Жұма, 19 Сәуір 2024
Ой түрткі 23285 11 пікір 11 Қараша, 2019 сағат 10:43

Абай: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен қайратың екі жақтап»

Негізінен алғанда, өткен ғасырда экономиканың– ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ, МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҚ және ЖАҢА ИНСТИТУЦИОНАЛЬДЫ ЭКОНОМИКА секілді бағыттарымен бірге, ДІННІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ дамуға жедел бет бұрды.

Дүниежүзілік Банк және оның тікелей патронаждығымен құрылған Бүкіләлемдік Диалог МӘДЕНИЕТ пен ДІННІҢ (соңғысын мәдениеттің бір бөлігі ретінде қарастырады) экономиканың даму қарқынын арттырудағы рөлін зерттеуге баса көңіл бөліп келеді.

ДІН МӘСЕЛЕСІ– салт-жоралар деңгейінде емес– әсіресе, әлем экономикасының дамуына елеулі ықпал етуші НЕГІЗГІ ФАКТОРДЫҢ БІРІ ретінде МҰҚИЯТ ҚАРАУДЫ қажет етеді.

АҚЫЛ КЕНІШІ – АТА-БАБАҢНЫҢ КӨНЕ ЗАМАНДАРДАН БЕРГІ ӨМІРЛІК ТӘЖІРИБЕСІ, ДАНАЛЫҚ МҰХИТЫ.

ЖІГЕРСІЗДІК – ХАЛЫҚТЫҢ ЕРТЕҢІНЕ ДЕГЕН СЕНІМ ЖОҒАЛҒАН СӘТТЕН БАСТАЛАДЫ.

Адамзаттың тарихына көз жүгіртсек, ата дәстүрін сақтаған халықтың РУХАНИ ТҰТАСТЫҒЫ берік.

Қай кезде де ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ жоғары.

Мұндай тұжырым қазақ сахарасында ежелден көрініс тапты.

Сәл тарихқа шегініс жасасақ, ҰЛЫ ДАЛА ӨЗІНІҢ ҰШАН-ТЕҢІЗ МҮМКІНДІКТЕРІН ЖАРҚЫРАТЫП КӨРСЕТЕ АЛДЫ.

Түрік қағанаты жарық жұлдыздарының бірі Тоныкөк: «ӨЛІМНЕН ҰЯТ КҮШТІ», – деп тасқа қашап жазды.

Аристотель негізін салған теорияның анықтамасына сүйене отырып, Әл-Фараби ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ ІЛІМІН жасап шығарды.

Ғұлама бабамыз артына: «ЕҢБЕКТІҢ ӨЗІ ӨНЕР – ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ СОЛ ӨНЕРДЕН ТУЫНДАЙДЫ, ӘРБІР АДАМДЫ ЕҢБЕККЕ БАУЛИДЫ, ЕҢБЕК ШЕБЕРЛІГІНЕ ҮЙРЕТЕДІ», – деп өсиет қалдырды.

Шәкәрімге көңіл аударсақ:

«ТАЗА ЕҢБЕКПЕН ТАҒДЫРДАН ПАЙДАЛАНСА,

АДАМДЫ СОНДА АДАМ ДЕГЕН МАҚҰЛ».

Әйтсе де, ДІН ТУРАЛЫ ҰҒЫМ, өкінішке орай, біздің қоғамда тар шеңберде, салт-ғұрыптық мағынада қарастырылады.

Ал, дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, ДІННІҢ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНА ӘСЕРІ ОРАСАН.

Еуропада бұл мәселеге алғаш ғылыми түсінік берген – Адам Смит.

Бұдан кейін тарих тереңінен басталған тақырыпты ғылыми талдау, тиянақты пікірмен жалғастырушы ретінде немістің әйгілі әлеуметтанушы ғалымы, экономист Макс Веберді айтып өткен орынды.

М.Вебер өз еңбектерінде ЗАЙЫРЛЫ ЖӘНЕ РУХАНИ БИЛІКТІ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ТҰРҒЫСЫНАН қарастырады.

Карл Маркс екеуі ДІН МЕН ЭКОНОМИКАНЫҢ байланысы туралы зерттеді. М.Вебер «Протестанттық этика және капитализм рухы» деген атақты еңбегінде Германия экономикасында неғұрым жоғары табысқа қол жеткізгендердің көш басында ПРОТЕСТАНТТАР тұрғанын атап өтеді.

Оның жазуынша, протестанттар Киелі кітап – Інжілдің өзінен Еңбек Кодексінің негіздерін тауып отырады:

«Жақын адамыңды өкпелетпе және қанаумен айналыспа».

«Жалданған адамның жалақысын жаныңда атар таңға дейін ұстама»,– деген жолдарды жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы келісім шарттың, ақ қағазға қара сиямен жазғандай, Нұсқаулығы деп қабылдайды.

Мәселе мәнісі: протестантизмнің өзіне дейінгі ағымдардан айырмасы – әсіре діншілдіктен арылып, адамның дамуына еркіндік әперді.

Бұл ағымның негізгі бағыты: ЖЕКЕ АДАМДЫ – ТҰЛҒА деп қарастырып, әр адамның ішкі мүмкіндіктерін жан-жақты ашып көрсетуге жағдай тудыру.

Кешегі екінші дүниежүзілік соғыста жеңіліс тапқан Германия, Жапония секілді мемлекеттер тарих үшін қысқа мерзім – қырық жылға жетер-жетпес уақыттың ішінде ІРГЕСІ БЕРІК ҰЛТ РЕТІНДЕ дамыған мемлекеттердің көшін бастауға қол жеткізуінің сыры неде?

Мұндай ФЕНОМЕННІҢ құпиясы қандай?

Жалпы неміс халқы ыждаһаттылығымен, ұқыптылығымен және темірдей тәртіпке бағынуымен ерекшеленеді.

Немістің ұлы ойшылы Фридрих Ницшенің: «МЕНІ ҚҰРТА АЛМАҒАН НӘРСЕНІҢ БӘРІ – МЕНІ ОДАН ӘРІ МЫҚТЫ ЕТЕДІ», – деген әйгілі сөзі неміс халқының жанкешті төзімділігіне анықтауыш бола алатын секілді.

И.В.ГЕТЕ, Ф.ШИЛЛЕР, Г.ГЕЙНЕ сықылды ұлы ғұламалар неміс ұлтының рухани дамуының және жас ұрпақтың сана сезімін қалыптастырудың негізіне айналды. Композиторлар И.С.БАХ, Р.ВАГНЕР, Л.В.БЕТХОВЕН ұлттық символға айналды.

Неміс пен жапон халықтарының рухани ұстанымында ҚАЙЫР СҰРАУ, ҚАРЫЗ АЛУ – ең үлкен күнә.

ХАЛЫҚТЫҚ ДӘСТҮРІНЕН тамыр үзбегендігінің арқасында неміс халқы «Берлин қабырғасын» құлатып, бірлігі мықты ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТКЕ айналды.

ЖІГЕРІ МЫҚТЫ жапондықтардың тегеурінді текетіресін екі бірдей атом бомбасын жару арқылы әрең тоқтатқаны тарихтан белгілі. Ащы тәжірибенің кермек дәмін татқан ҚАЙСАР ХАЛЫҚ «Фукусима» атом стансасындағы жарылыс кезінде жасымады. Тіпті апатқа байланысты ұсынған әлемдік қауымдастықтың көмегінен бас тартты.

Әлемнің түкпір-түкпірінде тұрып жатқан жапондықтардың туған Отанына келіп, бауырларын моральдық тұрғыдан қолдау жөнінде қызу бастама көтергенін – БИІК РУХЫМЕН түсіндіруге болады.

Бұл жерде ойға бірден САМУРАЙ КОДЕКСІ оралары хақ.

Оған көз жүгіртіп көрелік:

«Самурай «тамырлы діңгек», «жапырақты бұтақ» деген ұғымдарды есте ұстауы қажет.

Олай болатын себебі, оған өмір сыйлаушы – ата-анасы, туған жер мен Отаны. Бұл солардың қанынан жаралған, нәр алған.

Ендеше, оларға лайықты құрмет көрсете алмаса, қандайма ақылды, тілге шешен және көрікті болса да, мұның бәрі ешнәрсеге татымайды.

«Өзіңе адал құрмет көрсете алатын нағыз дос іздесең, туысқандық, сыйластық сезімі бар жандардың арасынан табасың».

Өйткені, ата-ана, туған жер, Отан алдындағы перзенттік парызын өтей алмаған адам ешқандай борыш-міндет арқалай алмайды».

Экономист Иосихара Кунио былай түсіндіреді: «Жапон елінің жоғары жетістіктерге қол жеткізу сыры: ОСЫ МҮМКІНДІККЕ ЖОЛ АШЫП БЕРГЕН МӘДЕНИЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ. Жапондықтар жас ұрпақтың назарын ЕҢБЕКСҮЙГІШТІК МӘСЕЛЕСІНЕ көбірек аударып, ерінбей еңбек етуге, болашағын қамтамасыз жасауға және ұжымдық бірлестікке тәрбиелейді».

Енді ПРОТЕСТАНТИЗМДІ  ұстанған елдердің әлемдік аренада қол жеткізген жетістіктеріне қысқаша көз жүгіртіп өтелік.

Германия экономикасы – бүгінде дүние жүзі бойынша (сатып алу қабілетінің тепе-теңдік есебін қоса алғанда) бесінші орында және Еуропа экономикасының ең алыбы болып саналады.

Протестантизм кеңінен таралған Оңтүстік Кореяның ІЖӨ 1980 жылдан бері қарай 2013 жылға дейін 18,8 есеге дейін өсіп, 1,7 триллион долларға жетті.

Протестант дінін әлеуметтік және экономикалық лифт ретінде пайдалану тәжірибесі Сингапур, Вьетнам, Тайланд және Гонконг елдерінің мысалында анық байқалады.

Егер дін басымдыққа ие елдердің даму жағдайын ІЖӨ жан басына шаққандағы көрсеткішіне назар аударсақ, мына таблица көптеген мән-жайды түсіндіріп бере алады (Дереккөз: «Дін мен атеизмнің Жаһандық индексі», WIN-Gallup International бойынша):

Конфессия

(Дін)

Жан басына шаққандағы ІЖӨ, орташа есеппен, доллар Әлемдік орта есеп бойынша тұрғындардың жан басына шаққандағы ІЖӨ Түсініктеме
Христиандар, жалпылай алғанда 18 500 1,76 Христиандар дүние жүзінің басқа елдеріне қарағанда 1,8 есе бай тұрады
Протестанттар 21 200 2,02 Протестанттар дүние жүзінің басқа елдеріне қарағанда 2 есе бай тұрады
Католиктер 19 300 1,84 Католиктер дүние жүзінің басқа елдеріне қарағанда 1,8 есе бай тұрады
Православтықтар 8 400 0,8 Православтықтар дүние жүзінің басқа елдеріне қарағанда 1,25 есе кедей тұрады
Иудаизм 37 000 3,52 Иудаизм негізінен Израилдің ұстанатын діні болып табылады, осы елді дүние жүзінің басқа елдеріне қарағанда 3,5 есе бай жағдайға жеткізді
Буддизм 15 600 1,49 Будда дінін тұтынатын елдер дүние жүзінің басқа елдеріне қарағанда 1,1 есе бай тұрады
Мұсылмандар 9 200 0,88 Мұсылмандар дүние жүзінің басқа елдеріне қарағанда 1,1 есе кедей тұрады
Индуизм 3 800 0,36 Индуистық елдер дүние жүзінің басқа елдеріне қарағанда 2,8 есе кедей тұрады
Әлем бойынша орташа маңызы 10 500 1 Халықаралық Банк Қорының мәліметі бойынша

АҚШ Президенттерінің діни құрамына назар аударайық:

(Дереккөз: Э.А.Иванян, «АҚШ тарихы: ЖОО арналған оқулық», Мәскеу қаласы, 2006 жыл, 2-ші басылымы.)

№/№ Басқарған жылдары Президенттер туралы мәлімет Партиялылығы Діні
1. 1789-1797 Джордж Вашингтон

(1732-1799), АҚШ1-ші Президенті

Партияда жоқ Протестант
2. 1797-1801 Джон Адамс (1735-1826), АҚШ 2-ші Президенті Федералист Протестант
3. 1801-1809 Томас Джефферсон (1743-1826), 3 АҚШ 3-ші Президенті Демократ-республикашы Протестант
4. 1809-1817 Джеймс Мэдисон (1751-1836), АҚШ 4-ші Президенті Демократ-республикашы Протестант
5. 1817-1825 Джеймс Монро (1758-1831), АҚШ 5-ші Президенті Демократ-республикашы Протестант
6. 1825-1829 Джон Квинси Адамс (1767-1848), АҚШ 6-шы Президенті Демократ-республикашы Протестант
7. 1829-1837 Эндрю Джексон (1767-1845), АҚШ 7-ші Президенті Демократ Протестант
8. 1837-1841 Мартин Ван Бюрен (1782-1862), АҚШ 8-ші Президенті Демократ Протестант
9. 1841 март-апрель Уильям Генри Гаррисон (1773-1841), АҚШ 9-шы Президенті Виг Протестант
10. 1841-1845 Джон Тайлер (1790-1862), АҚШ 10-шы Президенті Виг (партияда жоқ) Протестант
11. 1845-1849 Джеймс Нокс Полк (1795-1849), АҚШ 11-ші Президенті Демократ Протестант
12. 1849-1850 Закари Тейлор (1784-1850), АҚШ 12-ші Президенті Виг Протестант
13. 1850-1853 МиллардФиллмор (1800-1874), АҚШ 13-ші Президенті Виг Протестант
14. 1853-1857 Франклин Пирс (1804-1869), АҚШ 14-ші Президенті Демократ Протестант
15. 1857-1861 Джеймс Бьюкенен (1791-1868), АҚШ 15-ші Президенті Демократ Протестант
16. 1861-1865  Авраам Линкольн (1809-1865), АҚШ 16-ші Президенті президент США Республикашы Протестант
17. 1865-1869 Эндрю Джонсон (1808-1875), АҚШ 17-ші Президенті Демократ Протестант
18. 1869-1877  Улисс Симпсон Грант (1822-1885), АҚШ 18-ші Президенті Республикашы Протестант
19.   1877-1881 РазерфордБёрчардХейс (1822-1881), АҚШ 19-шы Президенті Республикашы Протестант
20. 1881 март – 1881 сентябрь Джеймс Абрам Гарфилд (1831-1881), АҚШ 20-шы Президенті Республикашы Протестант
21.   1881-1885 Честер Алан Артур (1829-1886), АҚШ 21-ші Президенті Республикашы Протестант
22. 1885-1889  Гровер Кливленд (1837-1907), АҚШ 22-ші Президенті Демократ Протестант
23. 1889-1893 Бенджамин Гаррисон (1833-1901), АҚШ 23-ші Президенті Республикашы Протестант
24. 1893-1897 Гровер Кливленд (1837-1907), АҚШ 24-ші Президенті Демократ Протестант
25. 1897-1901  Уильям Маккинли (1843-1901), АҚШ 25-ші Президенті Республикашы Протестант
26. 1901-1909 Теодор Рузвельт (1858-1919), АҚШ 26-шы Президенті Республикашы Протестант
27. 1909-1913 Уильям Хоуард Тафт (1857-1930), АҚШ 27-ші Президенті Республикашы Протестант
28. 1913-1921 Вудро Вильсон (1856-1924), АҚШ 28-ші Президенті Демократ Протестант
29. 1921-1923 Уоррен ГамалиельГардинг (1865-1923), АҚШ 29-шы Президенті Республикашы Протестант
30. 1923-1929 КэлвинКулидж (1872-1933), АҚШ 30-шы Президенті Республикашы Протестант
31. 1929-1933  Герберт Кларк Гувер (1874-1964), АҚШ 31-ші Президенті Республикашы Протестант
32. 1933-1945 Франклин Делано Рузвельт (1882-1945), АҚШ 32-ші Президенті Демократ Протестант
33. 1945-1953 Гарри Трумэн (1884-1972), АҚШ 33-ші Президенті Демократ Протестант
34.  1953-1961 Дуайт Дэвид Эйзенхауэр (1890-1969), АҚШ 34-ші Президенті Республикашы Протестант
35. 1961-1963  Джон Фицджеральд Кеннеди (1917-1963), АҚШ 36-шы Президенті Демократ Католик
36. 1963-1969 ЛиндонБейнс Джонсон (1908-1973), АҚШ 36-шы Президенті  Демократ Протестант
37. 1969-1974 Ричард Милхаус Никсон (1913-1996), АҚШ 37-ші Президенті Республикашы Протестант
38. 1974-1977 Джералд Рудольф Форд (1913 ж.т), АҚШ 38-ші Президенті Республикашы Протестант
39. 1977-1981  Джеймс (Джимми) Эрл Картер (1924 ж.т), АҚШ 39-шы Президенті Демократ Протестант
40. 1981-1989  Рональд Уилсон Рейган (1911 ж.т), АҚШ 40-шы Президенті Республикашы Протестант
41. 1989-1993 Джордж Герберт Уокер Буш (1924 ж.т), АҚШ 41-ші Президенті Республикашы Протестант
42. 1993-2001  Уильям (Билл) Джефферсон Клинтон (1946 ж.т), АҚШ 42-ші Президенті Демократ Протестант
43. 2001-2009 Джордж Уокер Буш (1946 ж.т), АҚШ 43-ші Президенті Республикашы Протестант
44. 2009-2017 Барак Хуссейн кіші Обама (1961 ж.т), АҚШ 44-ші Президенті Демократ Протестант
45 2017-күні бүгінге дейін  Дональд Джон Трамп (1946 ж.т), АҚШ 45-ші Президенті Республикашы Протестант

Дүние жүзі бойынша Нобель сыйлығына ие болғандардың 40% АҚШ азаматтары. Діни сенімі жағынан келсек, 64%-ы таза протестанттардан тұрады, иудейлер – 20%, католиктер – 11%,  мұсылмандар – 1%.

Мұның сыртында агностиктер мен атеистер, үнді, будда дін өкілдері мен тағы да басқалары бар.

Жер шары халықтарының 0,2% құрайтын (14 млн.) еврейлердің өзін бөлек қарастыратын болсақ, әрбір бесінші Нобель сыйлығының лауреаты (20%) – осы ұлттың өкілі.

Әлем бойынша, орташа есеппен алғанда, бұл 100 есеге көп.

Қытай – дәстүрлі діни ілімдерді жаңғыртылған жаңа идеологиялық жүйені қалыптастырудың құрамдас бөлігі ретінде тиімді пайдаланып келе жатқан елдердің бірі.

Мұнда негізгі дін БУДДИЗМ болып саналғанымен, ДАОСИЗМ мен КОНФУЦИЙ ілімдерінің орны ерекше.

Әсіресе, Конфуций ілімі қытайлықтардың күнделікті тұрмысында айрықша рөл атқарады. Өйткені, мұндағыфилософиялық тұжырымдарадамдардың өз міндеттері мен құқықтарын ой елегінен өткізуге жол ашады.

Конфуций мен оның шәкірттері туралы мынадай әпсана бар.

Бір күні дана ұстаздан айналасына таңырқай қарап жүретін шәкірті сұрапты: «АЙНАЛА ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН КЕРЕҒАР ҚАЙШЫЛЫҚТА БОЛМАЙ, БАРШАСЫМЕН ТАТУ-ТӘТТІ ӨМІР СҮРУДІҢ ЖОЛЫ БАР МА?» – деп.

Ойшыл ғұлама мүдірместен жауап береді: «Әрине, мұндай ұғым бар. БҰЛ – ЖҰМСАҚТЫҚ, МЕЙІРІМДІЛІК.

Қанша БИІККЕ көтерілсең де, ТӨМЕНДЕ қалғандарға құрметіңнен жаңылма. Егер алда-жалда ТӨМЕН құлдырап кетсең, ТӨБЕҢНЕН төніп, мазақтап жатқандарға кешірім таныт.

Есіңде тұт, әркім де ізгілік пен жексұрындықты бірдей арқалап жүреді. Сондықтан, айналаңдағы адамдардан көңілің қалмас үшін, олардың ПЕНДЕЛІК ӘЛСІЗДІКТЕРІНЕ кеңдік көрсете біл».

Бұл ІЗГІЛІККЕ ТОЛЫ ІЛІМДІ қытай халқы бойтұмардай қастерлейді.

Жоғарыда айтқанымыздай, ӘЛЕМДЕГІ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕРДІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК жағынан ғана қарастырдық.

ӘР ҰЛТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨЗ ТАРИХИ ТАМЫРЫ, ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ДӘСТҮРІ БАР.

Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханов: «ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ ЖАСАУ – БІЛІМНЕН ЕМЕС, МІНЕЗДЕН», –деп атап көрсетті.

Кешегі сталиндік зұлмат кезінің өзінде ұлт зиялылары әлемнің дамыған елдерімен терезесі тең ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІН құруға боларына кәміл сенді.

Соның ішінде Азия мемлекеттері ішінде Жапонияға көп қызықты.

Халел Досмұқамедовтің мынадай сөзі бар: «СЕНЕН БАСҚА ОНДАҒАН, ТІПТІ ЖҮЗДЕГЕН ҚАЗАҚТЫҢ БАЛАСЫ ЖОҒАРЫ БІЛІМ АЛЫП ЖАТҚАНЫН ОЙЛАСАҢ, БҰЛ ХАЛЫҚ ТА ЕҢБЕККЕ, ДАМУҒА ҚАБІЛЕТТІ ЕКЕНІН, БӘЛКІМ, БОЛАШАҚТА ӘЛЕМДЕГІ ӨЗІНІҢ ОРНЫН ОЙЫП ТҰРЫП АЛАТЫН ЕКІНШІ ЖАПОНИЯ БОЛА АЛАДЫ ДЕГЕНГЕ КӨЗ ЖЕТКІЗЕСІҢ».

Біразының «жапон тыңшысы» деп айыпталуының негізі осы.

Көне дәуірлерден бергі ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ үзілген жоқ.

ДІЛІМІЗ БЕН ДІНІМІЗДЕН аластатуға жасалған, екі ғасырға ұласқан саясаттың қанды шеңгелінен ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ САН ҒАСЫРЛАР БОЙЫ ҚАЛЫПТАСҚАН САЛТ-ДӘСТҮРІ, ӘДЕТ-ҒҰРПЫ, АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ, ТӨЛ ӨНЕРІ аман алып шықты.

Өткен ғасырдың орта шенінде белең алған ТҰТЫНУШЫЛЫҚ ИДЕОЛОГИЯСЫ әлемді БҮЛДІРУШІ ФАКТОР болғаны бүгінде бүкіл адамзат әлеміне аян.

ЖАППАЙ ӘЛЕУМЕТТІК МАСЫЛДЫҚ  ТУДЫРҒАН, Қазақстан тұрғай, дамыған елдердің өзінде жүзеге асыру мүмкін емес ЖАЛҒАН ИДЕЯНЫ – ЖАҺАНДЫҚ ДАҒДАРЫСТЫҢ БАСТЫ СЕБЕПТЕРІНІҢ бірі ретінде қарастыру қажет.

Қоғамда мұндай пікір бар.

Ұлы Абай әйгілі «Отыз сегізінші қара сөзінде»: «ӘУЕЛІ АДАМНЫҢ АДАМДЫҒЫ – АҚЫЛ, ҒЫЛЫМ ДЕГЕН НӘРСЕЛЕРМЕН», – деп жол көрсетеді.

Сан ғасырлар бойы халқымыздың алға ұмтылуына қызмет жасаған ұлы тұлғалардан мирас болып келе жатқан ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ, ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ жетерлік.

Халқымыздың мәдени мұрасын шашау шығармай жадымызда ұстап, САҚ, КӨК ТҮРІКТЕР ДӘУІРІНЕН келе жатқан ӨМІРЛІК ҚАҒИДАТТАРДЫ, ұлы ойшылдар ӘЛ-ФАРАБИ, ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИ, атақты билерімізТӨЛЕ, ҚАЗЫБЕК, ӘЙТЕКЕ бабаларымыздан мирас болған ДАНАЛЫҚТЫ берік сақтау, сайып келгенде, кемеңгер Абайдың ТОЛЫҚ АДАМ ІЛІМІМЕН жалғасып жатыр.

Осының бәрі ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕ –БЕРІК ҰСТАНЫМ болуы керек.

Адамзаттың ізденісі мен өркендеуі жолында Абайдан артық айтқан кім бар:

«ӨЗІҢЕ СЕН, ӨЗІҢДІ АЛЫП ШЫҒАР,

АҚЫЛЫҢ МЕН ҚАЙРАТЫҢ ЕКІ ЖАҚТАП».

Арыстанбек Мұхамедиұлы

Abai.kz

11 пікір