Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3995 0 пікір 21 Маусым, 2016 сағат 11:51

Ақордада ауыс-түйіс болуы мүмкін

Парламент Мәжілісінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков, Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматуллин сынды бірқатар  лауазымды азаматардың қызметі ауысуы мүмкін, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Сондай-ақ, Астана қаласы әкімі лауазымына А.Мамин сайлануы мүмкін екені айтылуда. 

«Капитал» ақпарат орталығының дереккөзінің айтуынша, жақын күндері 2014 жылғы қазанда Астана әкімдігіне тағайындаған Әділбек Жақсыбеков Президент Әкімшілігі басшылығына барып, Бақтықожа Ізмұхамбетов Мәжіліс төрағасы лауазымын 2014 жылдан бері Президент Әкімшілігіне жетекшілік етіп келе жатқан Нұрлан Нығматуллинге тапсырып беретін көрінеді. Дереккөз Б. Ізмұхамбетов депутаттық мандатын сақтай отырып, әлдебір ардагерлер ұйымының басшылығына сайланады екен.

Осы орайда, Ә. Жақсыбековтің 2004-2008 жылдары Президент Әкімшілігін басқарғаны мен Н. Нығматулиннің 2012-2014 жылдары Мәжіліс спикерлігін атқарғанын айта кеткен жөн.

Абай-ақпарат

0 пікір