Жұма, 29 Наурыз 2024
Ел іші... 7024 12 пікір 15 Қараша, 2019 сағат 14:09

Мәнізоров пен Шпекбаевтың тартысы немен аяқталады?

Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев "Мәнізоров ісіне" қатысты пікір білдіріпті. Уәж-пікірін терістепті. Мәнізоров мәлімдеме жасады. Шпекбаев жауап берді. Енді, рет-ретімен жазайық...

Бағдат Мәнізоров: Маған тапсырыс жасалды!

"Әзірге нақты кім тапсырыс бергенін білмеймін. Бірақ, қасақана жасалғаны анық. Қазір олардың кім екенін анықтап жатырмыз. Іс әлі толық жабылған жоқ, бірақ жабылуға жақын қалды. Содан кейін заңгерлермен кеңесіп, маған жала жапқаны үшін сол арызданушылардың өздеріне қарсы арыз түсірем. Олардың екі-үшеуімен сөйлестім, қателескендерін айтып отыр.

Менің ойымша тапсырыс болған. Естеріңізде болса, 1 апта-10 күндей маған қарсы ақпараттық шабуыл жүрді, жалған видеолар тарады, үйінде ақша толы, қыздары "хан сарайында" тұрады екен деп әсіресе, ресейлік сайттар ақпараттар жариялады. Оларды да сотқа бермекпін". (Аzattyq-ruhy.kz сайты.)

Алик Шпекбаев: Ешқандай тапсырыс болмаған!

"Ешқандай заказ болмаған. Тексеру кезінде бұл анықталды. Нүкте. Прокуратура жауабын жауап бергеннен кейін біз не істейтінімізді айтамыз". (Тengrinews.kz сайты.)

Мәнізоров ісінің қысқаша хронологиясы былай:

25 қыркүйек 2019 жыл. Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров іс-сапармен (командировка) Алматыға кеткен.

26 қыркүйек 2019 жыл. Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіге тарады.

27 қыркүйек 2019 жыл. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мәнізоровтың ұсталғанын растады.

30 қыркүйек 2019 жыл. Бағдат Мәнізоровты босатты деген ақпарат тарады.

2 қазан 2019 жыл. ҚР СЖҚ іс-қимыл агенттігі Мәнізоров ісінің сотқа дейінгі тергеуі жалғасып жатқанын хабарлады. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабы, 4 бөлімі, 2 пункті бойынша (қызметтік мансабын пайдалана отырып аса ірі көлемде алаяқтық жасау) бойынша айып тағылып отырғанын жеткізді.

7 қазан 2019 жыл. Бағдат Мәнізоров денсаулығына байланысты демалысқа (больничный) кетті деген ақпарат тарады. Демалыс уақыты 30 қыркүйектен басталды деп көрсетілген.

18 қазан 2019 жыл. Мәнізоров еңбек демалысына (отпуск) кетті деген ақпарат тарады. Демалыс уақыты 14 қазан мен 1 қараша аралығы деп көрсетілген.

28 қазан 2019 жыл. ҚР Бас прокуратурасы Бағдат Мәнізоров ісіне қатысты қылмыстық істі тоқтатқан. Сөйтіп, Мәнізорвқа тағылған айып алынған.

30 қазан 2019 жыл. Бағдат Мәнізоров жұмысына оралды.

13 қараша 2019 жыл. ҚР СЖҚ іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Мәнізоровқа тағылған айыптарды алып тастау бойынша Бас прокуратура жауабын күтетінін хабарлады.

"Біз өз пікірімізді білдірдік. Қазір ештеңе айта алмаймын. Біз Бас прокуратураның жауабын күтуіміз керек. Процедуралар бар. Мерзім бар. Белгілі бір ретті сақтауымыз керек. Орынбасар олардың орынбасарына немесе мен жазуым керек. Біз өз пікірімізді айттық. Өз пікірімізде қаламыз", деген еді Шпекбаев.

13 қараша 2019 жыл. Бағдат Мәнізоров ақпаратқа сұхбат беріп, өзіне "заказ" жасалғанын мәлімдеген.

Түйін. Бағдат Мәнізоров қазір бұрынғы жұмысында. Алматы облысы әкімінің орынбасары. Айыпталды. Ұсталды. Қамау көрді. Босап шықты. Сұхбат берді. Бітті. Хикая.

Бағдат Мәнізоровтың ісі туралы ел пікірі екіұшты. Даттаушылар да бар. Ақтаушылар да жоқ емес.  "Мәнізоров ісі - астана жақтағы ақ жағалылар арасындағы тартыстың бір көрінісі" дейді жұрт. Бәлкім, шынында солай ма?.. Cонымен Мәнізоров пен Шпекбаев арасындағы тартыстың соңы немен аяқталады?

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3621