Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5495 0 пікір 30 Шілде, 2014 сағат 14:51

"АҢЫЗ АДАМ"-ның Гитлерді басқан саны тәркіленеді

Бүгін, 30 шілде, Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Дастан Алыбаев «Жұлдыздар отбасы, АҢЫЗ АДАМ» журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбайға 15 ең төменгі айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, яғни 27 мың теңге (шамамен 150 доллар), ал басылым құрылтайшысына – 70 АЕК көлемінде (129 мың теңге, немесе 700 доллар) айыппұл салуға шешім шығарды. Сондай-ақ «Азаттық радиосының» жазуынша  сот журналдың биылғы сәуір айындағы Адольф Гитлерге арналған тиражын тәркілеуді ұйғарған. Аталған сот тамыздың бірінде өтуі тиіс болған, бірақ сот отырысының жаңа мерзіміне 10 сағат қалғанда айыпталушыға хабарланған.

Естеріңізге салатын болсақ, Маусымның соңында Алмалы аудандық соты Адольф Гитлер туралы қарама-қайшы мақалалары үшін басылым редакторы Жарылқап Қалыбайды оның үстінен шағымдаған 13 адамға жиыны 13 миллион теңге (71 мың доллар) төлеуге және екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінен жария түрде кешірім сұрауға міндеттеген. Оның алдында әкімшілік сот «тіркеу деректерін көрсетпегені үшін» басылым редакторына 222 мың теңге (шамамен 1200 АҚШ доллары) айыппұл салған болатын.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616