Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
3975 1 пікір 29 Қараша, 2019 сағат 12:11

Трамп аяқ астынан Ауғанстанға барды

АҚШ президенті Дональд Трамп аяқ астынан Ауғанстанға барып, сол ел президенті Ашраф Ғанимен кездесіп, Баграмдағы әскери базаға ат басын бұрды.

Онда президент әскери қызметкерлерді Алғыс айту күнімен құттықтады. Ол сөзінде "Талибан келісімге келгісі келеді" деп мәлімдеді.

Трамп әскери қызметкерлермен бірге асханада мерекелік астан дәм татты.

Associated Press агенттігінің жазуынша, Ақ үй бұл сапар туралы құпия ұстаған.

Қыркүйек айында Трамп Кабулде жарылыстан 12 адам қайтыс болғаннан кейін, тәлібтермен келіссөзді үзген. Сол кезде бір америкалық жауынгер қаза тапқан.

Бұл Трамптың Ауғанстанға бірінші және соғыс алаңына барған екінші сапары. Былтыр Рождество мерекесі алдында Ирактағы АҚШ-тың әскери базасына барған.

Abai.kz

1 пікір