Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3030 2 пікір 2 Желтоқсан, 2019 сағат 10:43

Еурокомиссияны бірінші рет әйел басқарды

1 желтоқсаннан бастап Германияның өкілі Урсула фон дер Ляйен жетекшілік еткен Еуропа комиссиясының жаңа құрамы ресми түрде жұмысын бастады. Ол тарихта Еуропа одағын атқару органын басқарған алғашқы әйел болып қалады.

Еурокомиссия – жалпы еуропалық заңдарды шығарып, олардың атқарылуын қадағалайды. Бес жыл мерзімге сайланған комиссияның құрамы өткен жұмада Еуропарламент тарапынан бекітілді.

61 жастағы Урсула фон дер Ляйен Германияның канцлері Ангела Меркелдің командасында 14 жыл істеген. Оның жеті баласы бар. Урсула фон дер Ляйен Германияның Қорғаныс министрлігін басқарған бірінші әйел ретінде белгілі.

Abai.kz

2 пікір