Қайтейін. Солай болыпты. Ғафу ет. Егер сондай ойлар басқа біраз адамда да қалса, бұл ол мақаладағы ниеттің, мақсаттың бөтендігінен емес, жекелеген тұстардағы өзімізді де өкіндіретін, бізге де сабақ болатын баз бір сөйлемдердегі, сөздердегі сәтсіздіктерден деп білгейсің. Ел аман, жұрт тыныш болсын, бауырым. Бар қазақтың атамекенге жиналар күні жақындай берсін.
Осымен, бірнеше айға созылған сөздің түйіні шығып тұр. Жаңаөзендіктерді (сол өңірдегі шетелден атажұртына түпкілікті қоныс аударған ағайындарды) «өтініштері» (әкімшілік қысым жасап, күштеп деп сөздің астарын бірден түсініп оқысаңыз, жүйкеңізге артық салмақ түспейді) бойынша, жұмыспен қамту үшін өзге өңірлерге көшіреді.
Енді есіңе Елбасының өткен жылдың 22 желтоқсанында Жаңаөзенде болғанда: «Мені мыналар алдап келіпті!» деп біраз шенеунікті орынтағынан айырғаны оралады. «Рас-ау, Алланы алдаған, Елбасын алдаған сұмдардың арамызда сонша көп болғаны ма?» деген үрей бойыңды билейді.
«Бит» (халықаралық атауы. Aрамтамақ-мәңгүрт) - жемқор мәңгүрттер тобының бір түрі. «Биттің» жүйке құрылысы қандастарының терісін теспей-ақ қанын соруға ыңғайластырылған. «Биттер» үнемі мемлекеттің, халықтың есебінен өмір сүреді. «Бұқараның биттері» (халықаралық атауы. Сатқын мәңгүрттер)..
Өткен жолы Бір кісінің «Самұрық-Қазынаға» кіжінгені бар. Оның қырағы көзі Ұлттық компаниялар штатты керіп, көрінгенді жұмысқа алып жатқанын «байқап қалған». Бірақ оның байқауына көмектескен өзендік дүрбелең кесірінен «Самұрыққа» жаңадан тағайындалған Өмірзақ Шөкеев екен.
«Ақжол» партиясы басында «Біз алаштың туын көтеріп шығамыз. Ә. Бөкейхановтардың ізбасары боламыз» деп халыққа үндеу тастағанан кейін, іріктелген құрамда да зиялылардың болғаны дұрыс еді деген пікірдемін. Өйтіп халықты алдап керегі қанша?
Ал, керек болса! Бұл беті ашылған, құрықталған, жауапқа тартылғандары ғана. Әлі қармаққа ілінбегендері қаншама? Ана Жаңаөзенге қатысты ашылған экономикалық қылмыстарды, шетелге ұшаққа тиеп алып кеткен байлықтар туралы Сейфидин құсап біз де тіпті айтып отырған жоқпыз. Соның өзінде адам шошырлық ақпаратқа кез болдық.
«Ақ жол» партиясы да - алаштың идеясын жаңа тұрпатта насихаттауға бел буған, сол идеяларға адал саясаткерлердің, ғалымдардың, қарапайым азаматтардың басын қосқан беделді саяси ұйым. Қазіргі кезде партия мүшелерінің саны 200 мыңға жуықтады.
Қазақ мүддесі, ұлттық құндылықтар төңірегіндегі шайқаста алдыңғы шепте жүрген ұлт батыры Мұхтар Шахановты сотқа шақырыпты дегенді естігінде сенгіміз келмеді. Бірақ заңды өз пайдасына қарай өзгертіп үйренген билік, өзінен үрейленбейтін «жауларына» «шабуылын» үдете түскен секілді.
Жаңаөзенде түсірілген бейнетаспаларды мен де шолып шықтым. Алаңдағы құқық қорғаушылар алдымен аспанға оқ атқаны анық көрініп тұр. Алайда, толқу одан әрі күш алып кетті, қаншама ғимарат өртенді, тоналды, шеруге шықпаған халықтың өміріне қауіп төнді. Қару қолданбағаннан басқа қандай амалдары қалды тәртіп сақшыларының?
| |
|