Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 3044 2 пікір 6 Қараша, 2019 сағат 11:46

Цукерберг банк секторын бағындыра ма?

Марк Цукербергтің Фейсбуктегі командасы криптовалюта жасаумен айналысып жатқанын кеше білдім. Кеше Марк Конгресс алдында бірқатар сұрақтарға жауап беруге қайта шақырылды. Бұл кез оның АҚШ долларына төндіруі мүмкін қаупі талқыланылып отыр. Одан басқа, әлеуметтік желінің демократияға түсіріп жатқан көлеңкесі де Q&A сессиясының басты мәселесіне айналды.

Сонымен, Фейсбук өзінің ішкі және мүмкін болса сыртқы нарығына қолданатын криптовалютасын Libra деп атапты. Ол туралы әзірге мәлімет аз. Себебі оның пилоттық нұсқасы да жарияланбады. Бірақ Марк Цукербергтің осындай жобасы бар екендігі үкімет адамдарын алаңдатып үлгерді.

Libra дегеніміз не және оның артықшылығы неде? Бұл Фейсбук ішіндегі универсал банк қызметі. Оның алғашқы нұсқасы Paypal қызметіне көбірек ұқсайды. Бірақ ол сіздің смартфоныңыздағы қолма қол ақша. Ал смартфон сіздің әмияныңыз болмақ. Кейінгі 5 жылда ол толыққанды блокчейнге айналады. Libra электронды валютасын дүкеннен нан алғанда, киім алып, таксиге тапсырыс бергеніңізде және кез келген саудада пайдалана аласыз. Бұл нарықтағы қаржы институттарының 90 пайызын нарықтан шығарып тастауы мүмкін. Сол үшін де Wall Street алаңдап, Конгресске «долларды сақтап қалу» операциясын орындатып отыр.

Бір сөзбен айтқанда, Марк Цукерберг Фейсбук пен жарнамаға төлейтін клиенттер арасындағы делдал банктер және транзакциямен айналысатын қаржы институттарының табысын түбегейлі қысқартып, сыртқы нарықтағы ақша айналымын да өз бақылауына алмақ. Барлығы бір жерде. Ол, әрине, қарапайым тұтынушыларға оңтайлы болуы мүмкін. Бірақ банктер мен әлемдегі долларға негізделген «Орталық Банк» жүйесін құрдымға жіберуі бек мүмкін.

Фейсбук қаржы нарығындағы жобасы жайлы осы жылдың маусым айында жариялады. Жоспар бойынша, егер Үкімет пен Wall Street кедергі келтірмесе, Libra 2020 жылы іске қосылады екен. Бірақ Wall Street реакциясы үрейге толғаны сонша, 4 айға жетпей Марк Конгресске гриль болуға шақырылды.

P.S. Libra төмендегі суреттегі компанияларлың қызметтерінің аналогына айнала алады немесе солардың қызметіне айналады.

Жолдас Өрісбайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір