Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 3773 0 пікір 25 Мамыр, 2016 сағат 11:04

ШЕТІНЕН - МАТРОСОВ!

 

Біздің министрлерге Батыр атағын беру керек. Шетінен - Матросов! Дзотты кезек-кезек бүкіл абыройымен келіп жабады.

Біз де аянып жатқан жоқпыз - атудай-ақ "атамыз". Оңды-солды пытырлатып жатырмыз. "Оғымыз" су боп кеткен бе, не өзі? Олар да ер екен, не "өлмейді", не қоймайды. Бала күнімізде "соғыс" ойнаушы едік қой, тура сол. Ағаш автоматпен "тақ-тақ" деп атасың, "Ах, өлдім" деп бауырын басып құлап түседі.

Бес минуттан кейін "тіріліп" кетіп, басқа жақта соғысып жүреді. "Әй, сен жаңа өлгенсің, құлап жаттың ғой" дейсің ғой. Ұят жоқ, күледі: "Мен сені алдай салғам!. Ойын ғой бұл". Дұрыс айтады: ойын. Бәрін қырып тастасаң - ертең кіммен "соғысасың"? Әйдә, кеттік. Тақ-тақ. Дзоттың аузы босай бастады. Тағы қайсың барсың?

Серік Жанболат

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір