Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2903 0 пікір 24 Тамыз, 2011 сағат 07:16

Алматыда әнші Роза Бағланова тұрған үйге естелік тақта орнатылады

Алматы. 24 тамыз. ҚазТАГ - Алматыда опера және эстрада әншісі Роза Бағланова тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылады, деп хабарлайды Алматы әкімінің баспасөз қызметі.

«25 тамызда КСРО және ҚазКСР-інің Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың ескерткіш тақтасының ашылу рәсімі өтеді», - делінген әкімдіктің баспасөз қызметі сәрсенбі күні таратқан ақпаратында.

Еске сала кетейік, танымал опера және эстрада әншісі, КСРО, Қазақстан мен Қырғызстанның халық әртісі Роза Бағланова 8 ақпанда 89 жасында дүниеден өтті. Р. Бағланова Қазақтың опера және балет театрының, Қазақ мемлекеттік филармониясының, «Қазақконцерттің» орындаушысы болған. Еңбек және шығармашылық қызметі үшін екі рет Ленин Орденімен, Халықтар достығы және Еңбек Қызыл туы ордендерімен марапатталған.

0 пікір