Қазақ тілін үйретудің бұрынғы-соңғы әдістерінен ерекше жоба ретінде аталып жүрген «Қобыланды» - жатқа» жобасы туралы өткенде Abai.kz ақпараттық порталында қысқаша хабар беріліп, жоба авторы Земфира Ержанмен сұхбатымыз жарияланған болатын.
Дін сөзінің этимологиясына келсек, арабтың «дана», йадину етістігінен «жол, үкім, орталық, байланыс» деген мағыналарды береді. Мадина, яғни, қала, белгілі бір үкімдер негізінде орталықтандырылған, ұлы құдіретпен байланысқа түсу жолы бар қауымды, қауымдасқан топты білдіреді.
Әрбір жазушыға өз таңдауы бойынша әлем әдебиетіндегі ең озық он туынды мен он жазушыны атау ұсынылған. Осының нәтижесінде ортақ тізімге 544 туынды мен жүздеген автордың есімі енді. Зерттеуді жүргізушілер солардың ішінен ең көп дауыс жинаған авторлар мен туындыларды таңдап, оларды үш топқа бөліпті.
Біздің көсемдеріміз - ұлт мәселесінің жолдас Сталин секілді теоретиктері және басқалар Қазақиядағы «Алаш-Орданың», Әзербайжандағы «мусаватистердің» үкіметтерінің, Түркістандағы «Қоқан автономиялық үкіметінің» «контр-революцияшылдығын» талай растады және с.с. Бұл жайында ап-айқын етіп ж.Сафаров жазды.
Алапат трагедиялардың кейде болымсыз ғана себептен басталып жататыны бар. Әсерге бейім қайсыбір тарихшылар «ақиқаты аңызбен астасқан бейресми алғашқы дүниежүзiлiк соғыс» деп әспеттейтiн Троя қырғыны да сондай оқиғалардың санатына жатады. Оның тұтануына, әрине, адам күлерлiк жай ғой, кәдуiлгi алма түрткi болыпты-мыс.
Қайтейін. Солай болыпты. Ғафу ет. Егер сондай ойлар басқа біраз адамда да қалса, бұл ол мақаладағы ниеттің, мақсаттың бөтендігінен емес, жекелеген тұстардағы өзімізді де өкіндіретін, бізге де сабақ болатын баз бір сөйлемдердегі, сөздердегі сәтсіздіктерден деп білгейсің. Ел аман, жұрт тыныш болсын, бауырым. Бар қазақтың атамекенге жиналар күні жақындай берсін.
Осымен, бірнеше айға созылған сөздің түйіні шығып тұр. Жаңаөзендіктерді (сол өңірдегі шетелден атажұртына түпкілікті қоныс аударған ағайындарды) «өтініштері» (әкімшілік қысым жасап, күштеп деп сөздің астарын бірден түсініп оқысаңыз, жүйкеңізге артық салмақ түспейді) бойынша, жұмыспен қамту үшін өзге өңірлерге көшіреді.
Автордың пайымдауынша, монғолдар жаңа техникалық жетістік ойлап таппады, жаңа дінге де бет бұрмады, азын-аулақ әдеби кітап шығарып, драмалық пьеса сахналады демесең әлемді елең еткізер бидайдың жаңа сортын да жасамады, дәстүрлі мал шаруашылығының өзінде тың тәсілдер ойлап таба алмады.
9-ншы ақпан - қазақтың Ұлы ақыны Мұхаммедқали Сүлейменұлы Мақатаевтың туған күні. Жарық дүниеде туған халқын шексіз сүйген ақынды артындағы елі, сансыз ұрпақ жүрегіне салып әлдилеп келеді. Әлдилей береді. Мұқағали - әр қазақтың өзімен өзі мұңдасуы, сырласуы. «Өмір» деп соққан әр жүректің айнымас асыл серігі. Солай болған. Солай мәңгілік жалғаса бермек.
Енді есіңе Елбасының өткен жылдың 22 желтоқсанында Жаңаөзенде болғанда: «Мені мыналар алдап келіпті!» деп біраз шенеунікті орынтағынан айырғаны оралады. «Рас-ау, Алланы алдаған, Елбасын алдаған сұмдардың арамызда сонша көп болғаны ма?» деген үрей бойыңды билейді.
| |
|