Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Қоғам 8292 0 пікір 18 Маусым, 2016 сағат 15:13

ҚАЗАҚСТАНДЫ ӘЙЕЛ АДАМ БАСҚАРУЫ МҮМКІН БЕ?

ҚР президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Санкт-Петербор барып  ЕАЭО аясында өткен Халықаралық экономикалық форумға қатысып қайтты.

Аталған форумның мінберін баяндамашылар босатқан соң, мемлекет басшылары еркін пікір алмасты. Дәлірек айтсақ, Президенттердің CNN тілшісі, Халықаралық саяси-шолушы Фарид Закармен сұхбаты форматында өткен екінші бөлімде сенсациялық деректер айтылды.

Қазақстан, Ресей және Италья президенттері бас қосқан жиында Нұсрұлтан Әбішұлынан американдық тілші, «Қазақстанды әйел адам басқаруы мүмкін бе?»,- деп сұрады.

Фарид Закар: - Сіз қалай ойлайсыз, АҚШ-ты әйел адам басқаруға дайын ба? Менің білуімше, сіз Қазақстанның премьер-министрінің орынбасары етіп әйел адамды тағайындапсыз. Сіз қалай ойлайсыз, Қазақстанда әйел адам президент болуы мүмкін бе?

Нұрсұлтан Назарбаев: - Ал сіз неге Қазақстанда әйел адам президент болуы мүмкін емес деп ойлайсыз?! Әбден мүмкін. Қазірдің өзінде Қазақстанның 51 пайыз халқын әйелдер құрайды. Гендерлік саясат дамып келеді. Парламенттің 30 пайыз депутаты – әйелдер. Сондай-ақ, Үкіметте де бірнеше әйел министрлеріміз бар. Сондықтан, әбден мүмкін. Оның үстіне ысылып-жетілген әйелдер бар...

Владимир Путин: - Иә, мен оларды жақсы білемін (күлді)...

Нұрсұлтан Назарбаев: - Оған қоса, менің үш бірдей қызым бар, сондықтан мен әйелдерге ерекше ықыласпен қараймын...

Еске сала кетейік, осының алдында біз ҚР премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның БАҚ бетінен көрінбей кетуіне орай, «Дариға Назарбаева қайда жүр?» атты мақала жариялаған едік. Ақордадағы ауыс-түйістерге байланысты Дариға Нұрсұлтанқызының қызметі ауысуы мүмкін екендігі туралы БАҚ-та айтылды. Тіпті, қазақстандық саясаткерлер Дариға Нұрсұлтанқызының қазіргі қызметінен де жоғары лауазымға тағайындалуы мүмкіндігін де талқылаған-тын.

Ал кеше Санкт-Петербордағы мінберде сөз сөйлеген Қазақстан президенті американдық журналистің сауалына жауап беріп, әйел басшының болуында еш сөкеттілік жоқ екенін айтты.

Сәуле Мешітбаева, қоғам қайраткері:

-Президенттің сөзін бұл жерде бұрмалаудың керегі жоқ деп ойлаймын.  Американдық журналист бұл сұрақты әдейі қойды.  Ал Елбасы елімізде  демократияның бар екендігін осылайша көрсетті.  Гндерлік саясаттың барын айтты. Бірақ оны əркім өз деңгейінде қабылдап, түрлі ауанда таратты. Әрине, жұрт дереу қызын айтып жатыр деп қабылдады. Бірақ Елбасы  ол сұраққа да жауап берді. Шындығына келгенде қазір елімізді əйел басқаруға дайын емес. Елді мемлекеттік нөмірі бірінші лауазым деңгейінде басқаратын əйел де жоқ деп ойлаймын.  Осындай форумдарда əрине, гендерлік саясат туралы  йтқаны жөн. Мен солай есептеймін.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz 

0 пікір