Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
2791 1 пікір 13 Қараша, 2019 сағат 11:34

Тыныштықбек Əбдікəкімнің оқырмандармен кездесу кеші өтеді

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйымдастыруымен ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тыныштықбек Əбдікəкімнің «Өлең жазып отырғанда, Құдайдың қолындағы жасындаймын!...» атты оқырмандармен кездесу кеші өтеді.

Кездесу барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы, өз дәуірінің өмір көріністерін айқындайтын өлеңдерінен үзінді оқылады.

Кеш қонақтары экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Мырзагелді Кемел, танымал ақын, филология ғылымдарының докторы Оңайгүл Тұржан, белгілі кинорежиссер Кенжебай Дүйсенбаев т.б зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар мен жоғарғы оқу орындарының студентері қатысады.

Abai.kz

1 пікір