8 Қыркүйек, 2014 сағат 11:14
Осыған байланысты 1957 жылы 26-қарашада «Қазақ әдебиеті» газеті үлкен талқыға түсті. Ұлттық мәдениеттің мүддесін қорғап, «жаңа ұлтшылдықпен күреске» жол бермес үшін, іргелі жазушылар, соның ішінде М.Әуезов те талқыға қатысты.
29 Тамыз, 2014 сағат 13:15
1957 жылы 27-қыркүйекте Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 60 жасқа толған мерейтойы бүкілодақтық көлемде, мемлекеттік деңгейде салтанатпен аталып өтті.
19 Тамыз, 2014 сағат 13:19
Жиырма бес жылға созылған қуғын мен сүргіннің сүркілі көзінің отын сөндірсе де, жүрегінің отын сөндірмеп еді. 1954 жылы ақпанның 24-жұлдызы күні диктовка[1] жасап тұрған кезінде біресе көзінен жас бұршақтай тамып, біресе тиылып, қыстығырылып барып...
31 Шілде, 2014 сағат 15:22
Қазіргі күннің тақырыбына жазған Әуезовтің, Мүсіреповтің, Мұқановтың, Құсайыновтың, Әбішевтің, Иманжановтың пьесалары әлі де нағыз кеңестік драматургияның деңгейіне жеткен жоқ, олар тек маусымдық талаптарға ғана жауап беріп келеді, олар шығарманың әдеби, тарихи, көркем құндылықтарын анықтай алмайды.
9 Шілде, 2014 сағат 07:53
Бұл фотосурет Омбы мемлекеттік тарихи-өлкетану мұражайының қорында сақталып келген Императорлық орыс географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің ісінен табылды.
19 Маусым, 2014 сағат 12:58
М.Әуезов: «Жолдастар, мен өз сөзімді, уақыттың шектеулі болғанына қарамастан, біздің жазушылар ұйымына, біздің жұртшылығымызға, біздің қазақ кеңес әдебиетіне, біздің социалистік мәдениетімізге дос көңілмен қарайтын қауымға, менің шығармашылығыма зерелі көңіл бөлген және менің басымнан өткен ең қиын да маңызды кезеңде мені демеген, менің ойымша, қазір де демеп отырған осы жұртшылыққа тереңнен шынайы буырқанып шыққан алғысымды білдіруден бастағым келеді.
9 Маусым, 2014 сағат 12:57
Тергеушілер бір күні мені бір жеке бөлмеге қамап кетті. Ішінде еш нәрсе жоқ. Тек қана ортасында турник құрулы тұр. Бұл не, мені турник ойнасын деп қойған ба деп таңдандым. Байқасам, бір уақтарда бөлмем қатты жылынып, бірте-бірте ысып барады. Табаным күйіп барады. Саса бастадым.
9 Маусым, 2014 сағат 12:40
Оны көрсетуіміз керек, бірақ, біздің кейбір Нұрышев сияқты сыншыларымыз құсап, тісіңді шықырлата шайнап тұрып: «Шіркін, мына араны балғамен періп қалсам, ғимарат опырылып түсер еді-ау»,– деп құшырлануға болмайды.