Сенбі, 20 Сәуір 2024
Көршінің көлеңкесі 4088 9 пікір 6 Қараша, 2019 сағат 11:58

Путин «Африка ойынында» сәтсіздікке ұшырады

Батыс ақпарат құралдары Ресей Африка айналасындағы «үлкен ойында» жеңіліс тапты деп жазып, оның себебін талқылауда. Мәселен Foreign Policy басылымы осы мәселеген байланысты «Ресей президенті В. Путин «Африка ойынында» сәтсіздікке тап болды» деген мақала жариялады.

Басылымның мәліметінше, Ресей-Африка елдерінің бірінші саммитінде Путин осы континенттегі ықпал ету үшін геосаяси күрестің АҚШ пен Қытаймен арадағы жағдайында «өз елінің ұсынғанының бәрін» көрсеткісі келді. Сонымен қатар, Ресей басшысы Ресейге «ұлы держава» мәртебесін қайтаруды көздеді.

Алайда мақалада Мәскеудің Африкаға қатысты жоспарларының бір бөлігі орындалмады, ал кейбіреулері бірқатар саяси қателіктерге байланысты орындалмайды. Экономикалық ынтымақтастық нашар дамуда - Ресей тауарларының тек 3,7 %-ы Африкаға, ал Ресейге Африка тауарлары импорттың 1,1 % құрайды.

Оңтүстік Африкада Ресей билігі президент Джейкоб Зумамен атом электр стансасын салуға келісім-шарт жасасуға тырысты. Алайда, сыбайлас жемқорлық жанжалынан кейін Зума үкіметі отставкаға кетті, ал оның мұрагері Мәскеумен келісуден бас тартты.

Мадагаскарда ресейлік «тролльдер фабрикасы» сайлауға әсер етуге тырысқанын. Алайда аталған елде халықтың 9,8%-ы ғана интернетті пайдаланадықтан, бұл тактика еш нәтиже бермеді, - дейді мақала авторы.

Гвинеяда Ресей елшісі президент Альфа Кондеге өз қызметінде қалуға мүмкіндік беретін конституцияға өзгертулер енгізуге шақырады, дегенмен саясаткер халықтың арасында танымал емес еді.

«Путин Еуропа мен Таяу Шығыстағы көптеген батыл әрекеттеріне қол жеткізсе де,  Африкадағы агрессивті маневрлері айқын шығындарға душар болды. Ресей тым алысқа кетсе, африкалықтар одан алшақтайды ... Сонымен қатар, Африкадағы сауалнамаларға сәйкес, респонденттердің 75%-ы еркін және әділ сайлау өткізуді қолдайды», - дейді шетел сарапшылары.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

9 пікір