Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2868 0 пікір 25 Тамыз, 2011 сағат 07:05

Ақтөбе облысының борышқорлары Қазақстаннан тыс жаққа шыға алмайды

Ақтөбе. 25 тамыз. ҚазТАГ - Ақтөбе облысының сот атқарушылары алимент, салық төлемей, банкке қарыз борышкерлеріне қатысты қатаң шара қолданбақшы, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.

«Олар туралы мәліметтер шекара қызметтеріне берілді. Облыс тұрғыны елден сыртқа шығар алдында оны шекара бекетінде тексереді, егер оның аты-жөні «Беркут» электрондық базасында болып, оның борышқор екендігі анықталса, ол шекарадан сыртқа шыға алмайды», - деді сот актілерінің орындалуы жөніндегі департаменттің бөлім бастығы Руслан Балғазин бейсенбі күні.

Оның айтуынша, жақында осындай тексерулер «Жайсаң», «Әлімбет» автоөткелдері мен Ақтөбе халықаралық әуежайында енгізіледі.

Өңірде сот шешімдерін орындамай жүрген 600 борышкер бар екен. Олардың қарыздарының жалпы сомасы Т300 млн.

0 пікір