Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2779 0 пікір 24 Тамыз, 2011 сағат 07:15

Қызылорда облысында Т3 млн көлемінде балалардың жәрдемақысын жымқыру бойынша іс сотқа жолданды – қаржы полициясы

Қызылорда. 24 тамыз. ҚaзТАГ - Қызылорда облысында бірнеше мемлекеттік мекеме жұмыскерлерінің балалардың Т3 млн көлеміндегі жәрдемақысын жымқыру бойынша қылмыстық ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды облыстық экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті (ЭҚСЖКД, қаржы полициясы).

«Т3 млн соманың бюджет қаржысын жымқыру туралы 17 эпизодтық қылмыстық іс аяқталып (алдын ала тергеумен - ҚазТАГ), сотқа жолданды», - деп мәлім етті ЭҚСЖКД бастығының орынбасары Рустам Ақмырзаев.

Оның айтуынша, іс бойынша айыпталушылар ретінде Сырдария ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі, «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесінің және 3 ауылдық филиалдының қызметкерлері тартылып отыр.

Тергеу материалдарына сәйкес, олар «алдын ала сөз байласып, жалған құжаттар жасап, 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға белгіленген сомадан артық ақша аударып, Т3 млн соманың бюджет қаржысын жымқырған», - деп мәлім етті қаржы полициясының өкілі.

ЭҚСЖКД облыста кәмелетке толмаған балалардың ақшасын жымқырудың алғашқы оқиғасы емес екенін хабарлайды.

«Жалағаш ауданы Аққолқа ауылындағы орта мектептің бұрынғы есепшісі Р.Әубәкіров қызмет бабын пайдаланып, мектепке бөлінген Т1,4 млн бюджет қаржысын аудандық поштадағы өзінің есепшотына аударып алған, ол 2 жылға шартты түрде сотталды», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Өз кезегінде облыстық қаржы полициясының штаб бастығы Бақытжан Ниязов оралмандарға арналған жәрдемақыны иемденген Оңтүстік Қазақстан облысының екі тұрғынының ісі тергеліп жатқанын айтты.

«Олар Өзбекстан мен Түркменстаннан келген бірнеше отбасының атынан құжаттарды қолдан жасаған. Кейін оралман мәртебесін, атаулы әлеуметтік көмек алуға жалған сенімхаттарды пайдаланып, Т5 млн ақшаны қалталарына басқан. Алаяқтардың біреуі ұсталды. Екіншісі іздеуге жарияланды», - деді Б.Ниязов.

Қаржы полициясының мәліметтеріне сәйкес, жыл басынан бері аймақта 222 қылмыс анықталған, оның 187-сі аса қауіптілер санатына жатады.

«Өндірісі аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған шығын Т6,5 млрд-тан асады, оның Т6,3 млрд қайтарылды», - деп хабарлайды ЭҚСЖКД.

0 пікір