Алашорда | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Алашорда

Жәрдемші

Нұрлан Дулатбеков. Алаштың Ақбаевы
6 Ақпан 2012


Жалпы, жоғарыда атап өткеніміздей, Жақып ағаның өзі де дәулетті отбасынан шыққан, қайын жұртының көмегі, қамқорлығы өз алдына бір сала. Сондықтан да ақша-қаржы жөнінен көп мұқтаждық көрмеген. Соған қарамай, орнықты мінезді, алғыр жігіт алтын уақытын, алған қаржысын серілік-селтеңге зая кетірмей, жан-жақты білім алуға жұмсаған. Жоғары оқу орнында Жакыптың табиғи дарыны барынша ашылып, талапты да тәлімді шәкірт ретінде танылған.

 

 


Нұрлан Дулатбеков. Алаштың Райымжаны
1 Ақпан 2012


Ұлт-азаттық қозғалысының «Алаш» идеясының маңайында топтасуында үлкен саяси мағына бар. Қазақтың зиялылары Алаш идеясын тек қана туысқандықтың белгісі ретінде қолданбай, мемлекеттік идея дәрежесіне көтере білді.

 

 


Тұрсын Жұртбай. «Сөзі де – ақ, өзі де - ақ» - Міржақып Дулатов (жалғасы)
30 Қаңтар 2012


Сауатымның төмендігінен, білімімнің жетімсіздігінен, шәкірттік жылдарымның Торғай мен Қостанай сияқты түкпірдегі қалада өткендігінен, сондай-ақ ауылда бес жыл жүріп қалуым жалпы саяси мәселелермен танысуға және онымен айналысуыма мүмкіндік бермеді, сондықтан да сол кезге дейін мен саяси тұрғыдан алғанда сауатсыз болдым, патша үкіметімен күресетін саяси партиялардың бар екендігін тек Байтұрсыновтан ғана естідім.

 

 


Сағымбай Ботпайұлы. «Қазақ үшін шам қылған жүрек майын...»
23 Қаңтар 2012


Алып тұлғаның ұлт азаттығы мен рухани кемелдену жолында атқарған өлшеусіз тарихи еңбегі «қазақтың ұзын-ырға тарихымен жалғасып кететін қызмет, істеген ісімен өзіне орнатылған ескерткіш - мәңгілік ескерткіш» (М.Әуезов) болып қалады. «Қазақ халқын байға, кедейге бөлмей намысын бірдей жыртып, арын бірге жоқтаған» (С.Сейфуллин) А.Байтұрсынұлы қазақ руханияты мен қоғамдық тарихындағы бірегей құбылыс.

 

 


Райхан Сахыбекқызы. Қазақ әліпбиі немесе Байтұрсынұлы емлесі
17 Қаңтар 2012


Ахаң әліпбиі мен оның «Оқу құралы» атты қазақша әліпби оқулығына  - 100 жыл
Ұлағатты ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы туған тіл туралы өзекті мақалаларында: «Тіл - адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. ...Біздің заманымыз - жазу заманы, жазу мен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман» деп жазған екен. Шындығында, ол қазақ әліпбиін түзеп, түрлеудің, ана тілінде оқулықтарды жазудың мәні зор екенін ғасыр басында қоғами ахуалмен байланыстыра отырып, ауыр жүкті қолға алып, замандастарымен бірге ұлт тілінің келешегі үшін күрескен кемеңгер.

 

 


Тұрсын Жұртбай. «Ұраным – Алаш!..». «Сөзі де – ақ, өзі де - ақ» - Міржақып Дулатов (жалғасы)
9 Қаңтар 2012


«Екінші бүкілқазақ құрылтайынан кейін, 1917 жылы ғой деймін, Дулатов «Алашорда» орталық үкіметінің тапсырмасымен Түркістандағы қазақтарды «Алашордаға» қосу мақсатымен Түркістанға барған. Ол кезде Қызылорда, Жетісу облыстары Қоқан үкіметіне қарауды жөн көрген болатын. Дулатов Түркістандағы құрылтайда сөз сөйледі. Қожанов екеуі сонда танысқан екен. Кейін Дулатов Ташкентке келгенде Қожанов қатты қуанып, оған газет шығаруды ұйымдастыруды тапсырады. Бірнеше күннен кейін ол «Ақ жол» газетін ашты. Ресми редакторы Қожанов болғанымен де, сол кездегі бар жұмысын Дулатов жүргізді. Сол тұста Жетісуда жер реформасы жүргізілді. Оған Сафаров пен Қожанов қатысты. Орынборлықтар Дулатовты Қожановтың жақын тартқан қызметкері деп есептейтін. Сондықтан да орынборлықтар Ташкенттегі астыртын ұйым құруды Дулатовқа тапсырады».

 

 


АЛАШ МАРШЫ
4 Қаңтар 2012


Жоғарыда сөз болған «Арғы атам ер түрік» деген өлеңнің авторлығына қатысты мерзімді баспасөз беттерінде әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Өлең авторы ретінде М.Дулатов, С.Торайғыров, Б.Майлин деп немесе осы үш тұлға бірігіп жазған деген ойлар да бар. Біз осы өлеңді академик С.Қирабаевтың: «...дербес қазақ мемлекетінің болашағын түрік халықтар ынтымағымен байланыстыра қараған Жүсіпбек Аймауытов «Арғы атам-ер түрік...» ... деп, жаңа ұлт мемлекетін қорғарлық ерлік дәстүрлерді еске салды», - деген (Қазақ әдебиетінің тарихы. 7-том, 14-б.) және түрік халықтарының отаншылдық, елшілдік өлеңдерін үндестікте зерттеген Д.Қамзабекұлының, т.б. ғалымдардың Ж.Аймауытовтікі деп көрсеткен пікіріне сүйенеміз.

 

 


Әлімхан Ермеков мұрасының маңызы
29 Желтоқсан 2011


Таяуда Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» мәдениет және рухани даму институты көрнекті Алаш қайраткері, ғалым, алғашқы математика оқулығы авторларының бірі Ә.Ә.Ермековтің туғанына 120 жыл толуына орай «Тәуелсіз Қазақстан және  Әлімхан Ермеков мұрасы» атты ғылыми-практикалық конференция өткізді. Ғылыми жиынды ұйымдастырушылар Алаш Орданың және қазақ зиялыларының ұлт тарихындағы, тәуелсіздік пен білім-ғылым бастауындағы миссиясын қайраткер, ғалым Әлімхан Әбеуұлы Ермековтің мұрасы арқылы зерделеуге талап қылғаны байқалды.

 

 


Тұрсын Жұртбай. «Ұраным – Алаш!..» «Дала қашқыны» (жалғасы)
23 Желтоқсан 2011


Байтұрсынов Ахмет: «Арадағы ұзақ үзілістен кейін мен онымен Қызылорда қаласында (25-жылы) кездестім, ол бұл кезде әдеби іспен пейілін сала шұғылданып жүрген. Мен оның жеке өзімен ешқандай да әңгіме өткізбедім, мұндай сұрақпен оның назарын аударуды қажет деп таппадым, өйткені, оның жасы келіп қалған, сыйлы адам, ал біз болсақ қатардағылардың біреуі ғанамыз. Бірақта өзгелер арқылы білетінім, ол ұлтшылдық және ұйымдық іскерліктен бас тартпаған. 25-28 жылдардың арасындағы ондай деректерге мынаны жатқызамын: бірінші, біздің ұйымның мүшесі Байсейіт... (беттің осы арасы жыртылған, сөйлемнің ыңғайына қарағанда, оны: Байтұрсыновпен және басқалармен бірге», - деп оқуға болады. Сондай-ақ, «Байсейітов» емес, Байсейіт Әділев шығар деп ойлаймыз.)... Бакудегі түркітанушылардың құрылтайына барды.

 

 


Серғазы Асланбек. Алаш апталығы
8 Желтоқсан 2011


«Алаш туы астында: Алаш. Желтоқсан. Тәуелсіздік» деген деммен өтетін апталықтың ашылу рәсімі «Аманат» интеллектуалды пікірсайыс клубының отырысымен басталды. «Алаш, Желтоқсан, Тәуелсіздік: Азаттық жолындағы күрестер сабақтастығы» деген тақырыпта негізгі баяндаманы белгілі тарихшы Бүркіт Аяған жасады. Бас қосуға жазушы Алдан Смайыл, қоғам қайраткері Бақытбек Смағұл, философ Омар Жәлел және тарихшылар Күлпәш Ілиясова, Данагүл Махат қатысты.

Ал екінші күнгі шара Алаш жаңғырығы деген атпен Қазақ радиосында өтті. Мұнда бұған дейін «Мен қазақпын» бағдарламасының апта бойы тыңдармандармен жүргізген кері байланысы негізінде Алаш арыстары жайлы сұрақ-жауапта үздік танылған тыңдармандар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

 

 


RSS-материал
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>