Жаңа туып келе жаткан ең бір кертартпа діни-саяси ағым панисламизм мен пантуркизмге Абай сол жылдардың өзінде-ақ дұрыс баға бере білген еді, бұл ағымды қазақ молдалары, қожалары, дала феодалдары жанын сала қолдайтын. Бұл бағытқа қарсы. Абай өз халкы мәдени прогреске орыс халкының ұлы мәдениетінен үйрену арқылы жететінін насихаттап, өзі де соны жүзеге асырды - бұл ретте ол өмірінін, ақырына дейін дәйекті, табанды болды. Ол панисламизм пен пантуркизмді шығыс халықтарының ғасырлар бойғы окшаулығы мен мешеулігін тапжылтпай, нығайта түсетін топас фанатизм деп есептеді.
Абай әке жағынан алғанда тобықты руының белгілі шонжары мен биінен тарайды. Ақынның бабасы, тобықтының батыр биі Ырғызбай Торғай облысындағы Ырғыз өзенінің бойында XVII ғасырдың елуінші жылдарында дүниеге келген. Ат төбеліндей көсемнің бірі ретінде ол тобықты руын Түркістаннан аса құнарлы жайылымы мол Шыңғыс тауына көшіріп әкеледі. Абайдың атасы Өскенбай дала халқына әділ би ретінде танылды.
Ақынның қайтыс болғанына елу жыл өтті. Бірақ біз үшін Абай өткен күннің ғана ақыны емес, халықтың алға қарай қажырлы ұмтылуында акын онымен бірге болды - ал мұндай акын өлмек емес, өйткені оның шығармаларына уақыт шек қоя алмайды. Қазақ халқы бір кезде адамның өмірін мүшелмен санаған. Ал поэзияның аңыз болған қайнары Әбілхаяттан мәңгі суын татқан жыршы үшін мүшел ғасырлармен өлшенеді. Өзінің еңбегін жете бағаламаған және аз түсінген замандастарын артқа тастап, Абай дәл бүгінгідей, біздің қасымызда тұр.
Болды да партия, Ел іші жарылды. Әуремін мен тыя, Дауың мен шарынды. Құрбыдай хош тұттым Жасың мен кәріңді.
«Абайдың өмір тарихына, арманына, өскен ортасына жете зер салмай, шындық шешілмейді» деп білген ғалым Абайдың ақындық әлемінің күрделі болмысына қазақ қоғамы тарихи шындығының күретамырынан ажырағысыз ұлттық тәлім -тәрбие, рухани нәр алған қайнар, әлеуметшілдік қайраткерлігі, ақындық айналасы тұрғысынан үңіледі. Әр сөзге терең жүк артқан, тарамдала түсер сан қатпарлы ой сілемдерін дарытқан зерттеуші «Абай өмірі - ғажап өмір. Бесікте әнмен әлдиленген ол көшпелі елде, әртүрлі рулардың салтында әсершіл болып өседі. «Махаббат пен ғадауатқа» ерте қанығады» дей келіп, ақындық мектебінің тағылымына орай «Абайдың маңындағылар Лев Толстоймен хат жазысады» деген өрелі пікір білдіреді.
Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық? Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен көрерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.
Қазақ тарихымен, Абайдың ақындық айналасымен ұстазы Мұхтар Әуезов арқылы көмбеде жатқан көп сырды алдымен ашқан Қайым тарихшылар айтпаған ақиқатты алдымен айтты. Ақын жырларының құдірет күшін түсіну, түйсіну үшін сен де ақынның сырын, жұмбақ жанын ұғатын ұлағат иесі болуың керек. Ақындықтың дарын деңгейіне көтеріліп, сезімтал назымен, сөз сиқырының кілтін аша білген Қайым Абай өлеңдерінің жанашыр жақыны болды. Әдеби шығармалардың мәтінін (текстін) автордың қолжазбасы негізінде, сондай-ақ бұрынғы басылымдармен саластырып, тексеретін сенімді деректер бойынша анықтайтын филология ғылымдарының саласы - текстология. Шығарма текстінің жаңылыс оқылған, қате басылған жерлері табылса, тиісті түзету енгізу қажеттігі.
Қолына алып,
Пәле салып,
Аңдығаны өз елі.
Шашты барын,
Берді малын
Боларында жұртына.

Абай жайлы ғасырдан астам уақыт жазылып келеді. Әлі де жазыла бермек. Алғашында Алашорда қайраткерлері, әсіресе «ұлт көсемі» Әлихан Бөкейханұлы мен Кәкітай Ысқақтың бастамасымен ұлы ақынның өмірі мен мұралары жайында бірер мақала жазылды. Одан кейін де қаншама оқыған ғұламалар Абай мұрасы турасында қалам сілтеді. Кеңестік кездің алғашқы жылдарында ақынға қатысты таптық көзқараспен айтылған сыни түсініктер мен кейбір шала пікірлер де көп болды. Кейін ол авторлар өз қаталарын түсініп, абайтануға белсенді түрде кіріскендері де аян. Тіпті, олар сол кездерге дейін ешкім айта алмаған пікірлері арқылы да Абайдың ақындық сырын аша түсті. Бір кездері жастық жалын, таза таптық көзқараспен сын айтқан атақты жазушы, академик Сәбит Мұқанов кейінгі жазған монографиясында: «Абайда ақындық та, данышпандық та қатар» деп жөнге келген болатын. Бұл да сол кездегі абайтанудың оң нәтиже беріп, ақынға деген көзқарастың түзеле бастағанын көрсетсе керек. Тек Сәбит Мұқанов қана емес, сол секілді өзге де жас жазушылар, ақындар «ақылдың ақынын» (Бұл сөзді де Сәбит Мұқанов айтқан.)
Абай мыңнан, миллионнан озып шыққан тұлпар. Абайлар жүз жылда, мың жылда бір - ақ рет туады. Абай - таудай тұлға. Абай - сахарадай шежіре. Абай - сегіз қырлы, бір сырлы суреткер. Шебер қол, сезімтал жүрек, милы парасат таңдайтын түйіндер - сансыз ұрпақтың үлесі. Абай әр қазақтың сөзі әрдайым аузындағы жыры, сансындағы ар-ұжданы, көкірегіңдегі иманы болып қала бермек. Ақын мұрасы - халықтың сарқылмас асыл қазынасы. Абай ақындығының тарихымызбен бірге жасайтын ұлы тағылымы да осында!
| |
|