Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
4888 1 пікір 27 Қараша, 2019 сағат 13:46

«Ақиқат» журналының жүлдесі үшін шахмат турнирі өтеді

«Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты, еліміздегі «Ең үздік қоғамдық-саяси басылым» — «Ақиқат» журналының жүлдесі үшін журналистер арасында шахмат турнирін өткізу дәстүрге айналып келеді.

Қолына қалам ұстаған журналистер арасындағы шахмат жарысын биыл 28 қараша күні өткізгелі отырмыз. Бұл турнирге шахматтан спорт шеберлері мен кандидаттар қатыстырылмайды. Жақсы жаңалықтан, игілікті іс-шарадан сырт қалмайтын әуесқой шахматшы журналистерді аталған турнирге қатысуға шақырамыз.

Алдын ала тіркелу үшін «Қазақ газеттері» серіктестігінің офисіне - Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 175; 400-413 офиске келіп жазылыңыздар, немесе 2-72-87-30; 2-72-49-62 телефондарына қоңырау шалып, өздеріңіздің шахмат жарысына қатысуға ниетті екендеріңізді білдірсеңіздер болады, БАҚ қызметкерлері!

Шахмат турнирінің Бас демеушісі — «Айғақ» телерадиокомпаниясы.

«Ақиқат» журналының жүлдесі үшін журналистер арасында ұйымдастырылатын шахмат турнирі 28 қараша күні сағат 12.00-де  басталады.

Өтетін жері: «Қазақ радиосының ғимараты, Желтоқсан көшесі, 175 үй, 4-қабат.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3508