Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
46 - сөз 4387 4 пікір 12 Қараша, 2019 сағат 13:07

Ақиқатпен астарланған әжуа

Орта Азиядағы əлемге əйгілі бір елдің, білдей бір ішкі істер министрі таныс хирургына барып, былай депті:

– Біз «Саясаткер өзін-өзі үш рет атып өлтірді» деп мəлімдеме жасадық, енді сен бізді қолдап, «как хирург растаймын, дұрыс» деп мəлімдеме жаса!

– Ойпыр-ай, ə?! Ол өзін-өзі қалай-қалай атқан?

– Екі рет – кеудесіне, бір рет – басына.

– Ойпыр-ай, ə?! Кеудесіне бір рет атты, шыбын шаққан құрлы болмады. Кеудесіне екінші рет атты, ит қапқан құрлы ауырсынбады. Содан соң намыскер жігіт қатты ашуланды да, үшінші оқты маңдайына сарт еткізді, ə?!

– О, дəл солай!

– Сен жанында көріп тұрдың…

– Жо-жоқ! Жоқ! Жоқ! Жо-жоқ!

– Көрмесең, неге өйіттің?!

– Енді қайтем?

– Əне, скальпель, барып ал да, үш саусағыңды бір-бірлеп үш рет тіліп көр.

– Ты что, это невозможно! Ты что, дурак?! – деп министр шыға жөнеліпті.

Ғаббас Қабышұлы

Abai.kz

4 пікір