Бас тақырып | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Бас тақырып

Жәрдемші

Интернет-конференция: Таласбек Әсемқұлов
7 Ақпан 2012


Конференциямыздың кезекті қонағы - жазушы, кинодраматург, мәдениеттанушы Таласбек Әсемқұлов ерекше дарын, бөлекше болмыс иесі. Заманымыздың сұңғыла ойшылдарының бірі - Таласбек мырзамен мәдениет, әдебиет, күйшілік өнер, кино саласы мен жеке шығармашылығы жайында бөлісер ой, қояр сауал болса, мәрхабат.

«Абай-ақпарат»

 

 


«Егеменнің» емеурініндегі сөз не?
3 Ақпан 2012


«Егемен Қазақстан» газетінде «Өз елінде өзі қонақ болғысы келетін оралман ағайындардың ойлағандары не?» деген тақырыпта мәселелі мақала жарық көрді. Мақала авторы, газет тілшісі  - Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ мырза.

«Қазақ елінің тәуелсіздік алуы республикадан тысқары жерлерде жүрген отандастарымыздың ата­жұртқа оралуына кең жол ашты. Егер деректерге жүгінер болсақ, 1991-2011 жылдар аралығында 221,3 мың отбасы немесе 860,4 мың қандастарымыз Қазақстанға келген екен» деп жазады «ЕҚ»-ның тілшісі. Әріптесіміз әлгіндей статистикалық дерекетрді көші-қонға бөлініп жатқан квота көлемімен жалғастыра келіп, Атажұртына оралған ағайындарымыздың  Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарына жиі қоныстанатынын тілге тиек етеді де «Оның сыры неде?» деген сұрақ қояды.

 

 


Интернет-конференция: МузАрт (басы)
2 Ақпан 2012


Қазақ ән өнерінде халықтың ықыласына бөленіп, құрылғанына 11 жылға айналса да өнер биігінен түспей келе жатқан «МузАрт» тобы оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдарды топтай келіп: «Уақыттың тапшылығына байланысты біртекті сұрақтардың басын біріктіріп, бір-ақ жауап беруге тырыстық. Кейбір ұсыныс, сауалдарыңызға жауап бере алмасақ кешірім өтінеміз. Болашақта да байланыста боламыз деген үміттеміз», - деп жауап қатып отыр.

«Абай-ақпарат»

 

 


Интернет-конференция: МузАРТ тобы
25 Қаңтар 2012


Қазақ ән өнерінің көгінде айрықша таңбаланып, барша жұрттың жүрегінің төрінен орын алған әншілік топтың бірі де, бірегейі де - МузАРТ тобы.
Әрбір әні хитқа айналған МузАРТ тобы қазақ ән өнеріне жасалған батыстық, шығыстық, орыстық экпансияны тоқтатып, ұлттың өз әуенін, өз әнін мыңдаған жүректерде қайта түлетті. Яғни, ауданды халқымыздың ұлттық қорғаныстық қабілетін қатаютуда аталған топтың еңбегі зор.  МузАРТ -  тыңдарманның талғам өресін көтеріп, ескі мен жаңаның арасын жалғаған алтын көпір болды.
Сонымен, конференциямыздың кезекті қонағы - МузАРТ тобы. Топтың әйгілі әншілеріне  қояр сауал, бөлісер ой, айтар тілектеріңіз болса, мархабат.

«Абай-ақпарат»

 

 


Ескі де жаңа үкімет: тағайындаулар жалғасып жатыр
24 Қаңтар 2012


Жаңа Мәжілістің қолдауымен орнында қалған ескі де жаңа үкіметте ішінара өзгерістер мен тағайындаулар жалғасып жатыр. Соның кезектісі кеше кешке болды. Президенттің жарлығымен Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал, бұрынғы атауын қайта алған Мәдениет және ақпарат министрілігінің екі тізгін бір шылбыры Дархан Мыңбай мырзаның құзырына тиді.

 

 


Сайын Бөлек. Бәрекелді, Ерлан Арын мырза!
23 Қаңтар 2012


... Сонымен сөйтіп, нөмірі бесінші Мәжілістің алғашқы сессиясынан (20 қаңтар, Парламент үйі, Астана) кейін,  2-ақ депутат   қарсы болып, 105-і қолдаған соң қызмет орнында қалған Мәсімов «халық қалаулыларына» рахметін айтып шыға сала өз кабинетін қайта жасақтауға кірісті. Үкіметбасшысы ауыспаған соң үкіметтің құрамындағы ішінара ауыс-түйіс пәлендей қызықты емес сияқты. Әйткенменде атап өтуге тұрады. Неге десеңіз, шаруашылықта ісі шамалы Қайрат Қожамжаров сияқты жігіттер облыс әкімі болып шыға келді де, бұрынғы байланыс және ақпарат министрлігі бөлініп, тарап тынды. Сондай-ақ жалпы елге беймәлім адамдар аймақ басшылығының екі тізгін, бір шылбырын қолға алуда.

 

 


Мәжіліс: «Шенеуніктің ажалы»
20 Қаңтар 2012


Шенеунік десе, көз алдыңызға қандай адамның кейпі келеді? Әркім әртүрлі айтар. Алайда, түрлі-түрлі әңгімелердің түпкі ағысы тоғысады. Неге? Себебі, қай заманда да шенеунік атаулының психологиясы, болмыс-бітімі өзгермейтінге ұқсайды. Мысалы, орыс жазушысы Антон Чеховтың әйгілі «Шенеуніктің ажалы» деген әңгімесінің кейіпкерін өткен шақтан іздеп әуре болудың қажеті жоқ. Өйткені, олар - шенеуніктер қай заманда да Чехов жазғандай қалыптан шықпайды. Шенеунік атаулы да ұлт болмайды. Тек бастық қана болады.

 

 


Бесінші шақырылым депуттары (тізім)
19 Қаңтар 2012


Сонымен, сайлау өтіп, көппартиялы парламент жасақталды. Оның алғашқы отырысы қаңтардың 20-сы күні өтетіні туралы президент жарлығы шықты.
Сол сайлау - баяғы сайлау. Ескі тәсіл, көнерген әдіс, ескірген сөз, көре-көре қоғамның көзіне шыққан сүйелдей болған сөзі бар, ісі жоқ топ-топқа бөлінген тұлғалар. Біз білетін, көріп жүрген саясат шамамен осындай. Ал, ресми тұрғыда айтсақ, «Қазақстан тарихында осымен екінші рет жасақталып отырған көппартиялы парламент елдегі демократияның қарыштап алға басқанының дәлелі». Міне, екі әлемнің екі сөзі.
Хош, бесінші шақырылымдағы Мәжілістің төрінен көретін үш партиядан жасақталған «су жаңа» депуттардың тізімі мәлім болды. Төменде сайлауда «жеңіп» шыққан партиялардан парламентке «халықтың өкілі» болып баратын адамдардың тізімін толық жариялап отырмыз.
Айтпасқа болмайтын бір нәрсе: «Нұр Отан» партиясының тізімінде «қаржылық дағдарыспен күресуге қауқарсызбыз» деп өзін-өзі таратқан төртінші шақырылым депутаттары да жүр. Соған қарағанда, ол кісілер өз бойларынан қаржы дағдарысына қарсы тұратын төтенше қайсарлық тапқан-ау деп ойладық.
Көппартиялы парламент құтты болсын, сайлаушылар!

«Абай-ақпарат»

 

 


Сайлау қортындысы: «Нұр Отан», «Ақ жол», «Қазақстан коммунисттері» - көппартиялы парламент
17 Қаңтар 2012


Сонымен, Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының қортындысын жария етті.
Мерзімінен бұрын өзін-өзі таратқан төменгі палатаның жаңа құрамы бірнеше саяси партиядан жасақталады деген әңгіме шынға айналып, екі ай бойы елді елеңдеткен саяси дода да мәреге жетті.  Бесінші шақырылымға «Нұр Отан», «Ақ жол», «Қазақстан Коммунисттер» партиялары өткен екен. Соңғы әрі нақты нәтижені төменде толықтай беріп отырмыз. Осымен сөз тәмәм.

«Абай-ақпарат»

 

 


Интернет-конференция: Нұрлан Ерімбетов
13 Қаңтар 2012


Өткен жылдың аяғы қоғамдық-саяси оқиғаларға толы болды.  Кедендік одаққа кірдік.   Өзін-өзі таратқыш Мәжіліс мерзімінен бұрын тарап, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын атап өттік. Тап сол күні Жаңаөзенде төтенше оқиға бұрқ ете қалды, т.б.

Өткен өтті, Алашты алда қандай күндер күтіп тұр? Біз қайда бет алып барамыз? Осы ретте, конференциямызың кезекті қонағы саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов оқырманмен ой бөлісіп,   өз пікірін ортаға салмақ ниетте.

«Абай-ақпарат»

 

 


RSS-материал
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>