Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Билік 6313 0 пікір 23 Маусым, 2016 сағат 13:12

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ (фото)

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталу белсенділігін арттыру мақсатында Баспасөз күніне орай өткізген «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты республикалық байқауы өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Бүгін осы бір айтулы шараның жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсіміне министр А.Мұхамедиұлының өзі қатысты. 

Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының құттықтау сөзімен ашылды. Министр журналистика саласындағы бірқатар сала мамандарын қол жеткізген табыстары мен жемісті шығармашылық қызметтері үшін құрмет грамоталармен және алғыс хаттармен марапаттады.

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған
іс-шара «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жеңімпаздарын марапаттаумен жалғасты.

Республикалық байқауға еліміздің өңірлерінен 200-ден аса астам материал келіп түсті. Байқауға мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту мен мәртебесін нығайту және оның ахуалы туралы өзекті материалдар жариялаған тілшілер қатысты.

Байқауға 2015 жылғы 10 маусым мен 2016 жылғы 9 маусым аралығында қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген жарияланымдар, эфирден өткен хабарлар қамтылды.

Байқаудың ережесіне сәйкес келіп түскен материалдар «Үздік мақала», «Үздік телеарна бағдарламасы», «Үздік радио бағдарламасы», «Үздік сайт мақаласы» номинациялары бойынша 4 бағытта бағаланды.

Байқауға келіп түскен материалдарды елімізге белгілі жазушылар мен журналистерден құралған қазылар алқасы қарап, жүлдегерлерді анықтады.

Байқау қорытындысы бойынша «Үздік мақала» номинациясы бойынша

1-орынды «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті «Саясат» бөлімінің шолушысы Ұлықбеков Сейсен Әмірбекұлы, 2-орынды «Индустриальная Караганда» газетінің тілшісі Шипунов Валентин Константинович, 3-орынды «Жетісу» облыстық газетінің тілшісі Молдағалиева Меруерт Серікқызы жеңіп алса, «Үздік сайт мақаласы» номинациясы бойынша 1-орынды «Қазконтент» АҚ «e-histori.kz» сайтының тілшісі Алтынбек Құмырзақұлы, 2-орынды «Үркер.кз» сайтының тілшісі Нұрлан Құмар Бағдәулетұлы, 3-орынды «Абай.кз» сайтының тілшісі Шамұратов Меңдолла Нұрымұлы иеленді.

Сондай-ақ «Үздік телеарна бағдарламасы» номинациясы бойынша  1-орынды «Алматы» телеарнасының тілшісі Құсайынұлы Әмірболат, 2-орынды «Қазақстан» РТРК» Ақмола облыстық телеарнасының тілшісі Раушан Сайлауқызы, 3-орынды Ақтөбе облыстық «Рика-ТВ» телеарнасының тілшісі Шәмішова Әлия Әбішқызы жеңіп алса, «Үздік радио бағдарламасы» номинациясы бойынша 1-орынды Қазақ радиосының «Алматы» студиясының тілшісі Жұмабек Ақтоты Ердәулетқызы, 2-орын «Халық» радиосының тілшісі Сыбанжанова Раушан Сейітханқызы, 3-орынды Қазақ радиосының редактор-шолушысы Жанұзақов Жанат Жүсіпұлы иеленді.

Құлжанова Әсем Ұланқызы, Ұлықпан Мұратбай Әбілханұлы, Майкөзова Ақмарал Тілекқызы, Ли Анжела Михайловна, Мамырбаева Нұргүл Жамбылқызы, Дәрібаев Нәлібай Үсенұлы, Масакова Динара Дәулетқызы, Қосыбаев Айдос Тұрсынбекұлы, Мұқаев Ілияс Дүнгенбайұлы, Абитаева Меруерт Мұратбекқызы, Асылбекова Жаңылхан Мәмежанқызы, Байтасов Төребек Төрекелдіұлы сынды журналистер ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Барлық жеңімпаздарға диплом, алғысхаттармен қатар ақшалай сыйлықтар берілді.

Дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп жүрген бұл іс-шара мемлекеттік тіл саясатын насихаттау белсенділігін арттырып, тиісінше тіліміздің дамуына септігін тигізетіні сөзсіз.

Аbai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3532