Жұма, 29 Наурыз 2024
3839 28 пікір 8 Қараша, 2019 сағат 17:40

Плагиат дауына ұшыраған вице-министр қызметінен босатылатын болды

Диссертациясы плагиаттық тексеруден өтпей, бас дауға қалған ҚР Білім және ғылым министрінің вице-министрі Фатима Жақыпова қызметінен босатылатын болды. 

Бұл туралы аталған Ведомство басшысының кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды.

- Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыпованы қызметінен босату мәселесі бойынша келесіні хабарлаймыз: қазіргі уақытта осы лауазымды тұлға басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Заңнамасына сәйкес атқарып отырған қызметінен босату бойынша келісу рәсімі жүргізілуде, - деп жазады ол.

Айта кетейік, бұған дейін министрлік қызметкері Жақыпованың диссертациясы плагиаттық тексеруден өтпейді, оған ғылыми дәреже заңсыз берілген деп айыптаған.

Плагиатқа қарсы ресейлік компания Жақыпованың диссертациясы маңындағы дауға араласып, өз зерттеулерінің нәтижесін жариялады. Нәтижесінде диссертация мәтінінің кем дегенде 52 проценті, яғни Ресей мемлекеттік кітапханасындағы мақалалар мен диссертациялар жиынтығынан алынған көшірме екенін растады.

Кеше, 7 қарашада сенатор Еділ Мамытбеков Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованы отставкаға жіберуді талап еткен болатын. Сенатта сөйлеген олл плагиаты екі бет дәлелденген Жақыпованың мекемесі бүгіндері үн-түнсіз отыруы орынсыз екенін айтқан.

Abai.kz

28 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3593