Жұма, 29 Наурыз 2024
4255 1 пікір 28 Қараша, 2019 сағат 11:19

«TURAN» этно-фольклорлық ансамблінің концерті өтеді

Ұлы дала елінің әуендерін әлемге паш еткен «TURAN» тобы елордалық көрермендерге өзінің 10 жылдық мерейтойына орай үлкен концерт ұсынады. 

Өнерсүйер қауым «TURAN» ансамблінің үлкен концертін 1 желтоқсан күні сағат 19:00-де «Qazaqstan» орталық концерт залында тамашалай алады. Концерт ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді.

«TURAN» этно-фольклорлық ансамблі – қазақ халқының ұлттық музыкалық мұрасын жаңғыртып, ұмыт бола бастаған төл аспаптардың сүйемелдеуімен көне күй-жырларды насихаттайтын бірегей топ. Этно-фольклорлық ансамбль ұлттық музыкалық аспаптардың дыбысын қазіргі заманға сай лайықтап, жаңа форматта ұсынып жүр. Он жылдық тарихы бар өнер ұжымы қазақ музыкасын әлемге әйгілеп, 70-тен астам шет мемлекетте 600-ден астам жеке концерт берген. Ансамбль «Карнеги холл» (Нью-Йорк, АҚШ), «Кеннеди центр» (Вашингтон, АҚШ), «Концерт хаус» (Берлин, Германия), «Кремлевский дворец» (Мәскеу, Ресей), «Конгресс және фестивальдар сарайы» (Канн, Франция), «Салле Корто» (Париж, Франция) және өзге де атақты залдарда өнер көрсетті.

Ансамбльдің құрамында Мақсат Медеубек, Серік Нұрмолдаев, Бауыржан Бекмұханбетов, Ержігіт Әлиев, Жанту Дадабаев сынды талантты мульти инструменталист музыканттар бар. Қазақ халқының отыздан астам ұлттық музыкалық аспабы болса, музыканттардың әрқайсысы солардың бірнешеуінде ойнауды меңгерген.

Нұр-Сұлтан қаласының төрінде өтетін «TURAN» ансамблінің үлкен концерті өнер сүйер қауымға рухани азық сыйлап, естен кетпес әсер қалдырмақ. Концертте көне түркі мәдениеті «TURAN» ансамблінің шығармашылық жолымен үндесе көрініс табады. Концертте Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі, «Astana musical» мемлекеттік театры, Қазақ ұлттық хореография академиясының артистері, әнші Меруерт Мусрали өнер көрсетеді.

«TURAN» ансамблінің үлкен концерті «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының ұйымдастыруымен өтеді, ресми серіктес – ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры.

Abai.kz 

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610