Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3969 0 пікір 27 Мамыр, 2016 сағат 11:21

Пальмира түбінде жойылған тікұшақтар - Ресейдікі

Conflict Intelligence Team (CIT) зерттеуші-еріктілердің тәуелсіз тобы америкалық Stratfor жекеменшік барлау-талдау компаниясының Сирияда ресейлік техниканың, оның ішінде Пальмира түбіндегі әскери әуе базасындағы Ми-24 тікұшақтарының жойылғаны туралы ақпаратын растады.

"T4" базасындағы (басқа атауы – "Тияс") төрт ресейлік тікұшақтың​ жойылғаны жайлы Stratfor 24 мамырда хабарлады. Stratfor техниканың жойылғанға дейінгі және одан кейінгі спутниктік суреттерін жариялады. Оларда өртттің іздері мен тікұшақтар және өзге әскери техникалардың жанып кеткен қаңқалары байқалады. Компания сарапшылары жазған бір болжам бойынша, бұл "Ислам мемлекеті" содырларының базаға шабуыл жасағанының нәтижесі. Лаңкестік ұйым 14 мамырда болған шабуылды мойнына алған еді.

Ресейдік қорғаныс министрлігі бұл мәлімдемелерді жоққа шығарды. Оның өкілі Игорь Конашенков "Сирия Араб республикасындағы барлық ресейлік тікұшақ лаңкестердің көзін жою туралы жоспар бойынша міндеттерін атқарып жүргенін, ресейлік әуе базасының құрамында қаза тапқандардың жоқ екенін" мәлімдеді. T4 базасына шабуыл жасалғаны туралы жаңалықты ИМ үгіт-насихатының қулығы ретінде атады.

Абай-ақпарат

0 пікір