатырының есігінің орнында саздан жасалған перде болатын. Пайғамбарымыз (с.а.у) бұл пердені алып, шатырдың бір бұрышына қойды. Содан кейін шатыр терезесінен басын шығарды. Дүйім жұрт оған жақын келді. Ол былай деді: «Мен Қадір түнін іздеп алғашқы он күнде иттифак жасадым. Содан кейін ортадағы он күннен іздеп тағыда иттифак жасадым. Кейін маған періште келіп: «Қадір түні соңғы он күнде» деді. Және: Менімен бірге иттифак жасағандар қаласа соңғы он күнде де иттифак жасасын». Ол адамдар Пайғамбарымыз с.ғ.а бірге иттифак жасады. Пайғамбарымыз (с.а.у) оларға: «Маған Қадір түні тақ түні көрінді» деді.

Атақты ибн Кәсир өз тәпсірінде «Пайғамбарымыз (с.а.у) дүйім жұрттың алдында Қадыр түні қай күні келетінін айтар шақта, екі мұсылман бір-бірімен жанжалдасып, бұған қабақ шытқан Алла Елшісі (с.а.у) : «Мен сіздерге Қадыр түнінің қай күні келетіні хақында айтуға келген болатынмын. Пәленше деген екі адам бір‑бірімен жаға ұстасты. Мен де Қадыр түнінің қай күні келетінін айтқым келмеді. Бәлкім, бұл сіз үшін қайырлы. Бірақ, сіздер Қадыр түнін тоғызыншы, жетінші, бесінші  түндерінен іздеңіздер» деген риуаятты алға тартады. Имам Шафи бұндағы Пайғамбарымыз (с.а.у)-ның Қадыр  түнінің қай түні келетіндігін айтпақшы болғандығы, сол жылғы Қадыр түнінің қай түні келетіндігін жеткізбекші болған деген пікір айтады.

Қасиетті кештегі айтылар дұға-тілек

Хз. Айша анамыздың жеткізуіне қарағанда Пайғамбарымыз (с.а.у) әрбір жылы Рамазан айының соңғы он күнінде ерекше иттифак ететін болған. Базбір ғалымдар бұл иттифактағы мағына, соңғы он күнде әйелдермен жақындаспау мағынасын береді деген көзқарасты айтады. Ислам ғұламаларының көзқарасынша Қадыр түнінің ең нақты айтылған мерзімі Убей б. Кааб р.а жеткізген риуаяты. «Ол өзінің бауырының Қадір түні Пайғамбарымыз (с.а.у) айтуымен  Рамазан айының жиырма жетінші түні болып белгіленгенін айтады». Ислам ғұламалары осы деректерге сәйкес, қасиетті Қадыр түні Рамазан айының соңғы он күнінде, оның ішінде тақ күндері, тақ күндердің де жиырма жетінші түні болуы ықтималдығын алға тартады. Осы пәтуаның негізінде бүгінгі күні сан мыңдағын мұсылман жұрағаты қасиетті Қадыр түні ретінде Рамазан айының жиырма жетінші түні деп біледі. Осы түні мұсылмандар жаппай Құдай-Тағалаға құлшылық етіп, жасаған күнәлары үшін кешірім сұрап, ақыретінен зор үміт етеді.

Имам Ахмет Ханбалидің жеткізген риуаяты бойынша «Хз.  Айша анамыз Пайғамбарымыз (с.а.у)-нан : «Қадыр түнінің қасиеттілігіне сай, қалайша дұға етсем болады» деп сұрайды. Сонда, Пайғамбарымыз (с.а.у) : «Аллаһым сен кешірімдісің, кешіруді сүйесің, мені кешір» деп дұға етуді ұсынған». Иә, әсілі, адамзат баласы нәпсімен бірге жаратылғаннан кейін, кей шақты мына сынақ  әлемінде аяғын шалыс басып, күнаға бататыны анық. Әрине, мұндай сындарлы шақта ішкі тасырын иманына жеңдіріп, күнәдан бойын аулақ ұстаған болса, құба-құп. Алайда, адам баласы дәйім, бір сызықтың бойымен жүріп тұра алмайды. Кейде, адамның аңғармай, алып-ұшып жүріп от басатыны белгілі. Бәлкім, арамызда күнәдан пәк адамдар болуы да әбден мүмкін. Дегенмен, «мен күнәдан пәкпін» деп көкірек қағуымызға жол жоқ. Пәк болсақ та, басын иген мәуелі ағаштай кішірейгеніміз абзал.

Бұл кеште қандай амал істегеніміз абзал

Ислам ғұламалары қасиетті Қадыр түнін төмендегіше атқаруды үндейді:

Бірініші, бұл түнде Алланың рызашылығы үшін ғибадат жасап, намаз оқып, құлдық сезімдерімізді арттыруымыз керек.

Екіншіден, Құран Кәрім оқылып, тыңдалып, түсінунге ынта қойып, Құран Кәрімге сүйіспеншілік пен байланыстар орнатылуы тиіс.

Үшіншіден, Пайғамбарымыз (с.а.у) салауат айтып, оның шапағат етуінен үміттеніп, оның үммбетінен болғанымызды саналы түрде сезініп, оның жолын берік ұстануымыз шарт.

Төртіншіден, Уағыз-насихат тыңдап, сұхбаттар құрып, күнделікті күйбең  тіршілік барысында жүрекке түскен кірбіңді жуып шайып, көңілге ұялаған көмескіліктен арылуыға тиістіміз.

Бесіншіден, Қадір кешінің маңызына байланысты және Қадір түніне қатысты жеткілікті мағұлмат беретін дін адамдарымен сұхбат құру  керек. Әсіресе, адам өз өзімен сұхбаттасып, қателіктерін танып, кемшіліктерін жоюға күш салуға, адамдармен достық қарым қатынасын күшейтуге, бірлік пен біртұтастықты арттыруға мән беруі тиіс.

Алтыншыдан, Тәубе мен истиғфар жасап, өз нәпсісін есептен өткізіп, қателік жасаудан сақсынып, қайырлы істерді жасауға құмбыл болуы шарт.

Жетіншіден, Алланы зікір етіп, тефеккур (терең жақсы ойлану) етіп, Алланы еске алғаннан жүрек тынышталады.

Ұлы Жаратушының ұшы қиыры жоқ құдіретімен жоқтан бар болған жаратылыстың сырларын нәзік тефеккур (жақсы терең ойланрып) етіп, иманымызды күшейтуіміз қажет.

Сегізіншіден, Жиі-жиі дұға жасауымыз керек. Өйткені, дұға адамды Ұлы Жартушыға жақындататын дәнекер десек болады. Пайғамбарымыз (с.а.у) бұл түні көбінесе мына дұғаны жасаған: «Аллаһүмме иннеке афүввин түһиббүл афве фа фү анни». Яғни, «Аллаһым сен кешірімдісің, кешіруді сүйесің, мені кешіре гөр».

Тоғызыншыдан, Қадір түнінің күндізін де бейне кеш секілді өткізу ләзім. Осылай болған болса, мүбәрак түннің рухтарға төккен шұғыласы сіңімді болып, жүректің қақ төрінен орын алары сөзсіз.

Оныншыдан, Бұл Қадір түнінің құрметіне Раббымыздан бүкіл исі бүтін мұсылмандардың күнәларының кешірілуін тілеуіміз керек. Қадыр түнінің жақсылыққа мұрындық болуын, достық пен бауырмашылдықты арттырып, ислам әлемінің біртұтастығын және күллі адамзатты апаттардан сақта деп тілеуіміз шарт.

Түйін

Иә, шынында да Қадыр түні атына заты сай, адамзат баласының келешегі үшін аса қадырлы һәм маңызды. Хақ-Тағала адам баласына шайтанның арбауына тез көндігетін нәпсіні беріп сынап, өзінің аса мейірімділігімен бұл тығырықтан сытылып шығатын даңғыл жолды да меңзеген.  Ол даңғыл жол - қасиетті Қадыр түні тәубеге келіп, ынты-шынтымен кешірім сұрап, жан-тәнімен Хаққа жалбарынып, болашағына зор үміт артып, Тәңірінің дәргаһы жасыл бақ жаннатқа жол тарту жолы. Лайым, осы жол - барша адамзатқа нәсіп болғай!

«Абай-ақпарат»

0 пікір