Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
46 - сөз 4495 6 пікір 15 Қазан, 2019 сағат 11:03

Президент мырза, салафизм идеологиясына бүгін тойтарыс бермесек, ертең кеш болады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырза!
Қазақ халқы "тар жол, тайғақ кешудің" сан түрлі қыспағынан өтсе де, өзінің рухани-мәдени құндылығын көзінің қарашығындай сақтап қалған ұлт.
Бүгінде ұлт ретіндегі бірегей болмысымыз бен рухани мұрамызды жоққа шығаратын жалаң қағидаларға негізделген теріс пиғылды діни ағымдар қаптады. Солардың бірі - сәләфизм идеологиясы!

Сәләфизм ұлттық құндылықтарымызды мансұқтайтын жат діни идеология! Отыз жылдың ішінде оның залалын көрдік және бірлігімізге сызат түсіргенін көзі ашық, көкірегі ояу күллі жұрт біліп отыр.
Елде болған бірнеше лаңкестік актілер мен Сирия аттанған қазақтар легі бұл сөзге дәлел.

Ел азаматтары жат діни ағымның идеясының жетегінде жүргендердің күн санап өсуіне алаңдаулы. Біздің руханиятымызға селкеу түсіріп, діни алауыздықты өршітетін теріс идеологияларға бүгін тойтарыс бермесек, ертең кешігіп қаламыз.

Қоғамда дау тудырған осы мәселе бойынша пікіріңізді білдіріп, нақты шешім қабылдайды деп сенеміз! Қоғам сіздің салихалы жауабыңызды күтіп отыр!

Дина Елгезектің facebook парақшасынан

Abai.kz

6 пікір