Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Міне, әңгіме! 6601 5 пікір 18 Қазан, 2019 сағат 11:35

«Әлеуметтік көмекпен» алдай бермей, педагогтардың зейнет жасын төмендетсін

Қыс маусымы таяды. Жылыту маусымы басталып та қойды. Ауылды жерде жұмыс жасайтын ұстаздар қауымы жергілікті атқарушы органға мойынын созып бір реттік көмектен дәмелі. ҚР «Білім туралы» заңының 53 бап 2 тармағы бойынша жергілікті «атқарушы», «уәкілетті органдар» тағайындаған қаражаттар да бөліне бастады. Әр жерде сомасы әр қалай. Бұл көмек «білім туралы» заңмен қарастырылған ба десек бұның тағы қосымша заңы тағы бар екен. 

Ол: «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 Заңы екен. Оның 18 бабының 5 тармағы бойынша «Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн» деп басталатын жолдарының кесірінен бұл атаулы көмекті ауылды жерде жұмыс істесе де, тұрса да ұстаздардың көбі ала бермейді. Неге? Бір заң рұқсат беріп, екінші заң тоқтау қойды. Бұл жолдар өкінішке орай жаңа «Педагог мәртебесі» заңына осы мәтінмен кетті. Жергілікті «атқарушы  органның» бұл тағайындаған ақысының көлемі әр жерде әр түрлі бағада, кейбір жерде күлкіні келтіреді. Мазақ қылмай алып тастаған дұрыс шығар.

Енді ұстаздар неге толық ала-алмайтынына тоқталайық. «Білім туралы» заңының 53 бап 1 тармақшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй, оның ішінде қызметтік үй және (немесе) жатақхана» деп әлеуметтік кепілдік берілсе де мұғалімдердің көбі «квартиранттар». Тіпті мұғалімдерге «арналған» тұрғын үй алу туралы бағдарлама да бар екен, бірақ өкінішке орай мұғалімдер хабарсыз. Сонымен «пропискасы» қалада, өзі қаланың шетінде ауылда «квартирант» болып жүрген ұстаздарға бұл атаулы көмек мүлде тимейді десек те болады. Үйсіз жүргені былай тұрсын, «квартирант» бола жүре бұл атаулы көмектен қағылатын болса, оның мөлшері күлкілі жағдайда болса жаңа заң жобасынан алып тастаған дұрыс. Одан да ұстаздардың еңбегіне сай зейнет жасын төмендеткені дұрыс...

Білім туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы

53-бап. Әлеуметтік кепілдіктер

1.Педагог қызметкерлер мынадай:

2. Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлері жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша:

    1) қала жағдайында педагогтік қызметпен айналысатын педагог қызметкерлердің ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтік ставкалар кемінде жиырма бес процентке арттырылып белгіленеді;

    2) коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша белгіленетін мөлшерде бюджет қаражаты есебінен біржолғы ақшалай өтемақы төленеді;

Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 Заңы.

18-бап. Ауылдық аумақтарды дамыту

4. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер жергiлiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың) шешiмi бойынша белгiленуi мүмкiн.

5. Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жергілікті өкiлдi органдар (мәслихаттар) бекіткен тәртіппен және мөлшерде көрсетіледі

Мейіржан Темірбек

«Мұғалім мәртебесі» ҚБ төрағасы

Abai.kz

5 пікір