Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 4820 4 пікір 16 Қазан, 2019 сағат 12:57

Ұлтшылдық мінезден жұрдай "тәртіпті" балалар мінбелерге көтеріле бастады

Мәдениет пен өнерге, әдебиет пен руханиятқа бейжай қарауға болмайды.

Аса жауапты тізгінді қолға алу - ел тағдырына да араласу деген сөз.
Шұқшиып тиын санап, қақшиып қырын қарап, зиялы қауымға мойын бұрмасаң, жылы жымиып, жұмсақ сөйлеген зияткерлігіңнен не пайда???
Жіңішке көзілдірікті тұмсыққа іліп, жыртық джинсы киіп, жұқа шарфты жалбырата байлағандар алыс аймақтағы желдің өтінде, аттың жалында, түйенің қомында жүрген қыр қазағының тағдырын қайдан білсін, қайдан ойласын???

Қазақтың күмбір-күмбір күйімен сусындамаған, әуелеген әнінен нәр алмаған, ұлтшылдық мінезден жұрдай, даланың "тар жол, тайғақ кешуінен хабары жоқ, қаланың "тәртіпті" балалар мінбелерге көтеріле бастады.

"Көк қарға көтіне қарамай күмбезге қоныпты" демекші...

Бауыржан Халиолланың facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір