Сұхбаттар | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Сұхбаттар

Жәрдемші

Жарасбай Сүлейменов: «Үш партия бірлікте болса, жұмыс жанданады»
7 Ақпан 2012


«Ақжол» партиясы басында «Біз алаштың туын көтеріп шығамыз. Ә. Бөкейхановтардың ізбасары боламыз» деп халыққа үндеу тастағанан кейін, іріктелген құрамда да зиялылардың болғаны дұрыс еді деген пікірдемін. Өйтіп халықты алдап керегі қанша?

 

 


Ақберен Елгезек: «Ұпай жинау үшін өлең жазу қолымнан келмейді»
2 Ақпан 2012


«Жаңаөзендегі жағдай тынышталды, көтерілген жұртты қарумен басып тастадық» деп жоғарыдағы азаматтар ойлайтын болса, қатты қателеседі. Өз халқына қару қолданып, әділдік іздеген азаматтарды құрбандыққа шала салу - үлкен күнә. Бұның арты жақсылыққа апармайды.

 

 


Земфира Ержан: «Нобель сыйлығының лауреттары жыршылардың ішінен шығуы мүмкін»
31 Қаңтар 2012


Земфира Ержан (суретте) 2009 жылы қазақтың эпостық жырларын жататтыру арқылы қазақ тілін үйретудің жобасын қолға алған болатын. «Қобыланды»-жатқа» деп аталатын жоба - тіл үйретудің бұрынғы-соңғы әдістерінен ерекше жоба. Аталған жоба туралы төмендегі сұхбатымыздан қаныға түсесіздер.

 

 


Айдос Сарым: «Жаңаөзеннен кейін билік өзін шектеуге мәжбүр бола береді»
20 Қаңтар 2012


Екіншіден, елге, ұлтымызға шынайы саяси модернизация қажет екені көрініп отыр. Бір ғана мысал келтірейін. Көршілес, кедендес Ресейдің өзі саясипартиялық жүйесін дамытайын деп отыр. Айналып келгенде, Путиннің қолындағы қаржы мен билік Назарбаевтікінен көп болмаса, еш кем емес шығар.

 

 


Амангелді Айталы: «Ақ жолдың» атынан өткен депутаттарға күдігіміз басым»
19 Қаңтар 2012


«Ақ жолдан» барған кәсіпкерлер алдымен өздерінің фирмаларын дағдарыстан шығаруға күш салар. Үкіметпен, салық комитеттерімен байланысып, жеке кәсіптерін, баққан қойларын құтқарар, бірақ, елді бұлар құтқарады деп айта алмаймын.

 

 


Әміржан Қосанов: ««Парламентке енбеген саяси күш алаң мен көшеге шығары хақ» »
17 Қаңтар 2012


Алматы әкімшілігі  баяғыша бізге Сарыарқа кинотеатрының  артындағы саяжайдан орын беріп  отыр. Бірақ біз дәл орталық  алаңға шықпақшымыз. Ата Заң  бойынша оған толық қақымыз  бар. Қалай болғанда да 15 қаңтардан кейін саяси оппозицияның да тактикасы өзгерері сөзсіз.

 

 


Дос Көшім: «Сайлау бюллетенінен «Барлық кандидаттарға қарсымын» деген графа алынып тасталған»
15 Қаңтар 2012


ТМД бақылаушылары әрине, биліктің күткен «бәрі де жүз пайыз дұрыс өтті» деген бағасын береді. ЕҚҰЫ-да әдеттегідей «өрескел заң бұзушылық орын алған жоқ» деумен шектелетін болуы керек. Шынымды айтсам, аталған ұйымдар атынан сайлауға берілетін бағаның алғашқы сөйлемін жатқа білетін сияқтымын.

 

 


Ерлан Қарин: «Жаңаөзен қайғысына ортақтасу – қазақтығымызға да, мұсылманшылдығымызға да борыш»
10 Қаңтар 2012


Әу баста бұқаралық ақпарат құралдары, зиялы қауым өкілдері, тіпті кейбір саясаткерлер бар, бәрі бірауыздан  толқуларды «сыртқы  күштер» ұйымдастырғанын алға тартқан болатын. Әрине, сыртта қашып жүрген биліктің кейбір қарсыластарының қайта-қайта арандатуы жағдайдың бір мезгілде өршіп кетуіне өзінің үлесін қосты.

 

 


Тұрсын Жұртбай: «Қазақты бөлетін емес, біріктіретін идеяда жұмыс істеу керек»
22 Желтоқсан 2011


Менің қолымдағы материалдардың жалпы көлемі 2 300 беттен асады. Сол кездері «Алаш орда» партиясының кеңес өкіметіне қарсы астыртын іс-әрекеттері» деген 14 томнан тұратын істің әр тұсынан болса да 2 мың беттей көрсетінділерді жазып алыппын. Бұл материалдар мен деректер кезінде жекелеп баспасөзде жарияланды.

 

 


Ахмет Алияз: «Мен қазақ халқына ризамын»
2 Желтоқсан 2011


Енді тіл үйрену үшін не істеуіміз керек деп жүргенде бүгінгі достықтың бойындағы 2-ші мектеп интернат қазақ балалары оқитын жер еді. Сол аймақтың жатаханасынан институттың ректоры бізге орын бергізді. Және кетіп бара жатқанымызда «Сендердің қазақша үйренулеріңе қажетті орта сол ғана.

 

 


RSS-материал
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>