Жұма, 19 Сәуір 2024
Әліпби 7791 24 пікір 26 Қараша, 2019 сағат 11:50

Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады...

Империяның құлауының екі факторы бар. Бірі – өз құдіреті асып тұрғанда құлайды. Екіншісі – бұрынғы отарларынан бірте-бірте айырылу үстінде құлайды. Бұның алғашқысына – Ресей Имеприясын және оның мұрагері КСРО-ны жатқызамыз. Соңғысына – Осман және Британ империялары жатады. 

Империяның құлауының алғашқы формасы өзінің бұрынғы отарларымен экономикалық, мәдени, саяси, әскери тұрғыдан одақтастық байланыстарын сақтап қалады. Оның салдары бұрынғы отарларға деотарсыздану процесін жүргізуге өз кесірін тигізеді. Осындай кесірлі үрдісті біз ҚР латынға көшіуіне қатысты РФ өрістеп отырған ақпараттық соғыстан көреміз. Осы мәселеге қатысты орыстілді баспасөз орыс тілді көсемсөзші қандасымыз Дастан Елдестің әуелі фейсбуктегі кейін Qazaquni.kz сайтындағы «Выдержит ли казахский язык тройную смену алфавита?!» атты мақаласындағы жария еткен пікірлерін РФ БАҚ іліп әкетті. Тек өздеріне керекті қазақты жәрмес ұлт етіп көрсетуге ыңғайлы жерлерін ғана үзіп алып, қалған жағдайда Дастан Елдостың айтпақ болған басты ойын тұншықтыра тұмшалап тастады. Оның ар жағында қазақты қазаққа қарсы қоюдың империялық өркөкіректігі жатыр.

Автордың рунаға, араб жазуына қатысты пікірлері қазақ баспасөзінде бұрыннан бар тақырыптар. Бірақ ол бірінші рет орыс тілді қазақтар арасында қолдау табуы қуанарлық мәдени құбылыс. Әрі алғаш рет қазақ әріптерінің кодтануы мәселесі көтеріліп, оған латын жазуындағы қандай әріптер жататындығы сөз болуы мақала құндылығын арттыра түседі.

Енді осы «Выдержит ли казахский язык тройную смену алфавита?!// Үшінші рет әліпби ауыстыруды қазақ тілі көтере ала ма?» атты даулы мақаланы Абай кз аударып ұсынып отырмыз. 

ҮШІНШІ РЕТ ӘЛІПБИ АУЫСТЫРУДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ КӨТЕРЕ АЛА МА?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың араласуынан кейін латынға көшуге қатысты талқылаудың жаңа кезеңі басталды.  Бақсақ бақа екен дегендейін, жаңа әліпбидің орналасуы Unicode стандартына (ғаламтордағы өз бойына барша жазба тілдердің таңбаларын сыйдыратын символдық кодтарын сыйдыратын стандартқа) қабыспайды екен. Бұрын осыған дейін үш бірдей нұсқаны мақұлдап келген лингвистикалық комиссияның мүшелері бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай, аяқ астынан жаңа нұсқаларды ұсынып, бұрынғыларын іске алғысыз етуге көшті. 

ҚР ҚАРАҚАЛПАҚТЫҚ ЛАТЫН ЖАЗУЫННАН БАС ТАРТАДЫ 

2 қазанда facebook-та қазақ латын жазуының сауатсыздығы, оны жетілдіре түсудің қажеттігі туралы ақпарат ел басшылығының құлағына жетуі үшін «ЗАБЛУЖДЕНИЯ ЛАТИНИЗАЦИИ!» деген пост жазып жариялаған болатынмын. Facebook-тағымыды жұрт іліп әкетіп, өздерінде қайыра жариялап, достарымның қолдауымен бір қатар басылымдар, оның ішінде шет елдік басылымдар да бар. Олар өздерінде жария етті.  .

Мен өз жазғанымның және латын жазуына көшуді сынаған мақаламның ел басшылығына жеткен-жетпегенін білмеймін. Бірақ 21 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әліпбиді жетілдіруге тапсырма берді.  Нәтижесінде латынға көшу үрдісінде өзіміздің әм өзгенің қателігін қайталамауымыз үшін мамандарға да, қоғамдық ойға да сыни пайымдау жасауға мүмкіндік туындады.

Өйткені, ҚР көрші өзағаңдар жуық арада бас тартуы ықтимал, сауатсыз өзбек (қарақалпақ) нұсқасын қабылдаған болатын. Көршіміз апостроф (және акут) орнына диакритикалық таңбалар қолданылған халықаралық тәжірибеге жуықтайтын әм өте әдемі және қолайлы болып табылатын ең алғашқы латын нұсқасына (1993-1995 жж.) қайыра көшуге ықылас таныту үстінде.

Осы таяуда ғана Нұр-Сұлтанда жаңа латын жазуын таңдауға қатысты сарапшылар  комиссиясының отырысы болып өтті. Онда негізінен әлемдік және түрік тәжірибесі ескерілген диакритикалық таңбалардың 4 жобасын таңдап алды. Олар ұсынылған нұсқаға қарағанда әлем бойынша латын жазуын тұтынатындар үшін оқып жазуға жеңіл, түркі әліпбилерімен үндеседі, электронды ақпараттану үшін қарапайымдылық сынды бір қатар артықшылықтарға ие.

Бір әліпби екіншісіне егіз қозыдай ұқсас бола алмайды, қайта әліпби өзгерту басты мақсат болып табылмауы керек. Латын жазу өз бетімен тіліміздің мүшкіл жағдайын оңдамайды, әдеби-техникалық әдебиетті өмірге әкеле салмайды, білім деңгейі мен ағылшы тілінде білім алып кетуді өрге сүйремейді. Міне, осы мәселеге қатысты тек латын жазуы проблемасы ғана емес, бірінші кезекте, осы жаңа жазуға көшкенге дейінгі қазақ тілін түбегейлі кешенді реформалау  керектігі де кеңінен талқыға түсуі керек.

Қазіргі таңда лингвистердің басты міндеті көбіне өзін ақтамайтын өз бетімен ауажайылушылықтан тыйылып, қазақ тілін кодтандырып, әлемдік ережеге лайықтанған халықаралық терминдердің ұлт тілінде жазылуын заңдастыру   болуға тиіс. Кодтандырылған тіл дегеніміз – тілдік нормаға сәйкес өңделінген тіл. Тілдің кодтанған формасына: 1) әдеби тіл; 2) терминология жатады.

Кеңестік кезеңде әсіресе, одақтас республикаларда терминологияны қалтырыста қалдырып, осы атаудың орнына «әдеби тіл» термині қолданылғандықтан  мемлекеттік тілдің рөлін терминологиясы дамыған орыс тілі атқарды. Егер тілің номаланбаған, терминологиялық проблемаға ұшыраған болса, онда мемлекеттік тіл ретінде өз қызметін атқара алмайтындығының себеп-салдарын дәл қазір өз көзімізбен көріп отырмыз. Сонымен қатар бағдарламалаған  кезде, гугл-аудармамен жұмыс істеген шақта, тәржіма жасауда, әсіресе ғылыми мәтіндерді қотарған кезде үлкен проблемалар туындайды. 

Тілді кодтандыру ұлттық тілдік тұрықпен (языквой корпус) тікелей байланысты. Тілдік тұрық дегенде біз барша жанрлар: көркем, бейкөркем, техникалық, заңдық-құқықтық т.с.с. мәтіндер топтасқан, электронды формадағы мәтіндер жинағына негізделген ақпараттық-анықтамалық жүйе дегенді ұғынамыз. Бұндай тұрық тілді оқып-үйрену үшін керек, ал, қазақ тіліндегі ғылыми, техникалық, заңдық-құқықтық, медициналық және басқа тақырыптарға арналған мәтіндер топтамасы жартыкеш.

Керісінше, орыс тілі – кодтанғандықтан, компьютерлік бағдарлама терім жасау кезінде грамматикалық, стилистикалық және басқа да қателерді көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар, тез әрі қатесіз шет тілдік сөздерді орыс тіліне аударып бере алады. Google өз кезегінде кез келген тақырыпқа қатысты осы тілде кеңейтілген ақпарат түрін ұсынады.

Ал, қазақшасына мысал келтірсек, «Конституция»  сөзі «Ата заң» делінгендіктен (гугл «ата-ананың заңы»!) деп аударып шығады, бірақ бұған бұрынғы ескі аталымы да қосаржаласып жүреді.  Егер латын жазуына көшкен кезде ол қосанжарласатын үшінші сөзге айналып, гугл әлдебір баламатамды бізге ұсынатын болады. Ал, тілдің заңы бойынша термин белгілі бір нормаға түсіп таңбалануы керек.

ӘЛІПБИДІҢ АУЫСУЫНАН МӘДЕНИ МҰРАДАН АЙЫРЫЛАМЫЗ

КСРО кезінде әліпби алмастыру саяси тұрғыдан уәжданып, екі рет жоспарлы түрде алмастырылды. Латынды бетперде етіп, негізінен барша түркі ұлттарының әліпбилері осы жазуға көшірілді. Неге орыс, гүржі, армян тілдері латынға ауыстырылмады? Бұның қарапайым себебі осы тілдер өзінің мәдени мұрасынан айырылуы үшін. Адамзат тарихында болып көрмеген 10 жыл көлемінде екі рет әліпби ауыстыру тілдің тіңін бұзып, тұтас ұлттың «санасын сарсаңға салып, жадысын жаттандырып», өскелең ұрпақты өз елінің тарихын оқып білу мүмкіндігінен айырды. Араб, латын және орыс жазуымен қатар оқыған жандар бұндай әрекеттен төбе шаштары тік тұрды.

Араб жазуымен жазылған мұрамыз орсан зор болса да, ешкімге керексіз болғандықтан архивтерде шаң басып жатыр. Алысқа бармай-ақ, ғылыми ортаға мәшһүр Әбу Насыр әл-Фарабидің 200 аса еңбегінің ТМД халықтары тілдеріне аударылғаны тек он шақты ғана. Біз тіпті білмейтін, біле алмайтын дүниеміз, көне түркі жазуы. Осы жайында мен 1989 жылы «Учитель Казахстана» газетінде  филология факультеттері мен лингвистикалық мектептерде араб жазуы мен өзге қазақ жазба деректерін оқып үйретудің қажеттілігін жазған болатынмын.

Біздің надандығымыздың миымыз бен қанымызға сіңіп кеткені сондай, қазақ тілінің латын жазуына көшуі жайындағы дау-дамайда, араб жазуылы мұраларымыздың проблемасы мүлдем ауызға алынбайды. Сонымен қатар, егер біз латын жазуына көшетін болсақ, онда жастарымыздың басым көпшілігінің кириллицамен жазылған әдебиетті оқи алмай қалатыны да сөз етілмейді.

Араб жазуынан кеңестік латынға көшкен кезде Қазақстанда кітапхана мен басылым саны аз болды. Ал, бүгінгі әліпбимен барша 80 жыл ішінде орасан зор кітапхана қалыптасты.  Осы жылдар аралығында республикамыз бойынша ең қиырдағы ауылдың өзінде де кітапхана болды. Әрі 100 % тұрғыны сауатты елдің «матрицасын» өзгерту, санасын өзгеруге де қатысты болып келеді.

Әліпбиді өзгерту жайында қалайша сөз ете аламыз, егер біз бұған дейін осының алдындағы әліпбимен байланыс орната алмасақ?! Бүгіндері аға буынға 1940 жылдан кейінгі қазақ бұлақ көздері қол жетімді болса, 2025 жылғы келер ұрпаққа ше!? Кеңестік дәуірдегі қосарлы әліпби алмастыру саясаты, енді әлем тарихындағы қысқа уақыт ішінде үшемдік әліпби алмастыруға ұласады!

Орыс тілінің болуы қазақ әліпбиіндегі кириллицаны ұмытқызбайды деген адасушылыққа ұшырататын жел сөз, өйткені, екі тіл екі басқа. Бұған өзбек тәжірибесі куә бола алады: бүгінгі өзбек шәкірттері мен студенттері кириллицада оқи алмайды! Яғни, кириллицадағы орасан зор қазақ әдеби мұрасы бір кездегі араб жазуындағы жәдігерлеріміз сияқты болашақ ұрпаққа қол жетімсіз болып қала береді.

ТҮРКИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЛАТЫНҒА КӨШУДІ ЕШ САЛЫСТЫРУҒА БОЛМАЙДЫ!

Бір әріптен екіншісіне көшу айналып келгенде оған дейінгі жазудың оқылуының проблемасын туындатады. Біздің елімізде әліпби ауыстыру кезінде орын алуы ықтиал кесірлі құбылысты кеңестік тәжірибеден, бүгінгі жағдайға қатысты ең алдымен өзбек тәжірибесінен көре аламыз.

Кириллицаға негізделген әліпбидің кемшіліктерін атап өткен латынды жақтаушылар оны латын жазуында еңсеру керектігін атап өтеді. Бүкіл әлем бойынша жазу түрлері өзгеріске ұшырап, жаңару үстінде. Тіпті оқып үйренуге қиын деп танылатын қытай пішпек жазуы (иероглифі) мыңдаған жылдық қытай мәдениетінен айырылып қалмауы үшін әріптік жүйеге көшпей отыр. Араб жазуы негізінде әліпбиімізді жетілдіріп,  «Төте жазуды» өмірге әкелген Ахмет Байтұрсынов та тап солай істеді.

Түркия мен Қазақстандағы латынға көшуді еш салыстыруға болмайды! Түркия болса, бір реттік мақсат, міндеті әм ғылыми қадамды көздеп осындай жазу ауыстыруға барды. Ең бастысы, түрік тілі аймақтық тіл болды. Әрі онда екінші әлемдік тіл болған жоқ. Арабшадан (діннің, араб тілінің ықпалынан құтылып, батыс өркениетіне бет бұру үшін) латынға өту саяси, экономикалық, мәдени, тілдік және басқа реформалар жүргізуге жауап бере алды.

Ал, біздің тіліміз Қазақстанда  ағылшынның емес, орыс тілінің шылауында жүрген шақта латынға көшудің мәнісі бар ма?! Қазақстан географиялық, экономикалық, саяси, лингвистикалық жақтан Батыстан (әм Түркиядан) тым қашықта, әрі жұмыс тілі орыс тілі болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі. Аталған жағдайда тілдік проблеманы саясаттандырмай, қисынды түрде қолға алуымыз шарт. Бір түсініктісі, өте бай кириллицадағы қазақ әдебиетін ауызға алмай-ақ, екінші (орыс) тіл болғандықтан, орыс тілділер тілімізді кириллицада жылдам үйрене алады.

Өзбекстанның орыс сыныптарының санының артуынан, түптің түбінде кириллицаға оралатындығын мен сонау 2009 жылы жазған болатынмын. Содан бері көрші елде жағдай тіптен ушыға түсті, ересектер латын жазуымен оқи алмайды, 70% жуық әдебиет кириллицамен басылып шығады, жастар  кириллицаны оқи алмайды, білім деңгейі төмендегіндіктен орыс сыныптарының саны арта түсуде! Дәл қазіргі қазақ тілінің мемлекет тіл ретіндегі, ғылым мен жоғары білім беру тілі ретіндегі әлсіздігі ұлттық сағымызды сындырмауға тиіс. Шәкірттер қазақ мектебінен орыс мектебіне ағылуы да бек мүмкін.

Мына әлеуметтік лингвистикалық жорамалға көз салатын болсақ: «Өзбекстан белігілі бір жағдаяттар мәжбүрлеуімен кириллицаға қайыра оралуы ықтимал. Ондағы латынға көшудің негізінде қате тұжырымдау жатты.  Егемендіктің құралы ретінде кириллица мен араб мәдени мұрасын жоғалтатын бейдістүрлік латын жазуын таңдауы; Латын жазуы компьютерлік технология құралына айналған жоқ, аталған елді Түркияға да, Батысқа да жақындастыра алмады» (Заблуждения латинизации или нокаутирующий удар по языку. Zonakz.net, 17.11.2009).

2017 жылдың тамыз айында «Китоб дунёси» газеті «Жахон адабиёти» журналының редакторы Шухрат Ризаевтың Өзбекстан президентіне кириллицаға қайтып оралу жөніндегі: «Өткен ғасырдағы әліпби ауысуының негізінде бүткіл баспа өнімдері керексіз дүниеге айналды.  Латын жазуын қолданған кезімізде кириллицамен басылған ғылыми мәдени мұрамызды «керексіз дүниеге» айналдырмауыңызға шақырамын» деуінен біраз нәрсені аңғаруға болады.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

24 пікір