Жұма, 19 Сәуір 2024
2600 2 пікір 4 Желтоқсан, 2019 сағат 10:35

Алматыда әйел өзін судьямын деп жариялап, жалған шешімдер шығарып келген

Алматы прокуратурасының мәліметінше, қалада біраз уақыт жалған сот жұмыс істеген. Оны ұйымдастырған әйел "Әділет" халықаралық арбитраж сотын" құрған.

Әйел өзін судьямын деп жариялап, Қазақстан Республикасының әкімшілік, қылмыстық және азаматтық істер бойынша шешім шығарып, оны сот бланкісімен рәсімдеп отырған.

"Заңсыз сот актілері арқылы ол азаматтарды жүргізу куәліктерінен айырған, олардан ақша алған, сонымен бірге түрмеде отырған адамдарды босатуға тырысқан", - делінген прокуратура мәлімдемесінде.

"Судьяның" жалған әрекетін қалай анықтғанын тергеушілер ашық айтпайды. Бірақ ол құрған бірлестік жабылғанын, оған қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Abai.kz

2 пікір