Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 4539 5 пікір 1 Қараша, 2019 сағат 11:48

"Халық ұйқыда" дегендер қатты қателеседі...

"Халық ұйқыда" дегендер қатты қателеседі...
"Ұйқыда" дегеннен гөрі, бұл жағдайды "Дауыл алдындағы тыныштық" деп суреттеген дұрыс секілді..

Қалалықтардың ортасында жүрмін..

Апта сайын болмаса да, ай сайын Оңтүстіктің ауылдарын аралаймын.
Одан қалса ала жаздай Қазақстанның солтүстігі мен шығысын араладым.

2019 жылдың басынан "Шымкент адалдық алаңы" жобасының жұмыстарына белсене араластым.
Партия мүшесі болмасам да «НұрОтан» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесіне мүшелікке шақырып еді. Бас тартпадым.

Бірер күн бұрын сол Қоғамдық кеңестің құрамында азаматтарды қабылдауға қатыстым. БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы қаншама хабарландыру берілсе де, қабылдауға 1-ақ азамат келді. Оның өзін мен арнайы шақырғам.
(30 жыл мұғалім болып істеген баспанасыз әріптесім. Күйеуі 1-топтағы мүгедек. Азамат болып қалған 2 ұлы бар екен - екеуі де жұмыссыз)
Миллион! тұрғыны бар қалада - 2 сағат ішінде қабылдауға 1! ғана азамат келді.

Осыдан-ақ өздеріңіз ой түйе беріңіздер. Тек "Халықта еш проблема жоқ. Бәрін шешіп тастағанбыз" деп жүрмеңіздер.

Жүрген жерімде адамдардың көңіл-күйін зерттейтінім бар...
Халық билік өкілдеріне де, үлкенді-кішілі депутаттарға да, саяси партияларға да, және "Оян, қазақ" деп жүрген түрлі қозғалыстардың бір де біреуіне сенуден қалған..

"Ұлттық Сенім Кеңесі" құрылғанда халықта бір үміт пайда болып еді.
Қазір ол үміт те күн өткен сайын көмескіленіп, ел арасында "Қос билік" туралы қауесет бел алып бара жатыр.

"Қос билік жоқ" деген құрғақ сөзбен халықты сендіру қиын.

Не істеу керек?

Болатын нәрсе болмай қоймайды.
Сондықтан, Ұлттық Сенім Кеңесі халықтың сенімінен біржола айырылып, үмітін сөндіргісі келмесе, ешкімге жалтақтамай құрылғандағы мақсаты бағытында батыл әрекетке көшкені жөн. Әйтпесе, бірер айда өздеріне берілген "Сенім лимитін" олар да біржола тауысады.
Құдай үмітсіздіктен сақтасын!
Қырғыздың 2 төңкерісі де, биліктің халықтың сенімнен айырылуының жемісі еді.
Қазақ билігі содан сабақ алмады.
Бірақ әлі де кеш емес..
Мынау мүлгіген тыныштық алдамшы екенін ұмытпаңыздар!

Өмір Шыныбекұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3580