Сейсенбі, 27 Қазан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 110684. Жазылғандар — 105766. Қайтыс болғандар — 1796
46 - сөз 6110 13 пікір 4 Қараша, 2019 сағат 12:00

2 млн. гектар жайылым жер бір адамның қолында

Қазақстанда ұтымсыз, яғни біреулердің қолында, бірақ пайдаланбай - бос тұрған тек жайылым жерлер (егістік емес) қанша, білесіздер ме? 35 млн га! Ол көп пе, аз ба?

Бұл жер көлем бойынша Польшадан артық, бірақ Германиянадан сәл-пәл кем жер екен. Бос тұрған, малы жоқ, көлемі Польшадай жайылымды елестете аласыздар ма? Миға симайтын нәрсе, иә? Уот қандай блатной латифундистер бар бізде.

Мысалы, тек Маңғыстауда бір адамның қолында 2 млн. га бос тұрған жайылым жері бар екен. Ол үш Латвияға тең! Үш Латвия бір адамның қолында, түсінесіздер ме?

Жақын арада космомониторинг туралы бұйрыққа қол қойылу керек. Өткен бейсенбіде вице-премьер Склярда бұл тақырыпқа арналған үлкен жиналысты өткіздік.

Қарашада жақсы жаңалықты күтеміз, амандық болса.

Мұхтар Тайжанның facebook парақшасынан

Abai.kz

13 пікір