Жұма, 3 Сәуір 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 460. Жазылғандар — 29. Қайтыс болғандар — 3
Экономика 1922 0 пікір 18 Қараша, 2019 сағат 12:50

Кәріз жүйесін тазалайтын алғашқы отандық биопрепарат сынақтан өтті

 

Нұр-Сұлтанда «Инновацияларды ынталандыру: ғылым мен бизнестің кооперациясы» атты конференция өтуде. Іс-шара Қазақстандағы ғылыми жетістіктерді коммерцияландырудың табысты тәжірибелерін таныстыру үшін маңызды оқиғалардың бірі болып саналады. Конференция «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ұйымдастырылды.
Конференция барысында көлдер мен канализациялық ағындарды тазалау бойынша алғашқы отандық биопрепарат таныстырылды.
«Дүниежүзілік банк пен ҚР БҒМ грантының арқасында «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы аясында біз белсенді микроорганизмдер негізінде алғашқы отандық «BioMix7BL» биопрепаратын әзірледік. Көлдерді және канализациялық ағындарды органикалық ластағыштардан биологиялық тазарту үшін «жасыл» технология әзірленді. Препаратты сынау «Астана Су Арнасы» канализациялық тазарту имараттары мен Балқаш балық шаруашылығы базасында жүргізілді, онда күкіртсутегінің саны 22 есеге қысқарды. Препарат ағынды суларды органикалық ластағыштардан тазартудың жоғары деңгейін көрсетті», - деді жоба жетекшісі Аслан Темірханов.
Конференция шеңберінде сондай-ақ «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасының операциялық қызметі мәселелері бойынша пікірталас алаңы өтті, онда ғылым мен бизнестің тығыз өзара іс-қимылының өзекті мәселелері, сондай-ақ қазақстандық ғылыми жетістіктерді дамытудың маңызды факторларының бірі ретінде инновацияларды ынталандыруды қолдау талқыланды.

0 пікір