Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
2406 4 пікір 11 Қараша, 2019 сағат 14:58

Нұр-Сұлтан жарықсыз қалған соң Тоқаев комиссия құруды тапсырды

Қазақстан астанасының Есіл өзенінің сол жағалауындағы бөлігінде ондаған тұрғын үй мен әкімшілік ғимараты жексенбіге қараған түні тәуліктен астам уақыт жарықсыз қалды. Болжам бойынша, оған жергілікті қосалқы электр станицясындағы апат себеп болған.

11 қарашада таңертең Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі көпқабатты тоғыз тұрғын үй, президент әкімшілігі, парламент, үкімет және Жоғарғы сот ғимараттарына электр қуаты берілгенін хабарлады. "Бәйтерек" монументі, "Изумрудный квартал" бизнес орталығы, Ұлттық кітапхана мен Ұлттық архив ғимараттарына жарық қосу үшін жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр деп мәлімдеді әкімдік өкілдері.

Жексенбі күні Нұр-Сұлтан тұрғындары қаланың сол жағалау бөлігінде жарық сөніп, кей көшеде бағдаршам өшіп қалғаны туралы шағым айтқан. Жергілікті басылымдар түнгі сағат екінің шамасында жекелеген аудандар ғана электр жарығынан ажырап қалғанын хабарлады. Жексенбінің кешінде Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов "Сол жағалау" қосалқы станциясында электр желісін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны және "өрт сөндіру бригадаларының қауіпсіздігі үшін" тұрғын үй кешендері мен нысандардың бір бөлігі жарықтан ажыратылағаны туралы әлеуметтік желіде хабарлады.

Дүйсенбі күні таңертең Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Құрманғали Facebook әлеуметтік желісіндегі парағында "астананың едәуір бөлігін жарықсыз қалдырған апатқа байланысты мемлекет басшысының үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырғанын" хабарлады. Комиссияға премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр жетекшілік етеді.

"Комиссия мұқият зерттеу жүргізіп, кінәлілерді анықтап, қажет болған жағдайда істі құқық қорғау органдарына өткізеді. Президент үкімет пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінен алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап етті" деп жазды Құрманғали.

Бұған дейін шілденің ортасында Алматы қаласының көптеген ауданы мен Алматы облысының қалаға іргелес аумағы біршама уақыт бойы жарықсыз қалған болатын. Қазақстанның бұрынғы астанасы әрі ең ірі қаласында жарықтың өшуі көлік қозғалысын қиындатып жіберген: көшедегі бағдаршамдар істемей, метро бірнеше сағатқа тоқтаған. Ресми деректер бойынша, бұған жергілікті жылу электр орталығының желісіндегі ақау себеп болған. Тамыз айында қаланы электрмен қамтамасыз ететін компания Алматының "ішінара" жарықтан ажыратылатыны туралы хабарлаған. Оған желінің тұтануы себеп болған.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3511