Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
5297 25 пікір 29 Қараша, 2019 сағат 14:09

Елорда мектептерінде Елбасы туралы ашық сабақ өтіп жатыр

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай елорда мектептерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы ашық сабақ өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі Қазақстан. Елбасы көшбасшылығы» тақырыбында балаларға Елбасының өмірбаяны, қызметі, ел басқарудағы маңызды сәттері баяндалды.

Сонымен бірге, Н. Назарбаев туралы бейнеролик көрсетіліп, ойын түрінде викториналық сұрақтар қойылды.

Еске сала кетсек, 2011 жылдың 10 желтоқсанында ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Заң 1 желтоқсанда атап өтілетін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін белгілеген еді.

Биыл 1 желтоқсан жексенбіге тура келгендіктен мереке 2 желтоқсанға ауыстырылып, екі күн қатарынан демалыс жарияланады.

Abai.kz

25 пікір