Жұма, 19 Сәуір 2024
Тарих 12231 0 пікір 27 Қаңтар, 2015 сағат 10:46

СҮБЕДЕЙ

Сүбедей өмірбаянындағы оқиғалармен келіспеушілік туралы мәселелерге байланысты жазбалар

Сүбедей өмірбаянында кездесетін даулы мәселелер ғылыми зерттеусіз және талдаусыз, олар мәселе күйінде қала бермек.

Сүбедейдің шығу тегі туралы айтатын болсақ, оның шығу тегі бойынша екі генеология бар екенін естен шығармаған жөн. Шығу тегі туралы ғажайып аңыздарға сүйенсек, ол ұста Чжарчиудаяның ұлы мен Чжэлмэнің ағасы деп аталады [4,44]. Монғолдардың Маңызды аңыздарының мәтінінде ол Чаурхан-Субэдэй деп, бірақ, біздің ойымызша бұл екі Джэлмэ ағайындылардың есімдері: Чаурхан мен Сүбедей [9,101] [8,105]. 1206 жылы Джэлмэ, Чаурхан (Чаурхай) мен Сүбедей мыңыншылар ретінде аталған. Юань Ши бойынша: Сүбедей "монғол урянхайларынан" шыққан, Хулухура деген ағасы бар, олардың әкесі Хабал, атасы Хачиун, арғы атасы Бохудук болған, бірақ оны көбі Чжэлима (Джэлмэ) деген лақап атымен атаған. Бохудуктың әкесі Нельбе [2,225-226]. Бірақ бұның ішінде Юань Ши бойынша, Хулухур наймандармен соғыста жүзбасы болған, әуел баста Сүбедей Шыңғысханның гвардиясында қызмет етіп, ал кейін жүзбасы болған [2,226]. Р.П.Храпачевский жазғандай: Сүбедейдің шығу тегі Маңызды Аңыздағы Чжэльмэнің айтқанымен мүлдем сәйкес келмейді. Олар Сүбедеймен тек алыс туыстар болғаны анық. Ал Чжэльмэ мен Сүбедей есімдері бұл обок үшін жай дәстүрлі болған, әсіресе  атышулы Чжэльмэ есіміне қатысты [2,287]. В.А.Злыгостев генеология туралы екі фактіні түсіндіре отырып, Сүбедейдің Джэлмэ және Хулухур есімді ағаларының бар екенін айтып, екі генеологияның бір жағынан дұрыс екенін жазады [1,28].

Бір таңқаларлығы, Юань Шиде Сүбедей өмірі туралы бір-бірін толықтыратын екі жазбаның болуы [2,225-233] [2,241-242].

Рашид ад -Диннің урянкаттар туралы әңгімесінде Сүбедей туралы (екі түрлі адам туралы айтылғандай) екі рет айтылған: "Шыңғысхан заманында бұл урянкат тайпасының үлкен әмірі Джэлмэ-Ухэ болды. Ухэ мағынасы "дөрекі адам" батыр және қарақшыны" білдіреді. Ол осындай қасиеттерге ие болып, осылай аталды. Ол сол екі үш әмірден басқа жоғары ешкім тұрмайтын заманда өмір сүрді. Ол Шыңғысхан заманында қайтыс болды. Оның екі ұлы болды: Есу-Бука-тайшы есімді ұлы әкесінің орнына ие болып, сол жақ қанаттағы әмірлерге тиесілі болды, екіншісі Есун-Бука-тарки [хазарэ] онмыңдыққа ие болып, оң жақ қағанатты иемденді. Сүбедей бахадур да осы тайпаға кірді. Оның ұлдарының бірі- Тимур-Бука-[баурчи]; Тимур-Букидің ұлдары: Байтмыш, Күнджек және Кутлуг-хожа» [7,157-158].

Орман урянкаттары туралы әңгімелерінен кейін Рашид ад-Дин былай жазды: "Бұл Удачи тұқымы негізінде қарапайым құлдар, яғни қыздарын басқаларға бермейді және өздері жат елдің қыздарын алмайды". Джэбэ ноянмен бірге Иранға келген Әмір Сүбедей-бахадүр де урянкат тайпасынан шыққан. Оның Кукуджу есімді оң қағанаттың әмірі болған ұлы бар. Ол Сүбедейден кейін әкесінің орнын иеленді. Оның Урянкатай есімді тағы бір ұлы бар. Менгу каан заманында ол бас әскери қолбасшы болды [лашкаркаш-және бузург]» [7,159].

Әрі қарай 1229 жылы Кокошай мен Сүбедейдің (Қыпшақты, Саксинді, Бұлғарды жаулап алу үшін) батысқа бастаған жорығы қарама-қайшы факті болып отыр [5,86-87]. Әуел баста біз Кокошаяны Куки киятпен теңестіргенбіз [9,109] [8,111]. Бірақ, бұл жерде негізгі қарма- қайшылық мынау болып отыр: 1229 жылы Сүбедей Қыпшақ, Саксин, Бұлғарға қарсы жіберілді, бірақ 1230-1231 жылдары ол Қытаймен соғысуда [10,344-345]. Үгедейдің таққа отыруынан кейін, Сүбедей Тумегань ханшайымға үйленеді және оның 1229 жылы батыс жорығына қатысуы туралы Юань Шиде ештеңе айтылмаған [2,229-230]. Керсінше Юань Ши бойынша 1229 жылы Сүбедей үйленген соң Қытайдағы соғысқа қатысқан. Р.П.Храпачевский Сүбедейдің 1229 жылы қыпшақ жорығына қатысқанын жазғанымен, алайда оның Қытайға қалай тез жеткенін түсіндірмейді [10,339-340]. В.А.Злыгостев 1229 жылы Сүбедейдің Қыпшақ, Саксин және Бұлғарға жіберілгенімен келіседі де, [1,198], бірақ Қытайға келесі жылы оның шақырылғандығын жазады [1, 209]. Қарама-қайшылықсыз нұсқасын табуға әрекеттенген Т.Т.Оллсен екі деректі келтіре отырып, Кокошаймен бірге Сунитайдың жіберілгенін жазады. 1.Юань Ши 1229-1232 жылдардағы Сүбедейдің қатысуымен Қытайда. 2.Джувейнидегі жазбалары мен Рашид ад- Диннің кейбір көшірмелерінде Сунатай [6,356]. Араб графикасында Н мен Б әріптерін (диакретикалық белгілерден айырмашылығы). оңай шатыстырып алуға болатынын бұл жерде айта кеткен жөн. Мысалы, Муизз ал Ансабта Нукай (Ногай) Букы деп аталған [3,42]. Осылайша, бізге Дж.Бойлдың түзетулері негіз сияқты болып отыр. Оның үстіне аталған Сунитайдың өмірбаянын ескерген жөн. Оның Шағатайдың әмірі болған, Сунит тайпасынан шыққан Шағатай кучук деп аталғаны мәлім. Муизз ал Ансабта жазғандай, оның есіміне Шағатай қазасынан кейін тиым салынып, Сунитай есіміне алмастырылды [3,47]. Сол себепті ол 1240 жылдары ғана Сунитай атанды, ал 1229 жылы Шағатай күшік аталған кезде ол ешқандай Сунитай бола алмас еді. Сонымен, 1229 жылы Батыс жорығына Сүбедей жіберілді (оның екінші позицияда айтылуы Кокошайдың қол астында болғандығымен түсіндіріледі). Монғолдардың Маңызды аңыздарында 1235 жылы Сүбедейге көмекке әскер жіберілгені айтылады [2,309]. Бұл жаңдайды одан сайын шырмай түседі. Егер барлық деректерге сенетін болсақ, 1229 жылы Сүбедей Батысқа жіберілген, бірақ бірден Қытайға шақырылып, содан кейін қайтадан Батысқа жіберіліпі, оған 1235-36 жж. көмекке «үлкен ұлдарын» жіберілгені шығады.

Егер барлық деректерді қарастыратын болсақ, Р.П.Храпачевский айтқандай урянкат ұрпағынан екі Сүбедейдің болғандығы туралы негізделген пікір қалыптасады. Төменде біз олар туралы әр түрлі деректерден алынған мәліметтерді бөліп қарастырамыз:

 

 Генеалогия

Сүбедей, Хабаланың ұлы

Сүбедей, Чжарчиудайдың ұлы 

Ағалы-інілер

Хулухур

Джэлмэ, Чаурхан

Балалары

Кукуджу, Урянкатай

Тимур-бука

Шыңғыс ханға қызметінің басы 

Балчжун өзеніндегі шайқас, Хабал бір отар қойды Шыңғыс ханға сыйлыққа апарды.

После расставания с Джамухой.

1206 жыл (атағы)

Кейін ондық болған, Гвардияда қызмет еткен мыңдық емес («аманат-ұл»)

мыңдық.

1229-1235 жылдар 

Кыпшақ, Саксин және Бұлғарға жіберілді  

Тумегань ханшайымға үйленіп, Қытайда соғысуда 

 

Сонымен, жоғарыда айтылғандардың негізінде, біз екі Сүбедейдің болғандығын айта аламыз. Монғолдардың Батысқа жорығына қатысқан Хабаланың ұлы Сүбедейдің атағы, Қытайдағы әскери әрекеттерімен танылған, 1206 жылы мыңбасы болған, Желменің бауыры Сүбедейге қарағанда кеңірек танымал.

 

Жақсылық  СӘБИТОВ.

 

Абай.kz

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Злыгостев В.А. Субэдэй. Всадник покорявший вселенную. Уфа : Дизайн Полиграф Сервис, 2011. 398 с.

2. Золотая Орда в источниках. Том 3. Москва. Наука. 2009. 336 с.

3. История Казахстана в персидских источниках. Том 3 (Муизз ал Ансаб). Алматы. 2006. 672 с.

4. Козин С. А. «Сокровенное сказание монголов»// Чингис-хан и его империя. Алматы. 2006. С. 23-106.

5. Образование Золотой Орды. Улус Джучи Великой Монгольской империи (1207-1266). Источники по истории Золотой Орды. От выделения удела Джучи до начала правления первого суверенного хана. Казань Татарское книжное издательство. 2008. 480 с.

6. Оллсен Т.Т. Прелюдия к западным походам: монгольские военные операции в Волго-Уральском регионе в 1217-1237 гг.// Степи Европы в эпоху средневековья. Том 6. Эпоха Золотой Орды. Ред. А.В. Евглевский. Донецк: Донецкий национальный университет, 2006. C. 351-362.

7. Рашид ад-Дин Сборник Летописей. Том 1. Часть 1. М. 1952. 197 с.

8. Сабитов Ж.М. Монгольская армия в 1206-1259 гг.//Военное дело кочевников Казахстана и сопредельных стран эпохи Средневековья и Нового времени. Астана, 2013. С.96-113

9. Сабитов Ж.М. Монгольская армия в 1206-1259 гг.//Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. 2011. № 1.  С. 86-114.

10. Храпачевский Р.П. Военная держава Чингисхана. серия: Военно-историческая библиотека Москва АСТ ВЗОИ 2004г. 557 с.

0 пікір