Шоқан | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Мәжілістің жаңа құрамы: «Нұр Отан» - 83, «АҚ ЖОЛ» - 8, «Қазақстан Коммунистік партиясы» - 7, Ассамблея - 9;
Айтқыш екен
Саяси элита Кремльдің құзырында, Ресейде, баяғы балшабектер билігіндегі Советстанда, ал, бұқара халық өкіметсіз әм үкіметсіз Қазақстанда өмір сүреді.



Загрузка

Шоқан

Жәрдемші

Шоқан (Мұхаммед-Ханафия) Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі мен қызметі
30 Қазан 2010


Ш. Ш. Уәлихановтың ата-бабалары байырғы сұлтандар әулетіне жатады. Оның бабасы, Орта жүздің ханы Абылай алғашқылардың бірі болып Ресейдің қол астына кіріп, өмірінің соңына дейін Ресеймен сауда және саяси байланыс жасап отырды. Абылайдың үлкен баласы, Орта жүздің соңғы ханы Уәли бұл байланысты одан әрі дамыта түсті*2. Шоқан Уәлиханов фамилиясына туған атасы Уәли есімін алады.

ХIХ ғасырдың екінші жартысында Г. Н. Потанин жазып алған Уәлихановтардың отбасына қатысты әңгімеде былай делінеді: «Уәли ханның екі қыстауы болған, бірі - Көкшетаудың шығыс жағындағы хан көлінде, екіншісі - Сырымбетте. Абылайдың бәйбішесі Сайманнан өрген ұрпақтар қазір де сонда (яғни, Бурабай жағасында) тұрады. Айғанымның (Уәли ханның кіші әйелі) балалары Сырымбетте»*3.

Уәли хан мен оның ұрпақтарына мұрасы ретінде тиген Бас орда Бурабай көлінің жаға-сында орналасқан және ол түрліше (Орда, Хан көлі, Ханның Қызылағашы т. с. с.) атпен белгілі болатын.

Хан билігі жойылып, «Сібір қырғыздары жөніндегі Жарғы» қабылданғаннан кейін Уәли ханның мұрагерлікке қалдырған жерлері балаларына бөлініп берілді. Оның қара шаңырағы Қызылағаш үлкен баласы Ғұбайдоллаға және оның ұрпақтарына көшіп*4, ал Сырымбет Уәлидің кіші әйелі Айғанымның балаларының еншісіне тиді.

Шоқанның әкесі, Абылай ханның немересі Шыңғыс Уәлиев 1811 жылы Қызылағашта (басқа деректер бойынша Сырымбетте) туған. Уәли қайтыс болғанда Шыңғыс жеті жаста еді. Шыңғыс жас кезінен бастап орыстармен тығыз қарым-қатынас жасады, Омбы әскери училищесін тамамдады, патша әкімшілігіне жақын қазақ ақсүйектерінің бірі болды. Әке мұрасына Уәлидің үлкен баласы Ғұбайдолла ие болу керек еді, алайда саяси себептерге байланысты ол өзінің бұл құқығына ие бола алмады. Сөйтіп отбасына Уәли ханның жесірі, Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғаным (1783-1853 жж.) бас болады.

Айғаным ақылды, көреген, өзінің заманына сай білімді болған әйел. Ол шығыстың бірнеше тілдерін білген, орыс мәдениетіне ден қойып, Сыртқы істер министрлігінің Азия департаментімен және Петербордағы Сібір комитетімен хат жазысып, байланысып отырған. Айғаным жергілікті халықтың арасында өте зор беделге ие болды. Мұрағат мәліметтері Айғанымның қоғамдық-саяси мүдделерінің өте ауқымды болғанын көрсетеді. «Сібір қырғыздары жөніндегі Жарғы» қабылданғаннан кейін, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы қандай да маңызды оқиғалар оның қатысуынсыз өткен емес.

 

 

 


Шоқан дүниетанымы: бұрынғы ұғымға жаңа көзқарас
12 Желтоқсан 2010


Қазақ халқының ұлы перзенті, аса көрнекті ойшыл, ағартушы-демократ Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың (1835-1865) заңғар тұлғасы мен шығармашылық мұрасы әр қы­рынан сараланып, өз бағасын алып келеді. Оның дүниетанымы, әлеуметтік-саяси және эко­но­микалық көзқарастары, шығыстанушы, тарихшы, географ, этнограф ретіндегі бітімі, әдебиет, тіл мен өнер мәселелері жөніндегі мұралары сан алуан еңбектердің арқауы болды.

 

 


Павлодар мұражайында Шоқан Уәлихановты еске алу шарасы өтті
29 Қараша 2010


ПАВЛОДАР.  Қарашаның 29-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -  Павлодардағы Шафердің мұражай-үйінде  жергілікті  суретші  және педагог,  Сырымбет ауылының  тумасы  Ерсін  Тақырбасовпен    өткен кездесу    танымал  географ, этнограф  және  ағартушы Шоқан  Уәлихановтың   175   жылдығына арналды. Бұл туралы   мұражай  директоры Татьяна Корешкова хабарлады.

 

 


Шоқан жайлы шынайы еңбек
9 Қараша 2010


Көрнекті этнограф-ғалым, саяхатшы Шоқан Уәлихановтың туғанына 175 жыл толуына орай Мемлекеттік Орталық мұражайда көрме ашылды. Салтанатқа қатысушылар «Шоқан Уәлиханов. Таңдамалы шығармалар» деген атпен жарық көрген...

 

 


[ҰЛЫ ЖҮЗ ҚАЗАҚТАРЫН БАСҚАРУ ТУРАЛЫ]
2 Қараша 2010


Айналамызда, империяның қиыр шетіндегі халықтар ұйқыдан ояна бастады, оларды жүздеген жылдар бойы басқан қара түнек жоғала бастады*1. Қытайдағы ішкі толқулар осы кезге дейін тыныш жатқан алпауыт елдің  ақыл-ойының оянуына түрткі болып, бұл қандайда бір табиғи жолмен болатын төңкеріс арқылы шешілуі тиіс. Басқа жағынан алғанда, Бұхарадағы Орта Азияның мұсылман хандықтарында түрік сұлтанының араға от салатын фирмандары пайда болыпты, оны Бұхара әмірі мұсылмандар арасына өз эмиссарлары арқылы таратпақ, ұзынқұлаққа қарағанда ағылшын алтыны мен Стамбулдан адамдар пайда болған; орыс тауарлары ортазиялық базарларда бәсекесіз біріншілікке ие боп тұрған, жақын уақытта ағылшын тауарлары мен еуропалық жетілген мылтықтардың да пайда болары күмәнсіз. Мұның барлығы сақтық шараларын қабылдауды талап етеді.

 

 


АЛҒЫ СӨЗ
30 Қазан 2010


Ш.Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасын жинап, сараптап, құрастыруда зор еңбек сіңірген ғұлама ғалым, академик Ә.Х.Марғұлан

 

 


Шоқан (Мұхаммед-Ханафия) Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі мен қызметі
30 Қазан 2010


Ш. Ш. Уәлихановтың ата-бабалары байырғы сұлтандар әулетіне жатады. Оның бабасы, Орта жүздің ханы Абылай алғашқылардың бірі болып Ресейдің қол астына кіріп, өмірінің соңына дейін Ресеймен сауда және саяси байланыс жасап отырды. Абылайдың үлкен баласы, Орта жүздің соңғы ханы Уәли бұл байланысты одан әрі дамыта түсті*2. Шоқан Уәлиханов фамилиясына туған атасы Уәли есімін алады.

 

 


Ш. Ш. УӘЛИХАНОВ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІКТЕР
30 Қазан 2010


Н. И. ВЕСЕЛОВСКИЙ

Аққан жұлдыз

Қырғыз хандарының ұрпағы және орыс армиясының офицері Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шығыстану көгінен құйрықты жұлдыздай ағып өтті. Орыс шығыстанушылары оны бір ауыздан ерекше құбылыс деп мойындап, болашақта түркі халықтарының тағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар ашады деп үміттенген еді, бірақ Шоқанның мезгілсіз дүние салуы бізді бұл үміттен айырып отыр.

 

 


А. Н. ПЫПИН Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов туралы
30 Қазан 2010


Қырғыз Шоқан Уәлихановтың өмірбаяны өте қызықты құбылыс - азиялық және еуропалық қасиеттердің қосындысы. Шыққан тегі бойынша Уәлиханов өздерін Шыңғысхан тұқымымыз деп есептейтін қырғыз аристократиясына жататын (ол 1830 жылдың екінші жартысында туған)*1. Ол - қырғыздың соңғы ханы Уәлидің немересі және Орта жүз қырғыздарының Ресейге қосылуы орын алған кезде билік құрған Абылай ханның шөбересі.

 

 


П. И. НЕБОЛЬСИН [Ш. УӘЛИХАНОВ ПЕТЕРБОРДА]
30 Қазан 2010


Көп ұлысты Петерборда, бізде жарияланған діни-сенім бостандығының көрінісіндей басқа сенімдегі бірнеше шіркеу орын тепкен Невский даңғылы бар, Петерборда бізде қырғыздар сирек; мұнда олар бар-жоғы бес адам ғана болар. Олар жалпы еуропалық әскери киім киіп жүреді және біреуінен басқасының назар аударатындай ешбір ерекшелігі жоқ.

 

 


RSS-материал
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>