Негізгі форум | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Негізгі форум

Жәрдемші

Негізгі форум

Ресейде өтетін президент сайлауы Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?
6 Ақпан 2012


4-нші наурызда Ресейде президент сайлау өтеді. Қазірдің өзінде қызу талқыға түсіп жатқан көрші елдегі саяси додаға ресей прьемері Путин кірісіп те кетті. Алайда, ағымдағы айдың 2-сі күні Ресейдің көптеген ірі қалаларында өткен шерулер Путиннің өз елінде беделінің түскенін паш етті. Ал, Қазақстан билігі құбыласының Мәскеу болып келе жатқаны қазір құпия болудан қалды. Мәжіліс сайлауынан кейін Үкіметте ерекше бір өзгерістердің орын алмауын да сарапшылар  алдағы айда Ресейде өтетін сайлаумен байланыстырады. Сонда Қазақстанның ішкі саясаты Ресейге тәуелді ме? Саяси шешімдер қабылдауда билік неге Мәскеуге жалтақтайды? Мұның сыры неде? Егер Ресей президенттігіне Путин келсе, біздің саясат қалай құбылуы мүмкін? Путиннен басқа біреу келсе Қазақстан қандай жол ұстанады? Қазақстан қайткенде Ресейдің саяси-экономикалық ықпалынан шыға алады? Билік өз еркімен ықпалға түсіп отыр ма, әлде бөгде күш түсіріп отыр ма? Сіздің ойыңызша, Ресейде өтетін президент сайлау Қазақстанға қалай әсер етеді?
Талқы-Форумның тақырыбы  - осы. Ой қосыңыз, оқырман!


 


30-шы қаңтардан кейін Жаңаөзеннің тағдыры не болмақ?
23 Қаңтар 2012


Жаңаөзен оқиғасы  ұлт азасына айналды. Жүректің басына қан қатты. Амал жоқ көндік. Жаңаөзендегі төтенше жағдай 30-ншы қаңтарда аяқталады. Мұнайшылардың содан кейінгі тұрмыс-тіршілігі не болмақ? Қанды оқиға санамызға төңкеріс жасай алды ма? Сабақ алдық па? Билік Жаңаөзеннен қандай қортынды шығаруы мүмкін? Бұл оқиға елдің басқа аймағында қайталана ма? Қайталанабасына кепілдік қандай? Оқиға қазақтың бөлінбейтін біртұтас екенін көрсетті ме, әлде әлі болса да жершілдіктің, рушылдықтың деңгейінен аса алмадық па? Қазақ баласы оққа ұшып жатқан да бейбіт күнде батыр көрінетін тұлғалар неге тұқырып қалды? Төтенше жағдайдан кейін Жаңаөзенге барша жұрт (көмектесуге, көңіл айтуға, істің нақты мән-жайын білуге) ағыла ма? Жоқ, өткен өтті деп тіршілігін жалғастыра ма бере ме? Билік төтенше жағдайды соза ма, уақытында алып тастай ма?
Жаңаөзен оқиғасынан кейінгі жерде қоғам өзгерді ме? Өзгере ме?
Талқы-Форум осындай тағдырлы сауалдарға жауап іздейді. Сіз не дейсіз?

«Абай-ақпарат»


 


Ауыс-түйіс: кім қайда барады?
18 Қаңтар 2012


Бесінші шақырылған Мәжілістің жаңа құрамы бектіліп, алғашқы отырысын бастаған соң іле-шала атқарушы билікте ауыс-түйіс болып қалуы мүмкін. Бес жылдың бедерінде Премьер-министр орынтағында жайғасқан Мәсімовтың аз күндерден соң ат ауыстырары аныққа шығып жатыр. Оның орнына Президент әкімшілігінің қазіргі басшысы Аслан Мусин барады дейді  ұзынқұлақ. Бір білгіштер  Есболайдың ұлын Елбасымыз елшілікке аттандыруы кәдік деседі.
Мәжілістегі төрағалық Нұрлан Нығамтуллинге тиетін көрінеді. Кәнігі депутат Қуаныш Сұлтановтың да аталған орыннан дәмесі бар  дейтіндер  және  табылып жатыр.  Облыс әкімдерінің арасы да ауыс-түйістен шет қалмайтынға ұқсайды. Шығыс жұрты «Сапарбаевты Астанаға алып кететін болыпты» деп гулеп жатыр. Бәлкім, премьерлік пост мемлекетшіл тұлға Бердібекке берілуі де ықтимал.
Сонымен, кім қайда барады? Ұзынқұлақ пен сымсыз телефон не дейді? Ақорда жақтан жіңішке ақпарат ала алатын ағайынның аузындағы сөз қалай? Талқыға салып көрейік.
«Абай-ақпарат»


 


Айлығыңыз шайлығыңызға жете ме?
11 Қаңтар 2012


Үкімет жыл сайын тіпті, әр тоқсанда жалақы мен зейнетақының өскенін айтып жатады. Бірақ, жағдайы жақсарып кеткен жұрт жоқ. Неге? Не себепті айлық өссе, азық-түліктің бағасы мен коммуналдық төлемдер де бірден шарықтап шыға келеді? Елдің табысын еселеп жатырмыз дейтін үкімет баға саясатында неліктен қауқарсыз? Әлде тұтыну нарығы - шенеуніктердің немесе олардың жақын-жуықтарының бизнесі ме? Мысалы, үкіметтің есебі қарағанда, 2011 жылы еңбек ақы 18 пайызға өсіп, өткен жылдың қараша айындағы елдегі орташа айлық жалақы 91 793 теңгені құрапты. Сіз осыған сенесіз бе? Бұл - нақты халықтың табысының есебі ме? Сіздің айлығыңыз шайлығыңызға жетіп жүр ме? Әлеуметтік жағдайдың әлденбегеніне не себеп деп ойлайсыз? Жұрттың күнкөрістің қамынан аса алмағаны әдейі жүргізіліп отырған саясат па? Сіздің ше, мемлекеттің әлеуметтік саладағы саясаты қандай болуы керек?

Ой бөлісіп, жалақы мен жағдайыңыз туралы ойыңызды ортаға салыңыз.


 


Сайлау науқаны қалай өтіп жатыр?
5 Қаңтар 2012


Қаңтардың 15-і күні болатын Мәжіліс сайлауына әдеттегідей халықаралық бақылаушылардың  қатысатыны анық. Үйреншікті тәсіл бойынша, олар Қазақстан билігіне сын-ескертпе жасайды. Содан Еуропаға барып бізде өткен Мәжіліс әм жергілікті Мәслихат сайлауының қортындысын тапсырады. Қортынды жария болғанша, Қазақстан тағы бір сайлауға кірісіп кетеді. Оның үстіне бақылаушылардың ортасы да ала-құла. Мысалы, ТМД елдерінен келген бақылаушылар Қазақстандағы демократияның дәуірлеп кеткеніне таң қалып, бас шайқап аттанса, Батыстан келгендер басқаша пікірмен қайтады. Олардың пікірі содан соң саяси саудаға түседі. Батыс пен АҚШ: «Әй, Қазақстан, сендегі сайлау қашанғыдағыдай дұрыс өтпепті ғой?!», - десе  Қазақстан: «Әке, Бәке, біздегі жағдай осы енді. Сіздер сияқты демократияға жеткен жоқпыз. Ойбооой, сіздердегідей демокартияға иек артсақ бар ғой, бәрін қатырар едік.  Сондықтан бізге, батыреке, мұрсат бер. Кішкене есейіп алайық. Үйрене түсейік. Оған дейін сіздер де мына мұнай мен газды арзанға тұтына тұрыңыздар.  Сіздерге керек көп дінділік пен көп тілділікті әлімізше біз де дамыта, далита түсеміз. Моноұлттылықты еш танымаймыз, біз қашанда көпұлтты Қазақстан болып қала береміз», - деп ләппайлайды. Көрдіңіз бе, бақылаушылар беретін бағаның арты неге саятынын?


 


Ескі жылға есеп бер
27 Желтоқсан 2011


Міне, тағы бір жыл жылжып уақыт құшағына еніп барады. Адам баласы әдетте ескі жылда өзіне өзі есеп беріп, жаңа жылдан жақсылықтар күтеді. Үміт тілегін жаңа жылмен еселейді. Жылына бір рет дейміз-ау, Абай хакім есті адам күн сайын, апта сайын өзіне есеп беріп, істеген ісін бағалап, естіген сөзіне мән беруі қажеттігін айтады. Қарбаласқа толы тірліктің қамымен жүрген қазіргі заман адамы  Құдайдың құтты күні қара басын тергеп, тексеру керектігін парықтай алмайтыны шындық. Ләкин, оған мән де бермейді.  Ендеше, күнпарақтың бетінен аунап бара жатқан жылдың аяғын ала ойланып көрелікші: біз осы жылды қалай өткердік? Әлемдегі, қоғамдағы ірілі-ұсақты оқиғаларды сараптамай-ақ қоялық, жеке өмірімізде не ахуал болды? Не ұқтық, не түйдік? Көзқарасыңа, дүниетанымыңа әсер еткен нендей жайт болды? Қандай кино көрдің? Қандай кітап оқыдың? Қандай ұлағатты сөз естідің? Не нәрсеге қынжылдың? Неге қуандың? Сүйгеніңді таптың ба? Әлде қимасыңды жоғалттың ба? Осы және өзге де сауалдарға мән беріп, ойымызды ортаға салып көрелік, мархабатты оқырман!

«Абай-ақпарат»


 


Аманатқа айтарыңыз бар ма?
24 Қараша 2011


2012 жылы еліміздің саяси өміріндегі ірі оқиғаның бірі ретінде Мәжіліс сайлауы өтпек. Саяси партиялар болса, міне, сайлауға дайындық шараларына кірісіп те кетті.
Әрбір сайлаушы мәжілістің төрінен ұлттық мүддені қорғайтын, ұлттың мәселесін бәрінен жоғары қоятын, мемлекетшіл депутаттарды көргісі келетіні ақиқат. Осы орайда сайлау додасына түскелі отырған саяси партиялар парламент партасынан ұлттың кезек күттірмейтін мәселелерін көтеріп, шешуге ықпал ете ала ма деген сауал әр көкейде сайрап тұр.
Сол үшінде «Ұлт тағдыры» қозғалысының 2005 жылғы президент сайлауы қарсаңында президенттікке кандидаттарға аманат ретінде айтқан 7 ұсынысын Мәжіліс сайлауында бақ сынамақ саяси партиялардың назарына ұсына отырып, көзіқарақты, ел мен жердің тағдырына бей-жай қарамайтын оқырманның талқысына салғанды жөн көрдік. Төмендегі аманатқа алып, қосарларыңыз болса, мархабат.
Алдағы уақытта Сіздердің ұсыныс, пікірлеріңізді ескерер деген үмітпен Мәжіліс сайлауына түсетін партияларға Аманат жолданады.

«Абай-ақпарат»

 

 

 

ҚР Президенттігіне кандидаттарға «Ұлт тағдыры» қозғалысының

Аманаты


 


Санжардың сандырағы ма, әлде, саясат па?
9 Қараша 2011


Соңғы кезде оралман мәселесі "мәйектеніп" алды. Сөйтіп, оралмандар тақырыбына қайта оралып отырмыз. Мемлекеттің заңы бойынша «оралман» заңды мәртебесі тарихи Отанына қоныс аударған қазақтарға Қазақстан азаматтығына өткенге дейінгі белгілі бір уақыт аралығында ғана беріледі. Азаматтық алу - мемлекеттің толыққанды мүшесі, құқылы азамат болып табылады.

Сонда кейінгі кезде биліктің әр бұтағына бұт артып отырған кейбір мырзалар «оралмандар» деп қыңыр сөз, қыли көзқарасты кімге таңып отыр? Атамекеніне жаңа көшіп келіп, азаматтыққа құжатын өткізіп жүрген қазақтарға ма? Әлде республика азаматтығын қабылдаған қазақтарға ма? Егер соңғысына қаратып айтса, бұл - қылмыс. Өйткені, мемлекеттің бұқарасы оның территориялық, саяси тұтастығы секілді бөлшектенбейді. Бөлуге жол берілмейді. Алғашқысына айтса, алыстан келген ағайынның алдынан ақсарбас алып шыққанның орнына айғайлап, «басыма бәле болып келе жатырсың» деп дүрсе қоя қарсы алғанмен бірдей. Сонда оралмандарды оңдырмай сыбағандар екі топтың қайсысына кәрін төгіп жүр?


 


Мемлекетке бойұсынбау Құдай ісі ме?
28 Қазан 2011


Діни бостандықтың ақыры мемлекеттің дін ісіне араласуына алып келді. Заң қабылданды. Сол заңға қырын қарайтындардың қатары жетерлік. Неге? Сеніміне қарай түрлі ағымдардың артынан мұрнын тескен тайлақтай тепеңдеген азаматтар үшін діни сенім неліктен мемлекеттен, Отанынан қымбат? Оларды осындай соқыр күйге түсірген не нәрсе? «Намаз оқи алмасам Отан алдындағы әскери борышымды өтеуге бармаймын» деген не сөз? Діни жоралғыларға жол бермегені үшін Отаннан бас тартуға бола ма? Біз үшін діни сенім мен Отанның қайсысы қымбат? Жаугершілік, ашаршылық заманда да өз Отанынан бас тартпаған қазақ баласының мұнысы несі? Оң, солын танып үлгермеген жасты дегеніне көндіріп, жетегі еркен сөйтіп, мемлекетінен жерітіп отырған ағымдардың адымын аштырмауға тырысқан заңға әсіредіншіл азаматтар неге бағынысы келмейді? Әлде «мемлекет заңына бойұсынбай бұра тарт» деп әр ағымның «атаманы» шығарған ереже бар ма? Бәріне кінәлі билік пе? Өз таңдауы, өз сенімін анықтауға тиісті әр адамды ағымдарға ерткен де билік пе сонда? Әркімнің діни ағымдық ұстанған жолын құп көрмегені үшін мемлекетті жау көр, оның азаматтарын жек көр деген нәрсе Хақ тағаланың Құранында, пайғамбардың хадисінде бар ма? Ағымдар берген ақша бола  Отанды, ұлтты, мәдениетті, салт-дәстүрді, ата-бабаны сатып кете беруге бола ма?


 


Қала жағалаған қазақ не күйде?
18 Қазан 2011


Үкіметтің «керемет» болып келетін статистикалық есебіне қарамастан, күнкөрістің қамымен қала сағалап, үлкен шаһарларға қоныс аударып жатқан қазақтың саны ай сайын өсіп келеді. Ал, қала қазақты күтіп алуға дайын ба? Тіркеуде жоқ қалалық қазақтардың саны қанша?  Олар қалай күнелтіп жүр? Үкімет неге қазақтың қалалық ұлтқа айналуына қарсы пиғылда? «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы жастарды ауылға қуудың сыры неде? Ішкі көші-қонды реттейтін және қаладан пана іздеген қазаққа қолдау болар арнайы бағдарлама неге жоқ? Ауылдан қалаға келетіндердің дені жас отбасылар. Егер бүгінгі жолмен жүре берсек, әркімнің босағасын паналаған жаутаңкөздерімізді жоғалтып алмаймыз ба? Санаққа енбегендер еленетін күн туа ма? Сен, есепте жоқ қала кезген қазақ баласы, не күйдесің?
Талқы-Форум бүгінгі қазақ қоғамының талмасындай болған осына тақырыпқа қозғау салады. Шер тарқатайық, бауырлар.



 


RSS-материал
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>