Тарих | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Тарих

Жәрдемші

Бейбіт Қойшыбаев. Т. Рысқұловтың Сталинге хаттары (жалғасы)
10 Ақпан 2012


Біздің көсемдеріміз - ұлт мәселесінің жолдас Сталин секілді теоретиктері және басқалар Қазақиядағы «Алаш-Орданың», Әзербайжандағы «мусаватистердің» үкіметтерінің, Түркістандағы «Қоқан автономиялық үкіметінің» «контр-революцияшылдығын» талай растады және с.с. Бұл жайында ап-айқын етіп ж.Сафаров жазды.

 

 


Қуандық Шамахайұлы. Шыңғыс хан жасампаз тұлға ма? (жалғасы)
9 Ақпан 2012


Автордың пайымдауынша, монғолдар жаңа техникалық жетістік ойлап таппады, жаңа дінге де бет бұрмады, азын-аулақ әдеби кітап шығарып, драмалық пьеса сахналады демесең әлемді елең еткізер бидайдың жаңа сортын да жасамады, дәстүрлі мал шаруашылығының өзінде тың тәсілдер ойлап таба алмады.

 

 


Бейбіт Қойшыбаев. Т.Рысқұловтың Сталинге хаттары (жалғасы)
9 Ақпан 2012


Әлихан Бөкейханов. «Алаш-Орданың» бұрынғы төрағасы. Қазір Мәскеудегі шығыс баспасында жолд. Төреқұловта істейді. Өзінің барлық бұрынғы шәкірттерімен, соның ішінде Қожановпен де толық байланысы бар, олармен хат жазысып тұрады, «Ақ жол» редакциясынан материалдық көмек алып тұрады.

 

 


Бейбіт Қойшыбаев. Т. Рысқұловтың Сталинге хаттары (жалғасы)
8 Ақпан 2012


Маған жеткен мәліметтер бойынша,  «Алаш-Ордашылар» өздерінің үстінен жазылған осы арыздың мазмұнын Ташкентте әлден біліп алды. Бұл былай болды. Арыздың бір данасын Қожанов әлде-бір жолмен қолына түсіріп алған, оқып шыққан да, осы партияда жоқ бұрынғы алаш-ордашыларға жасырын түрде көрсетіп шығыпты.

 

 


Бейбіт Қойшыбаев. Рысқұловтың хаттары (басы)
7 Ақпан 2012


болып тұр. Мәскеуге келгеннен соң мен Зиновьевпен және Коминтерннің Шығыс Бөлімінің меңгерушісімен көрістім. Олар мені сырттай-ақ Шығыс Бөлімі меңгерушісінің орынбасары етіп тағайындауды және маған Таяу Шығысты (Түркия, Арабия, Сирия және т.б.) тапсыруды шешіп қойыпты. Бірақ мен...

 

 


Қуандық Шамахайұлы. Шыңғыс хан жасампаз тұлға ма? (басы)
6 Ақпан 2012


Қорқыныш пен үрей құшағында жүріп, тірі қалудың қамымен ғана арпалысқан жас жеткіншектің ойына ол кезде болашақтағы ұлы жеңіс туралы қиялдың өзі кіріп-шықпағаны аян. Қабаған иттерден жанұшыра қашып, жылап-сықтап жүрген балада қай бір ес болушы еді.

 

 


Әмірхан Балқыбек. Қазығұрт, топан су және жебірей «Тәураты» (жалғасы)
1 Ақпан 2012


Расында да әңгiме қай пайғамбар жайында болуы мүмкiн? Қарапайым қисынға алсақ, Нұхтан өзге жебiрей немесе араб пайғамбарының бұл өңiрде iз тастауы мүмкiн емес. Әлде әңгiме шынында да Нұх пайғамбардың өзi жөнiнде ме? Олай болса, Ман түбiрiнiң тасасында қандай құпия жасырулы?

 

 


Бөрібай Кәртен. «Тілеу-Қабақ» – Сарышолақтың әні
31 Қаңтар 2012


Тілеу мен Қабақ тарихта болған адамдар. Атақты «Тілеу-Қабақ» әні осы кісілерге, бұлардан тараған рулы елге қатысты туған. Тілеу мен Қабақ ағайынды. Ағалы-інілі. Атасы бір, анасы бір. Бұл жөнінде әдебиетші ғалым Жұбаназар Асанов мынадай дерек береді

 

 


Самат Сыпатайұлы. Оғұз һәм Алаш
27 Қаңтар 2012


Қарап отырсақ, бәрі Тәңірі құсы, бүркіт, көктің құсы қыранға келіп тіреледі. Осының бәрін жай ғана сәйкестік деп қарауға болмайды. Бұнда тарихи шындық бар. "Оғұзнамада" Оғұз ханның алты баласы болғаны айтылса, бұл қазақ арасындағы "алты Алаштың баласымыз", "алты Арыстың баласымыз" деп келетін сөздерін...

 

 


Әмірхан Балқыбек. Шыңғыс хан тыңдаған жырдың шындығы (жалғасы)
25 Қаңтар 2012


Тарих ұлы жаһангерлер ретiнде тек македондық Александр мен корсикалық Наполеонды ғана бiлмейдi, олардың қатарында бiздiң Ұлы Даланың перзенттерi де ұшырасып қалады. Және олардың iшiндегi бiрегейi әлемге аты жайылған айбарлы Шыңғыс хан екендiгiне ешкiм де шәк келтiре қоймас.

 

 


RSS-материал
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>