Жұма, 29 Наурыз 2024
Әне, көрдің бе? 5509 21 пікір 7 Қараша, 2019 сағат 19:12

ҚХА-ның 25 жылдығына арналған концертке 225 млн теңге бөлінді

2020 жылы ел Конституциясының қабылданғанына және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толады. Соған орай үкімет бірқатар мәдени іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр екен. 

Үкімет Конституцияның және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық жоспарды бекітті.

Аталған құжатта жазылуынша, билік Конституцияның 25 жылдығына арналған мерекелік концерт пен 2020 жылғы тамызда еліміздің Ата заңының 25 жылдығына арналған халықаралық конференцияны ұйымдастыруға 504,8 млн теңге бөлген. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай келесі жылы сәуір айында өтетін концертке республикалық бюджеттен 225,3 млн теңге бөлінген.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын атап өту жайлы аталған ұйымның Төрағасы, Экс-Президент Нұрсұлтан Назарбаев арнайы тапсырма берген. Бұл туралы биыл сәуір айында ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдағанда айтқан.

– Келесі жылы біз Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын атап өтуді жоспарлап отырмыз. Ассамблеяның мерейтойын орталықта да, барлық өңірде де жоғары деңгейде өткізуіміз керек. Келісім, тұрақтылық, халықтар достығы, түрлі этникалық топтар, діни конфессиялар арасындағы өзара құрмет мемлекетіміздің және дамуымыздың негізі саналады. Бұл жоспарланған іс-шараға арқау болуға тиіс, – деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұл іс-шаралардың жауапты атқарушысы Мәдениет және спорт министрлігі.

Ал Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұловтың айтуынша, ел үкіметі мәдениет пен спортты дамыту үшін 2020-2022 жылдары 304,7 млрд теңге жұмсау жоспарланып отыр. Оның 120,1 млрд-ы 2020 жылға бөлінген. Бұл қаражат театр, музей, кітапхана мен архивтер қызметін қамтамасыз етуге, спорт пен туризмді дамытуға, кадрлар дайындауға, фильмдер шығаруға жұмсалады екен.

Abai.kz
21 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3601