Жұма, 29 Наурыз 2024
2771 1 пікір 17 Қазан, 2019 сағат 11:44

Қырғыз-қазақ шекарасында 50-ге жақын жүк көлігі кептеліп тұр

Қырғыз-қазақ шекарасында 50 шақты жүк таситын көлік кептеліп тұр. Бұл туралы Азаттыққа Қырғызстанның шекара қызметінің ресми өкілі Гүлмира Бөрібаева мәлімдеді.

Оның айтуынша, өткізу бекеттері әдеттегі режимде жұмыс істеп жатыр.

"Қазір "Ақ-Тилек" бекетінде 50 шақты ауыр жүк таситын көлік шекарада тұр. Қырғыз тараптан ешқандай шектеу жоқ", - дейді мекеме өкілі.

Бөрүбаеваның сөзінше, бұдан өзге шекара бекеттерінде азаматтардың және көліктердің кептілісі байқалмайды.

Екі ел арасындағы шекарада жалпы 12 өткізу бекеті бар, қазір оның сегізі жұмыс істейді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3576