Сенбі, 20 Сәуір 2024
Қауіп еткеннен айтамын 15162 0 пікір 26 Наурыз, 2015 сағат 05:11

ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК... ГЕНЕТИКАЛЫҚ ТОҚЫРАУМЕН АЯҚТАЛАДЫ

Өткенде БҰҰ өкілі, шетелдік әйел Илейн Конкиевич біздің Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықовамен кездескенде: «Қазақтар әлемдегі 146 мемлекеттің ішінен гендерлік саясат жөнінде 32-ші орынға шықты» деп қол аяғымызды жерге тигізбей мақтады. Гүлшара ханым қазақ баласының болашағын ойласа... жылау керек еді, керісінше, мәз болды. Өйткені...

ФРАНЦУЗ ҰЛТЫ ҚАЛАЙ ЖОЙЫЛДЫ?

Әлқисса, ХIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың соңына дейін Франция мемлекеті Еуропа мемлекеттерінің ішінен салауатты, сауатты, білім, ғылым, қорғаныс, мәдениет, «толеранттық» жағынан жоғары тұрды. Бақталас елдердің көре алмаушылығын туғызып, қалайда француз ұлтын жойып,  экономикасын құлдырату үшін сан мыңдаған құйтырқы саясатты жүзеге асырды. Біріншісі әрі негізігісі әйелдерді пайдаланып, мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан отбасы институтын жойды. Отбасы - мемлекеттің тірегі, жүрегі еді. Отбасының ұйытқысы, әрине, әйел. Әйелді аздыру үшін ақшадан да, құйтырқы саясаттан да тартынбады. Олар Францияның технология, білім, ғылымын жеткен жетістіктерін оқып, үйреніп немесе жамандап әуре болған жоқ. «Әлемдегі ең сұлу, әрі ақылды, көркем француз қыздары» деген аңыз шығарды. Содан әлемнің барлық алаяқ еркектері, ақшасы барлары, көркіне сенгені, ұры-қары, залым, сұрқиялары ағылып, келіп француз қыздарын қатын қылды. Француз басшыларын өтірік мақтады. Мәз болған басшылар: «Біз әлемдегі ең толерантты, тыныш, ынтымағы жарасқан, қарқындап дамыған елміз» деп келімсектерге баспана, жұмыс берді. Келімсектер француз қыздарының бірін алып, бірін салып, анада бір бала, мынада екі бала қалып жатты. Тасталған, ажырасқан қатындар мен шата, метис, дүбәра балалардың еліне айналып шыға келді. Бір ғасырға жетпей ұрпақ азды, ұлттық құндылық күстәналанып, француздар баяғы атақ-абыройдан жұрдай болды. Әйел азған соң ел тозады. Іздеп көрші, бірде-бір елдің еркектері: «француз қыздары әлемдегі ең сұлу қыздар» деп өлсе де айтпайды. Қазір Франциядан салт-дәстүрін, ұлттық қадір-қасиетін сақтаған таза француз ұлтын таппайсыз. Түгел дерлік аралас неке, ажырасқан, байсыз бала тапқан, лесбианка, гомик, кәрі қыздар, қойыртпақ, атала, алашұбар отбасылар. Тобырлардан туған ұрпақтар ешқашан өздері тұрып жатқан мемлекетке, оның иесі болып отырған ұлтқа жаны ашымайды. Керісінше жек көріп бүлдіруге даяр тұрады. Бес жыл бұрын Франция қалаларындағы жастардың зобалаңы. Кешке көшеге жүз мыңдап шығып, дүкендерді, сауда үйлерін, кеңселерді тонап, мыңдаған көлікті сындырып, өртеп, қанша қаланың күлін көкке ұшырды. Әлемді тамсандырған еркек атаулының сілекейін ағызған француз қыздары елге не әкелді? Франция деген аты бар, заты жоқ мемлекеті мен ұлтын мәңгілікке жоғалту қасіретін әкелді. Еуропа мен Америка мемлекеттері де - осы сайқал саясатқа ұшырағандар. Келімсектері көп тұратын ел барлық ұлтқа ортақ болады да, келімсек билікке келіп ұлттық мемлекеттің саясатын да, ұлттық реңін де өзгертіп жібереді. Мысалы, АҚШ-та кешегі сатып алынған құл негрлердің ұрпағы президент болып отыр. Болашақта еуропалық елдер бірігіп, Америка сияқты штаттарға бөлініп, «Еуропа» деген тобырлар еліне айналады. Еуропада әр адам жеке тұлға ретінде, ішіп-жейді, киінеді, бала тумайды, ұрпақты ойламайды, өз қарақан басы үшін өмір сүреді. Азиядан Тайланд да Францияның кебін киді. «Азияда тайлық қыздар керемет сұлу» деген аңыз тарады. Өткен ғасырларда Азияны дүр сілкіндірген батыр да жаужүрек тайлықтардың ұрпағы еркегі маскүнем, қыздары лесбианка, жезөкшелерге айналды. Америка, еуропа еркегі тай қыздарын елдеріне апарып ермек етті. Оларды «сүйікті жарым» деп ертіп жүрмеді, үйінде малай ретінде ұстады. Мәдени шара,той-томалаққа ертіп баруға арланып, өз ұлтының қыздарын қолтықтап апарады.

СӘБИНАНЫҢ СҰЛУЛЫҒЫНА СҰҚТАНУ... САЯСАТ ПА?

Айтпақшы, біздің Сәбина қызымызды қытайлықтар неге мақтады дейсіз. Қазақта Сәбинадан өткен керемет сұлулар да жетерлік. Бұл жерде Сәбинаның сұлулығы әңгіме емес, Қытай мемлекетінің қырық миллион еркек жыныстысына қазақтан әйел тауып беру саясаты бүркемеленіп жатыр. «Қазақстанға барсаңдар қыздарын өздері қойындарыңа салып береді» деген үгіт-насихатының жемісін көру үшін қытай еркектеріне жаппай: «Осындай қыздарды қойындарыңа салып жатасың» дегені, қанша бай қытайдың сілекейі шұбырды десеңізші. Сәбинаны қазақ қызының айнасы етіп, көрсетіп отыр. Зардабы, басқа миллиондаған аруларымыз қытай саясатының құрбанына айналады. Шетелдіктердің «қазақ қыздары сұлу, әдемі» деп өтірік мақтағанына биліктегілердің түсінігі жетпегеніне қапалымын. Қай ата-бабамыз өз қыздарын шетелдіктерге көрсетіп мақтанған еді, олар тауар ма еді, мал ма еді? Қазақстанның «бренді»  енді қазақ қыздары болғаны ма? Шетелдіктер солай ойлайды. Олар қазақ қызын не үшін мақтайды? Өз қыздары сонда жаман болғаны ма? Неге қазақ қыздарын өз қыздарынан жоғары қояды? Бұл шын жүректен шыққан шынайы, мейірімді бағалау емес – құйтырқы саясат. Шын ойларын жасырып, «Қазақстанға жұмыс іздеп келдім» деген басқа ұлттың еркектері: қытайлықтар жылмиып, еуропалықтар паңданып, орыстар мүләйімсіп, өзбектер иіліп, қазақ қыз-келіншектерінің жатса жастығы, тоңса көрпесі болып жүрген жоқ па? Өздерін сондай «мейірімді, қайырымды етіп көрсетіп, «сіз» деп сызылып, мейрам сайын гүл беріп, сыйлық әперіп бәйек болып, кірін жуып, үсті- басын жалап отырады. Жүрегі жұмсақ әйел заты; «Қазақтың еркектерінен мынау артық қой, еркек болғасын бәрібір емес пе» деген топас түсінік бойын жайлап, күйеуі бары ажырасып, жігіті бары жігітін тастап, байы жоқтар құлай сүйіп, естерінен танып қалады. Әрине, бәрі емес, біразы. Ауылдағының аузы сасық демекші, қазақ жігіттеріне «Бізді әлем бағалап отыр» деп төбеден оқырая қарап менсінбейтін күйге ұшырайды. «Бөз мата атымен өтеді» демекші, шетелдік еркектерге жезөкше ме, азғындыққа ұшыраған әйел ме, бәрібір. Масқараның басы емес пе? Алла Пугачеваның немересіне күйеуге шығады деген қазақ қызының жайы не болды? Ұлтарақ секілді табанына басып жүрді де, жылуы кеткесін лақтырып тастады. Өкініштісі, БАҚ осы азғындықты мақтап жазып, жарнамалағанда қазақтың қанша қызы сондай атақтының баласына тиюді армандады екен?

ҚАЙТПЕК КЕРЕК?

Франция, Тайланд түскен құрдымға қазақтарды да түсіру айласын қазір әлем бойынша қолға алып отыр. Бір дәлелі, АҚШ-тың Ұлттық география қоғамы әлем халқының анатомиясын, бет-әлпетін, тұлға-тұрпатын, сыр-сымбатын ұзақ жыл зерттеп, ең сұлу халықты анықтапты. Зерттеу 200 елдің тұрғындарын қамтыған екен. Сорымызға қарай... адамзат баласының ең сұлуы – қазақ қыздары екен! Бірақ, қоғам, билік, зиялы қауым, журналист пен саясаткерлер арасында бұл «бағалаудың» астарына үңілуге өресі жететін адам табылмады.

Қазақстанда 2006 жылы гендерлік саясат жөнінде алғашқы заң қабыданып, ол тікелей Елбасының бақылауында қалды. Неге? Ол соншалықты елдің экономикасын көтеретін заң ба еді? Жалпы, гендерлік комиссияның шетелмен біріккен жобалары бойынша 2016 жылы гендерлік саясатқа байланысты заңдардың бәрі қабылданып бітіп, парламент пен атқарушы биліктің елу пайызына әйелдер орнығуы керек болады. Мұның артынан ЛГБТ-ны заңдастарып, бір жыныстыларға некеге тұруға рұқсат беретін заң қабылдау күн тәртібіне қойылса ше?

Жалпы, біз бұл істе жапондарды өзімізге үлгі тұтуымыз керек. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Жапония білім, ғылым, мәдениеттен әлем алдында озық елге айналды. Ұлттық генін сақтап, «жабық есік» саясатын ұстанды. Елге ешкімді, ешқандай еркектерді кіргізбеді. Арысы турист болып келген шетелдіктерді бақылап отырып қайтадан шығарып жібереді. Шетелдіктер; «әлемдегі ең мәдениетті, ең сұлу қыз жапон қыздары» деп әлемге жар салды. Бірақ, ақылды жапондар ондай ақымақ мақтауға алданбады. Салт-дәстүрі, қан тазалығы мен ұлттық генін сақтау арқылы ең үздік елге айналып отыр.

Тоғайбай НҰРМҰРАТҰЛЫ,

ұстаз, ҚР Білім және ғылым министрлігі

Құрмет грамотасының иегері.

 

Abai.kz

0 пікір