Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 7630 5 пікір 3 Желтоқсан, 2019 сағат 11:41

Адамзат пайда болуы туралы ой-пікіріңіз қандай?

Жерде тіршіліктің пайда болуы – ең қызықты жұмбақтардың бірі. Мыңдаған жылдар бойы адамға Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы болжам қызығушылық тудырып келді әліде қызығушылық артып келеді.

Эволюция болжамды ұсынған Чарльз Дарвин. Оның ойынша, Жердегі тіршілік ең мықтысы өмір сүреді деген табиғи сұрыптама және тіршілік үшін күрес арқылы сақталып келеді.

Басқа болжам бойынша, Жерде өмір ғарыштан пайда болды (панспермия болжамы). Оны 1865 жылы неміс ғалымы Рихтер ұсынған. Оның болжамы бойынша, жерден тыс тірі организмдер Жерге метеориттер және ғарыштық шаңмен келген.

Діни түсінік бойынша бүкіл әлемді, соның ішінде адамды да құдай жаратты деген ұғым.

Егер өткенге көз салсақ бидай себу мен үй салуды енді ғана үйрене бастаған ежелгі егіншілер 300 ұрпақтан бұрынғы бабаларымызды көреміз. Ал олардың бабалары (минимумды 200 ұрпақ деп алсақ) үңгірді паналап, аң терісін жамылған, аулаған аңдарын отқа қақтап жеген алғашқы көшпенділерді көреміз. Ал оларға дейінгі адамдар от жағуды да білмеген, тіпті аң аулайтын қарулары да болмаған.

Оларға киімнің де қажеті жоқ еді. Себебі денелері қалың түк (жүн) басқан. Оларды түріне, қаңқа сүйегіне, басқа да белгілеріне қарағанда, маймыл тектеске көбірек ұқсайды. Оны қазіргі ғылымда адамдардың түп тегі Homo sapienes яғни саналы адам деп атап жүр.

Неге түп тегіміз одан әрі дамып, адамға айналдық? Мүмкін жер климатының өзгеруі әсер етті ме? Қаншама мыңдаған жылдар өткенде жердегі жылы ауа райы салқындай бастады. Кейбір жануарлар мұндай климаттық өзгеріске төзбей, қырылып қалды десеңші (археологиялық біраз қазбалар оның дәлелі). Ал біздің бабаларымызға (Homo sapienes) өмір салтын өзгертіп, жаңа жағдайға бейімделуге тура келді. Суықта тамақ, баспана табу оңайға түспейді. Сондықтан олар тіршілігін жалғастырудың жолдарын іздестірді.

Ғылымның алға дамуымен болашақта жаңа технологиялар арқылы тіршілік иесі адамзаттың қалай пайда болғаны туралы жаңа тың болжамдар айтылып, деректер табылары хақ.

Ал сіздің адамзат пайда болуы туралы ой-пікіріңіз қандай?

Досбол Оразғалиұлының әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

5 пікір